Б?л саба? жоспарында " К?згі г?л шо?ы " натюрмортыны? композициясын салуды? ерекшеліктері туралы жазыл?ан. Саба? барысында т?рлі ?діс т?сілдер ?олдан?ан. ?р о?ушыны? жас ерекшеліктеріне сай ескеріліп, т?рлі к?рнекілер ?олданыл?ан. Н?тижесінде о?ушылар "К?згі г?л шо?ыны?" натюрмортын сала алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««К?згі г?л шо?ы» натюрмортыны? композициясы.»
Едрисова Рауза Жылқыбайқызы
Көкшетау қаласының
№10 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:
«Күзгі гүл шоғы» натюрмортының композициясы.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 3-сынып оқулығы, Қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сенің композицияңның сәтті шығуына парақтың өлшемі мен пішімін дұрыс таңдау қаншалықты маңызды екенін білесің. Ол үшін түрлі пішімге бірнеше нобай салып қара. Қандай пішімдерді білетініңді есіңе түсір. Салынған сурет пішіммен қалай байланысып тұр?
Пішіні мен өлшемдері әр түрлі құмыра суретін сал. Олар парақтың пішіміне сәйкес болуы тиіс. Гүл шоқтарының әр түрлі болуын қадағала. Нобайларды мұқият қарап шық. Оларды мүғалім және достарыңмен бірге талқылап, ішіндегі ең жақсысын таңдап ал. Өзіңе үнаған нобайды көшіргі қағаз арқылы бірнеше қайтара салып шық. Олардың әр түрлі түстер гаммасындағы бірнеше нұсқасын жаса. Әрбір нобайдың көңіл күйін анықта. Ол үшін қарама-қарсы немесе жақын түстер гаммасын таңдағаның дұрыс. Сенің гүл шоғыңның көңіл күйі соған байланысты болады.
Мына бірдей екі композиция өр түрлі түстер гаммасында орындалған. Гүл шоқтарының көңіл күйін сипатта. Натюрморттың көңіл күйіне түс қалай өсер ет- кен?
Түсті нобаймен жұмысты аяқтаған соң, композиция- ларды тағы талқыла. Өзіңе ұнаған нұсқаны таңдап ал. Үлкен өлшемді натюрморт жаз. Оны түсті қарындаш, акварель немесе гуашьпен салуға болады.
Кескіндемеші-суретші үшін негізгі әсерлегіш құрал түс екенін білесің. Алайда суретші тек түстің көмегімен ғана әсерлі туындылар жазбайды. Суретші С. Айтбаев дақтың көмегімен түйелерді қалай бейнелегеніне қара. Ол дақты бірде тігінен, бірде көлденең, бірде көлбеу жағады. Бейнебір әсерлі шыгармадагы бейнені суретші дақтардан «қалап» шыққан сияқты.
Ал мына жұмысқа қарасаң, наурыздың тамаша бір күні елестейді. Айнала жарқырап, құлпырып, аяқ астындағы қардың сықырын естігендей боласың. Суретші бұл жұмысын суық және жылы түсті ірі дақтармен салған.
Суретшілер дақтың көмегімен әр түрлі материалдардың үстіңгі бетін - фактурасын береді. Онымен түрлі көңіл күйді көрсетуге болады. Дақ сан алуан - екпінді әрі кең, алымды, қысқа да нәзік, өткір де қуатты бола алады.
С. Айтбаев. Жайлаудағы түйелерИ. Грабаръ. Наурыздағы қар
Үйге тапсырма беру: Гүл шоқтары бейнеленген құмырадағы натюрмортты