«№ 156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
СЫЗУ
/АШЫҚ САБАҚ/
АКСОНОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯЛАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ САЛУ
ПӘН МҰҒАЛІМІ: Бектұрсынов М. Ж.
2015-2016 оқу жылы
Ашық сабақтың мақсаты:
Білім беруде электронды оқулықтың тиімділігі мен оны қолдануда оқушы белсенділігін, бағалау мен терең білімді меңгертудегі ролін, мазмұнын ашу.
Сызу 9 сынып « » Пән мұғалімі: Бектұрсынов М.Ж.
Сабақ тақырыбы: § 17 Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды алу.
.
Мақсаты: 1. Аксонометриялық проекция ұғымы жайлы түсінік беру. Аксонометриялық проекцияларды алу жолдарын түсіндіру, үйрету және меңгерту.
2. Аксонометриялық проекция жайлы білімін жетілдіру, графикалық
шеберлігін сызба құралдарымен орындай білу іскерлігін
қалыптастыру..
3. Графикалық сауаттылыққа баулу, тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, ауызекі баяндау, түсіндірмелі, демонстрациялау.,
Сабақ типі Аралас сабақ.
Сабақ түрі: Дәстүрлі.
Сабақ көрнекілігі: Кітап суреттемелері 94-99 суреттер, электронды оқулық анимациялық суреттер.
ТСО Графопроектор , эпидиаскоп немесе компьютерлік құрылғылар.
Пайдаланылған
әдебиеттер: Сызба жаттығулары авт. М. М. Ахметжанов, «Сызу» оқулығы
Өтілетін орыны: География немесе мультимедия кабинеті
Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру
кезеңі: 1. оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. /құрал-
жабдық, материалдар, оқулық, жұмыс дәптер т.б./
2. § 16 Тік бұрыштап проекциялау тақырыбын талдау, парта қатарлары бойынша және жекелей оқушыларды тестік жұмыспен бағалау арқылы сабаққа назарын аудару.
Сұрақ-жауап кезеңі:
Сызбада нәрсенің бір проекциясын салу әрқашан жеткілікті ме?
Қандай жағдайда нәрсені үш проекция жазықтықтарына тік бұрыштап проекциялау қолданылады?
Нәрсені үш проекция жазықтығына проекциялау барысында алынатын проекциялар қалай аталады? Бұл жазықтықтар бір-біріне қарағанда қалай орналасулары керек.
ә) Жаңа сабақ:
Негізгі мәселелер бойынша кіріспе:
1. мәселе. Аксонометриялық проекция ?
«Аксонометрия» -грек сөзі «осьтер бойынша салу» мағынасын береді.
Z
Х (ХУ Z- координаттар жүйесі) (ұзындық, ені және биіктік)
Электронды оқулық 25-анимация бойынша түсінік
Дәптермен жұмыс:
Х,У, Z-осьтерді тор параққа түсіре білуге жаттығу.
Тақтамен жұмыс: Демонстрациялау
Үйге қосымша тапсырма . А4- параққа сызып үйрену, сызып келу.
Бекіту кезеңі сұрақ-жауап:
Сендерге қандай аксонометриялық проекциялар белгілі болды? Олардың айырмашылығы неде?
Аксонометрияны салу кезінде осьтерді қандай бұрыштар жасап орналастырады?
Фронталь диметриялық проекцияда сызбаны орындау кезінде аксонометриялық осьтер бойымен қандай өлшемдерді салады?
2. мәселе. Тікбұрышты координаттар жүйесі? 97-99 СУРЕТ б/ша түсіндірме.
Абсцисса-х; ордината-у; алынған сандарды нүктенің координаттары.
Жаңа білімді бекіту: тестік тапсырма бойынша
2-тест 3-тест
1-с, 1-1с,
2-д, 2-4с,
3-3с 3-2с.
Үйге тапсырма: § 17
Уақыт артылған жағдайда
5,6,7,10,12,13-тапсырмалар проекция /сызықтардың қолданылуы/тақырыбына.
Сабақты қорытындылау: Оқушылардың белсенділіктерін жекелей,парта қатары бойынша бағалау, мадақтау.
Бекітемін