Оқушылардың жұмыстарын көріп, кемшіліктері мен жетістіктерін айтып салыстырмалы түрде бағалау
3.Жаңа сабақ.
Сабақты «Натюрморт» сөзжұмбағын шешуден бастау.
1.Бейнелеу өнері сабағына қажет құрал.(қарындаш)
2.Суға жақсы еритін бояу.(акварель)
3.Адам келбетін бейнелейтін жанр.(портрет)
4.Киіз үйдің орысша атауы.(юрта)
5.Әшекейлі бұйымдар өңдейтін адам.(зергер)
6.Ермексаз,сазбалшық,металл,тас т.б.материалдардан жасалған көлемді бейне.(мүсін)
7.Алдын-ала жалпылама жасалған сурет.(нобай)
8.Қарындаш,қалам,фломастер т.б.құралдардың көмегімен жасалған жұмыс.(графика)
9.Қазақстанның атақты суретшісі.(Ә.қастеев)
4.Жаңа сабақты түсіндіру.
«Натюрморт»-француз сөзі,дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.
Натюрмортта жеміс-жидектер,гүлдер,тұрмыстық заттар бейнеленеді.Натюрморт бейнеленген картиналардан тыныш бір қалыпты өмір сүретін заттар әлемін көреміз.
Натюрморт алғаш рет 17-ғасыр басында Голландияда п.б. Натюрморт бір немесе бірнеше заттардан құрастырылады. Қазақстанда натюрморт жанрында көп жұмыс жасаған Айща Ғалымбаева.Оның «Дастархан», «Натюрморт», «Гүлдер» т.б.жұмыстары бар.
Слайд. Натюрморттың орындалу кезеңдері.
1. Ең алдымен натюрмортты мұқият бақылап,заттың биіктігі мен енінің арақатынасын анықтап , кескіннің төменгі және жоғары шеттіктерін жіңішке сызықтармен сызамыз. Суреттің оң және сол шеттігін анықтаймыз. Әрбір заттың жалпы пішінін белгілейміз,содан кейін оның пропорциясын анықтап, натюрмортты қағаз бетіне түсіреміз.
2. Түрлі-түсті қарындаш бояумен әрбір затты өзінің түсімен бірқалыпты бояп шығамыз.
3. Қарындашпен жарық пен көлеңкені анықтап белгілеуге кірісеміз.Көлеңкені қою түскен тұсынан бастап бояймыз.Сосын заттардың көлеңкелері мен жартылай көлеңкелерін бояуға көшеміз. Қарындашты қатты бастырмай,түсін біртіндеп қоюландыра отырып саламыз.
5.Практикалық жұмыс.
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу кезінде, сурет салудың 3 кезеңін дұрыс ретін сақтап орыдауын бақылау.
6.Сергіту сәті.
1. Қарыс-қарыс боп,тыста,
Білектей-білектей боп,
Жылыжайда өсер-қыста. (қияр)
2. Көкөніс бұл қалаулы,
Жасамас онсыз палауды. (сәбіз)
3. Оранып көп жапыраққа,
Өсіп жатыр атырапта. (қырыққабат)
4. Алдымен – туратар,
Артынан – жылатар. (пияз)
5. Жер үстінде – сабағы,
Жер астында - тамағы (картоп)
7.Сабақты қорытындылау.
Сабақты сұрақтар қою арқылы қорытындылау.
а) Натюрморт дегеніміз не?
ә)Натюрморт алғаш рет нешінші ғасырда дамыған?
б) Қазақстанның бейнелеу өнеріне алғаш жол салған атақты суретші кім?