kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Конспект открытого урока по черчению: Тіліктер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект урока по черчению включает в себе тему раздела "Сечение. Разрезы". Тема урока "Тіліктер" проводимый в 9 классе.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Конспект открытого урока по черчению: Тіліктер"»

Тақырыбы: “Көрініс пен тілікті біріктіру”


Мақсаты а/ білімділігі: оқушыларға тіліктер мен көріністерді біріктіру жөнінде мағлұмат бере отырып, тіліктер жөнінде білімдерін тереңдету;

б/ дамытушылығы: балаларды жаңа тақырып арқылы және топпен жұмыс жасауға үйретіп, ой-өрісін, білімін дамыту;

в/ тәрбиелігі: сызба мәдениеттілігіне, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: сабақта оқушылар көрініс пен тілікті біріктіріп, ережелерін сақтауға үйренеді.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыстар

Көрнекілігі: оқулық, сызбаға қажетті құралдар, презентация, макеттер мен карточкалар, геомтриялық денелер


Сабақтың барысы

І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру

Геометриялық фигуралардың көмегімен оқушыларды екі топқа бөлу, фигуралар бір біріне тілектер тілейді.


ІІ. Үй жұмысын тексеру. (2 слайд) Сұрақтар:

  • Проекциялардың түрлері

  • Кқрініс дегеніміз не?

  • Қималардың атқаратын қызметі қандай

  • Тілік деген не?

  • Тіліктер қандай болады?


ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.

Көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін біріктіру.

Көптеген тетіктердің пішіні тек көріністерді, фронталь, горизонталь және профиль тіліктерді салумен ғана айқындалады. Сызбада бір мезгілде екі кескінді орындау тиімді емес. Сондықтан кескінді тұтас жіңішке ирек сызықпен бөле отырып, көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін біріктіруге болады. / оқулықта 164-сурет/. Нәрсенің алдыңғы жағындағы элементтің пішінін айқындау үшін тілік пайдаланған, нәрсе симметриялы емес, сондықтан ол тұтас жіңішке ирек сызықпен бөлінген.

Егер симметрия осімен беттесетін контур сызығы тесікте орналасса, сызбада тіліктің үлкен бөлігін көрсетеді. /165-сурет а/

Егер контур сызығы тетіктің сыртқы бетінде орналасса, онда көріністің үлкен бөлігін көрсетеді. /165-сурет ә/ (3 слайд)

1 тапсырма. Топпен жұмыс: бірігіп, берілген көрініс пен тілік сызбаларын жұптастыру. (4 слайд)

Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру

Егер тілік пен көрініс симметриялы болса, онда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіреді, шекарасын штрихпунктир сызықпен жүргізеді. /166-сурет/ (5 слайд)

2 тапсырма Жекелей жұмыс жасау. Қолдарыңдағы макеттердің көрінісін дәптерлеріне сызуға тапсырма беріледі.

Тақтаға оқулықтағы 167 суреттің көрінісін сызып, сызбадағы басты ережелерді орындай отырып, сызбадағы өлшемдерді қою ережесі түсіндіріледі. (6 слайд)

Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру е р е ж е л е р і:

  • Сызбада тілік симметрия осінің оң жағына немесе астына ораласады;

  • Көріністің жартысында нәрсенің ішкі пішіні штрих сызықпен кескінделмейді;

  • Көрініс пен тіліктің жартысымен көрсетілген өлшем сызықтарын осьтен біршама алысырақ жүргізеді және бір жағынан нұсқамамамен шектейді және өлшемді толық көрсетеді.

3 тапсырма сызылған сызбаларындағы көріністің жартысын тілікпен алмастырады. Әр жұп бір бірін тексереді.

Жергілікті тілік Ерекше жағдай. Нәрсенің жекелеген, шектелген жеріндегі ішкі пішінін айқындау үшін пайдаланылады.Сызбада шекарасы тұтас жіңішке ирек сызықпен көрсетіледі. (169 сурет)

4 тапсырма (7 слайд) қатемен жұмыс. Сызбада кеткен қатені топ мүшелерімен ақылдаса отырып, қызылмен сызып көрсету.

ІV. Бекіту. Өзіндік жұмыс. Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру

А-деңгейі – үлестірмелі карточкалар

V. Бағалау (бағалау критерийлері бойынша әр оқушы өз жұмысын бағалайды)

VІ. Үй жұмысы. 32 бөлімді оқып, талдау, 81 беттегі 171 суретке берілген жаттығу жұмысын дәптерге орындау.

Кері байланыс: әр оқушы өз қолындағы фигураға сәйкес стикерді алып, тақтадағы аралдарға жабыстыралды.













Сабақ № 43

Тақырыбы:“Біріктірулер туралы жалпы мәлімет”


Мақсаты. Біріктірулер туралы жалпы мағлұмат беру, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер түрлерімен таныстыру, логикалық және кеңістік ойын дамыту, өздігінен білім алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді айыра алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер,оқулық, сызбаға қажетті құралдар.


Сабақтың барысы


І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру

ІІ. Жаңа тақырып меңгеру.

Бірнеше тетіктерден тұратын бұйымдардың кескіндері және оның сызбалары құрастыру сызбалар деп аталады. Тетікбөлшектердің ажырайтын және ажырамайтын қосылыстары болады. Техникада тетіктердің мынадай қосылыстары қолданады: болттық, шпильдік, шпондық, тойтарып шегелеу, штифтік, пісіру, винттік.

Тетіктерді, олардың құрамына енетін және біріктірілетін элементтерді бүлдіріп алмай, бірнеше рет бөлшектеу мен қайта жинау мүмкін болатын біріктіру ажырайтын біріктіру деп аталады.Бұрандалы біріктіру ( болттық, винттік, бұрамасұқпалы) шлицтік, кілтектік (шпондық), штифтік біріктірулер ажырайтын біріктірулерге жатады.

Шпондық қосылыс

Штифтік қосылыс

Болттық қосылыс Бұрамасұқпалы қосылыс


Бөлшектеуге мүмкін болмайтын және біріктірілген тетіктерді немесе оларды біріктіріп тұрған элементтерді бүлдіріп алу нәтижесінде ғана ажырату мүмкін болатын біріктіру ажырамайтын біріктіру деп аталады. Оған жататындар: тойтарып, дәнекерлеп, пісіріп. желімдеп және тігіп біріктіру 180-суретІІІ. Бекіту. Сұрақ жауаптар

  1. Қандай біріктіру ажырайтын біріктіруге, қандай ажырамайтынға жатады?

  2. Бұранда деген не?

  3. Бұранданың негізгі параметрлері қандай?

  4. Метрлік бұранда қалай белгіленеді?

ІҮ. Өзіндік жұмыс. Біріктірулердің техникалық суретін салу.

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй жұмысы. Техникалық суретін аяқтау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Конспект открытого урока по черчению: Тіліктер"

Автор: Жарболова Куралай Аманкельдыкызы

Дата: 15.03.2017

Номер свидетельства: 400602


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства