?р ?атардан бір о?ушыдан шы?арып геометриялы? денелерді? суреттерін сал?ызу. Келесі бетке к?шкенде геометриялы? денелерден ??рал?ан нотюрморттар берілген ж?не соларды? ?асында дара денелерде бар, солардан нотюрморт ??растырып салады. орындап бол?аннан кейін келесі бетке к?шеміз.
Си?ырлы т?тб?рыш
Б?л бетте т?ртб?рыштар берілген, ?р т?ртб?рыш астында си?ырлы сандар жасырыл?ан, сол сандарды ?р ?атардан бір о?ушыдан шы?ып, луппа ар?ылы ?арайды. ?андай сан к?рінсе, сол санды беттен тауып алып шертіп тапсырма жасырыл?ан бетке к?шеміз, осылайша ?ал?ан екі т?тб?рышты да, ?арап шы?амыз. Беттерге жасырыл?ан денелерді тауып ал?ан ?атарлар, солар бойынша суреттер салады. ж?не сол денелерге ??сас заттарды?да суреттерін салады.
Жал?астырып сал
Б?л бетте басталып салын?ан сызбалар берілген соларды жал?астырып салу керек. Осылайша бірнеше о?ушылар та?та бетіне келіп сурет салады.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "Натюрморт" (Геометриялы? денелерді? суреті)»
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Нәрсеге қарап сурет салу, жарық көлеңке арқылы кеңістікті бере білу. 2. Дамытушылық. Кезеңдер арқылы бейнелеу,сызба сызықтарарқылы бейнені ұқсата білу.Штрих арқылы затқа көлем беру 3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, таза жұмыстар орындауға, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнеріне қажетті құралдар. Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Өз бетімен жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Сурет салу.
Жаңа сабақты бекіту.
Үйге тапсырма
I.Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Бейнелеу өнернің түрлері
Пейзаж деген не?
Композиция деген не?
II.Жаңа сабақты түсіндіру
Бейнелеу өнері алуан түрлі де ,алуан қырлы. 19 ғасырға дейін сәулет, мүсін және живопись өнерінің басты үш түрі болып есептеледі. Ал, 19ғасырдың аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жекее және мүлдем дербес түріне айналды.Соңғы 20жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты. Соның ішінде живопись –бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. «Жанр» -француз сөзі дәл мағынасы түр деген мағынаны береді.Живопись ынадай жанрларға бөлінеді.: натюрморт, пейзаж, портрет, тақырыптық картина. Натюрморт-француз сөзі дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.Натюрморт алғаш рет 17 ғ басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18ғасырда батыста кеңінен дамыды.Әр ғасырда натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар.Қазіргі Қазақстан суретшілерінің көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Т.Тоғысбаев, С.Айтбаев, Ш.Сариев Н. Нұрлыбаев т.б еңбектерін айқын байқай аламыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке арқылы айқындалады.Әр заттың өңінің көмескі не қараңғы болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты. Суреттің өңін айқындағанда затттың ең жарық ,ең қараңғы жағын анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Заттты штрихтауды меншікті көлеңеден бастаған жөн.Сонымен затты штрихтау арқылы заттың көлемін, пішінін, өңін салуда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
.Меншікті көлеңке дегеніміз –заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке.
Жарық деп –табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз.
Жылт дегеніміз- жарықтың аса мол түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр ыдыстарда айқын байқауға болады.
Түспе көлеңке дегеніміз-нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке .
Жартылай көлеңке дегеніміз –заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында пайда болған көлеңке.
Рефлекс дегеніміз-заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында ,артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс.
Натюрморттарды тамашалау – аса бір әсерлі сәт. Олардың бірінде суретші заттың пішінін, түсін, материалдың сұлулығын тамашалауға шақырады. Кез – елген затқа ойлана қарасаң, ол саған көп нәрседен сыр шертеді. Сонда сен суретшінің ойын түсініп, қарапайым заттардың әдемілігін көресің.
Натюрморттың екі түрі бар. Әдемі,сәнді заттарды бейнелейтін натюрморттар. Мұнда заттар өз сапасын, ерекшелігін көрсетеді. Екіншісі заттарды қолданған адамдар жайында сыр шертетін натюрморттар.
III.Шығармашылық тапсырма.
IV. Жаңа сабақты бекіту:
Меншікті көлеңке деген не?
Жылт деген не?
Түспе көлеңке деген не?
Жартылай көлеңке деген не?
Рефлекс деген не?
V.Үйге тапсырма: «Құман мен кесе» натюрмортын бейнелеу.