kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көпбұрыштар мен шеңбердің аксонометриялық проекциялары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көпбұрыштардың аксонометриялық

                                                 проекцияларын тұрғызуды үйрену,

                                                 шеңбердің аксонометриялық проекциясын

                                                 тұрғызу әдістерін меңгеру;

                                              2.Оқушылардың сызбаны сауатты орындау

                                                 дағдысын қалыптастыру және сызбаның өмірде

                                                 алатын орнын түсіндіру, кеңістікті тану

                                                 қабілеттерін дамыту.

                                              3.Кеңістікті елестете алуға, ұқыптылыққа 

                                                 сызбаны сауатты орындауға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көпбұрыштар мен шеңбердің аксонометриялық проекциялары»

Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштар мен шеңбердің аксонометриялық

проекциялары

Сабақтың мақсаты: 1.Көпбұрыштардың аксонометриялық

проекцияларын тұрғызуды үйрену,

шеңбердің аксонометриялық проекциясын

тұрғызу әдістерін меңгеру;

2.Оқушылардың сызбаны сауатты орындау

дағдысын қалыптастыру және сызбаның өмірде

алатын орнын түсіндіру, кеңістікті тану

қабілеттерін дамыту.

3.Кеңістікті елестете алуға, ұқыптылыққа

сызбаны сауатты орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау, салыстыру

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қималар,геометриялық денелер,

кестелер,тест тапсырмасы

Сабақтың пән аралық байланысы: математика, геометрия, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сынып тазалығын тексеру;

2.Оқушыларды түгендеу;

3.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Өткен сабақты қайталау

1.Аксонометрия дегеніміз не?

2.Аксонометриялық осьтер дегеніміз не?

3.Аксонометриялық проекциялардың түрлерін ата.

4.Изометриядағы және диметриядағы бұрмалану көрсеткішін атаңдар.

III.Үйге берілген тапсырманы жинап алу.

IV.Жаңа тақырыпты меңгеру

Сызбаның адам өміріндегі ролі (оқушылардың пікірі).

Қазіргі заманда әлемде графика адам өмірінің әр саласында маңызды роль атқарады: ғылымда, құрылымдауда, өндірісте, жарнамада, дизайнда, модельдеуде, сәулет және құрылыста.

Конструктор- жобалаушының, автомобиль жөндеушінің, ғимарат, үй және жол құрылысы жөніндегі маманның, кеншінің, автослесарьдың, дәнекерлеушінің, электриктің немесе токарьдың жұмысын сызба мен сұлба жасап, оны оқи алмаусыз, шартты белгілерсіз елестету мүмкін емес. Біз әр сабақта сызудың әдістері мен тәсілдерін меңгеріп, бастапқы мәліметтерді аламыз. Бүгін біз жазық геометриялық фигуралар мен шеңбердің аксонометриясын тұрғызуды үйренеміз.

Геометриялық денені аксонометрияда тұрғызу үшін, оның табанын, яғни, жазық геометриялық фигурасын тұрғыза білу керек. Көпбұрыштарды аксонометрияда тұрғызуды координаттар әдісімен орындауға болады, көпбұрыштың әрбір төбесін аксонометрияда жекелеген нүкте ретінде тұрғызып, содан кейін нүктелерді түзу сызықты кесінділерімен біріктіреді де, тұйықталған көпбұрыш түріндегі сынық сызықты алады.

Дұрыс көпбұрышты тұрғызуды симметрия осінен бастайды. Дұрыс алтыбұрышты изометриялық проекцияда тұрғызу алтыбұрыш жатқан проекция жазықтығындағы ось координаттарына қатысты симметрия осінің орналасуын анықтаудан басталады. Мәселен, 1-6 алтыбұрышы (2.28, а-сурет) ортогональ сызбада П2 жазықтығында жатыр және оның симметрия осьтері z және х осьтеріне параллель орналасады делік. Аксонометрияда хОz жазықтықтарында алтыбұрыштың симметрия осьтерін z және х осьтеріне параллель жүргізеді. Алтыбұрыштың центрін еркін түрде белгілейді, өйткені, фигура төбелерін симмертия осьтеріне қатысты тұрғызу қарастырылады. Алтыбұрыштың ортогональды сызбасында х осіне параллель симметрия осінде 1 және 4 төбелері жатыр, ал, z осінде 23 және 56 қабырғаларының орталары орналасқан. 1 және 4 төбелері мен 23 және 56 қабырғалары араларының қашықтығын эпюрде О нүктелерінен бастап өлшейді.Бұл қашықтықтарды изометрияда О нүктелерінен түсіреді. (2.28, ә-сурет). Төбелері мен қабырғаларының орталарының арақашықтығын ортогональ сызбада өлшеп, тиісінше изометрияға көшіреді. Одан әрі қабырғаларының орталары арқылы изометрияда х осі бағытына параллель түзу сызықтар жүргізеді. Бұл түзулерге алтыбұрыш қабырғаларының тең кесінділері түсіріліп, 2,3,5,6 нүктелерін табады.Белгіленген нүктелерді кесінділермен қосып алтыбұрыштың кескінін алады. 2.30- суретте бұрыс көпбұрышты изометрияда тұрғызу үлгісі көрсетілген. Айырмашылығы, координат осьтерінің біріне параллель база деп аталатын қосымша түзу жүргізіледі.

Тік бұрышты диметриялық проекцияда көпбұрыш тұрғызу тік бұрышты изометриялық проекциядағыдай орындалады, бірақ диметриядағы у осіне параллель кесінділерді осы осьтегі бұрмалау коэффициентін ескере отырып, екі есеге кемітеді. АВС үшбұрышын координаттары бойынша тік бұрышты диметрияда тұрғызылуын қарастырайық. П2- А(45,0,15), В(30,0,45), С(14,0,15). П3-А(0,15,15),В(0,30,45),С(0,45,15).П1-А(15,15,0), В(30,45,0), С(45,15,0). (2.31 а,ә,б-сурет).

Цилиндр тәріздес тесігі бар тетікбөлшектің изометриялық проекциясын сызу.

1.Тетіктің алдыңғы жағынан өткерме тесіктің центрін табады. Табылған центр арқылы изометриялық осьтер жүргізеді. Центрден осьтеріне, кескінделетін шеңбердің радиусына тең кесінділер түсіреді (2.35,а-сурет).

2. Кескінделетін шеңбер диаметріне қабырғалары тең ромб тұрғызады; ромбтың үлкен диагоналын жүргізеді (2.35,ә-сурет).

3.Овалдың үлкен доғаларын орындайды; кіші доғаларының центрлерін табады (2.35,б-сурет).

4.Кіші доғаларды сызады (2.35,в-сурет).

5.Тетікбөлшектің артқы жағындағы екінші овалды сызады және екі овалға жанасу сызықтар жүргізеді (2.35,г-сурет). Тетікбөлшектің көрінетін контурын басып көрсетеді.

Цилиндр тәріздес тесігі бар тетікбөлшектің фронталь диметриялық проекциясын сызу (2.36-сурет).

1.Шеңберсызарды қолданып, бөлшектің алдыңғы жағының сұлбасын түсіреді (2.56,а-сурет).

2.Шеңбер мен доғалардың центрлері арқылы у осіне параллель түзу жүргізеді, оған тетіктің жарты қалыңдығы түсіріледі. Тетікбөлшектің артқы бетінде орналасқан шеңбердің және доғалардың центрлерін табады (2.36,ә-сурет). Осы центрлерден алдыңғы бетте орналасқан өлшемдерге тең өлшемді шеңбер мен доғалар сызады.

3. Доғаларға жанамалар жүргізеді. Артық сызықтарды өшіріп, көрінетін контурын басып шығады (2.36,б-сурет).


V.Практикалық жұмыс

Практикалық жұмысқа берілген деңгейлік тапсырма:

1деңгей -АВС үшбұрышын координаттары бойынша изометрияда және диметрияда тұрғызылуын қарастырады. А(4,3,5,), В(5,2,3), С(1,1,0).

2деңгей-қабырғасы 40мм болатын шаршының диметриясын, диаметрі 40мм болатын шеңбердің изометриясын тұрғызу.

3деңгей- тест сұрақтарына жауап береді.

Жұмыстарын аяқтаған оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.

VI.Оқушылардың жұмыстарын бағалау

Әр оқушы өз жұмысын орындалу деңгейіне қарай өздері бағалайды.


VIII.Сабақты қорытындылау.

1.Овал қандай элементтерден тұрады?

2.Zосі қалай орналасады?

3.Изометриялық және диметриялық проекция осьтері қалай орналасады?

Рефлекция.Сабақ туралы оқушылардың пікірлерімен бөлісу.

-Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды?

-Сабақ қызықты ма, қызықсыз ба?

IX.Үйге тапсырма

5-кестеге қарап, шаршының, үшбұрыштың, трапецияның және алтыбұрыштың изометриялық және диметриялық проекцияларын сызу.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Көпбұрыштар мен шеңбердің аксонометриялық проекциялары

Автор: Тилегенова Гульнара Оралбаевна

Дата: 31.10.2016

Номер свидетельства: 353835


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства