kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект уроа ИЗО "Пейзаж"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

а) Білімділік:                       Пейзажды?  ?ркендеуі  жайлы  ?ыс?аша

                                                ма?л?мат беру.

?) Дамытушылы?:                Саба? о?ытуды? негізгі  ?рдісін  есте  ?алдыру,

                                            о?ушы  санасына  тере?  сі?іру.

б) Т?рбиелілік:                     Таби?атты  аялау?а  ж?не ?ор?ау?а  баулу; таби?ат с?лулы?ын сезінуге, к?ре білуге ?йрету.


Саба?  т?рі:  Аралас  саба?.

 

Саба?  ?дісі:  С?ра?-жауап,  т?сіндіру,  сурет  салу.
 

??рал-жабды?тар, к?рнекті ??ралдар: Дидактикалы? материал, таби?ат  к?рінісі  бейнеленген  суреттер,  кітаптар, с?зж?мба?,  плакаттар, альбом, ж?й ?алам,т.б.

 

Саба?ты? ?ту барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

1. О?ушылармен  амандасып, т?гелдеу.

2. ??рал - жабды?тарын тексеріп, назарын  саба??а  аудару.

 

Кіріспе  б?лім:

М??алім  с?зі.

Пейзаж жанры жайлы о?ушылар?а т?сіндіремін. 

 Пейзаж – француз с?зі, ландшафты, таби?атты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде ?ытайда, Жапонияда ж?не бас?а шы?ыс елдерінде, сондай-а? Еуропада дамы?ан. Пейзаж ?айсыбір жерлерді жай ?ана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшіні? сезімдері мен ойларын беруді? ?лкен м?мкіндіктері жатыр. Адам ?мірімен салыстырып ?ара?анда таби?ат ?мірі м??гілік сия?ты болып к?рінеді. Пейзаж ?нері де ?р алуан. Кейбір пейзаждар таби?атты? ?мірде бар на?ты к?рінісін бейнелесе, енді біреулері суретшіні? ?иялынан туады. Ондай шы?армаларды? б?рінде де суретшілер таби?атты? мінез - ??л?ын  айнытпай  беруге  тырысады.

 Пейзаж жеке жанр ретінде портреттен ана??рлым кешірек ?алыптасты. Алайда ал?аш?ы адамдарды? жартастар?а сал?ан ?рнектерінен оларды? тірі таби?ат элементтерін бейнелеудегі  ал?аш  талпыныстарын бай?ау?а болады. Белгісіз суретшілер балы?тары бар ?зенді, к?стар ?алы?та?ан аспанды, жа?алауда?ы а?аштарды бейнелеген. Біра? жартастардас суреттерді?  б?рі  схемалы  т?рде болды. Біртіндеп пейзаж на?тылана т?седі. Ол жеке-дара ?алыптаспаса да, мысалы, Египет мазарлы ?абыр?аларында?ы сурет сия?ты ?демі фон болып ?ала берді. К?не Римде ?й ?абыр?алары суреттермен ?шекейленген. ?абыр?аларда?ы суреттер ??дайлар мен батырларды? ерлік істерінен хабар береді.

    Еуропаны? ертедегі суретшілері пейзажды тек орта ?асырда ?ана ?з шы?армаларына енгізген. Біра? оларда сызы?ты? перспектива болма?ан. Керісінше, к?бінесе алыста?ы заттар алды??ы ?атарда?ылардан ?лкен етіп бейнеленген. Ертедегі суретшілерді? б?л т?сілі - кері перспектива деген ат?а ие бол?ан. Оны Шы?ыс шеберлеріні? е?бектерінен де бай?ау?а болады. Алайда XVI ?асырдан бастап  пейзаж?а деген к?з?арас ?згере бастады. Еуропа суретшілері б?л кезде перспектива за?дарын біраз ме?герді. Олар пейзажда?ы жары?ты? р?лін м??ият зерттеуге кірісті. Картиналарда жары? пен к?ле?ке пайда бола бастады. XVII ?асырды? ая?ында пейзаж жеке жанр?а айналды. Біра? ал?аш?ы пейзажшы - суретшілер ?лі де ?з шы?армаларын ашы? аспан аясында - пленэрде жазбады. Олар таби?ат аясында ?арындашпен долбар суреттер салып алып, артынан студияда ж?мыстарын бояумен ая?та?ан. Б?л т?сілмен орындал?ан ж?мыстарда т?стер палитрасы таби?атта?ы бояулар мен жары?ты? ??былуын д?л к?рсете ал?ан. Олар тек затты? ?зіне т?н т?сін ?ана бере білді. Мысалы; жасыл  ш?п, аспан к?к, б?лттар а? т?сті. Б??ан та??алатын еште?е жо?, ?йткені пейзажда?ы т?стер натура?а ?арап емес, ?а?аз?а есте са?тау бойынша т?сірілген болатын. Ал фран?уз суретшісі Клод Лоррен белгілі бір мезгілге т?н т?стік байланыстарды  к?рсететін таби?атты бейнелеп, «Т?улікті? т?рт мезгілі» ж?не «Жылды? т?рт мезгілі» деген атпен пейзаж циклдерін салды.

    XIX ?асырды? ая?ында француз суретшілері ашы? таби?ат аясында отырып пейзаж жаза бастады. ?рине, б?л таби?ат к?ріністерін ба?ылауды? ж?не аспан астында?ы ?р алуан ??былыстарды талдауды? н?тижесі. Жары? жа?а кескіндеме ?неріні? негізгі элементіне айналды. Таби?атты тікелей тамашалап, т?стерді? ?згеше т?старын к?рсете отырып, суретшілер ?з ж?мыстарында ерекше ?серлілікке, жа?ашылды??а ?ол жеткізді. Суретшілер т?стер мен ре?дерді? байлы?ын, т?стер мен жары?ты? ??былуын, сонымен ?атар ?здеріні? сал?ан ?серін к?рсетуге ?мтылды.

Живопись орындалу ерекшелігіне ?арай бірнеше жанр?а б?лінеді. Живопись ?неріні? пейзаж жанрына то?таламыз. К?з алдымыз?а к?з мезгілін елестету. К?зде ?андай ?згерістер болады:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект уроа ИЗО "Пейзаж" »


Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы, Асықата кенті

«Жеңіс» мектеп – гимназия»

коммуналдық мемелекеттік мекемесі

Садықбекова Айгерім Дарханқызы

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі





Сабақтың тақырыбы:

«Пейзаждың өркендеу тарихы».


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Пейзаждың өркендеуі жайлы қысқаша

мағлұмат беру.

ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.

б) Тәрбиелілік: Табиғатты аялауға және қорғауға баулу; табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету.


Сабақ түрі: Аралас сабақ.


Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, сурет салу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық материал, табиғат көрінісі бейнеленген суреттер, кітаптар, сөзжұмбақ, плакаттар, альбом, жәй қалам,т.б.


Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

2. Құрал - жабдықтарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.


Кіріспе бөлім:

Мұғалім сөзі.

Пейзаж жанры жайлы оқушыларға түсіндіремін.

Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез - құлқын айнытпай беруге тырысады.

Пейзаж жеке жанр ретінде портреттен анағұрлым кешірек қалыптасты. Алайда алғашқы адамдардың жартастарға салған өрнектерінен олардың тірі табиғат элементтерін бейнелеудегі алғаш талпыныстарын байқауға болады. Белгісіз суретшілер балықтары бар өзенді, кұстар қалықтаған аспанды, жағалаудағы ағаштарды бейнелеген. Бірақ жартастардас суреттердің бәрі схемалы түрде болды. Біртіндеп пейзаж нақтылана түседі. Ол жеке-дара қалыптаспаса да, мысалы, Египет мазарлы қабырғаларындағы сурет сияқты әдемі фон болып қала берді. Көне Римде үй қабырғалары суреттермен әшекейленген. Қабырғалардағы суреттер құдайлар мен батырлардың ерлік істерінен хабар береді.

Еуропаның ертедегі суретшілері пейзажды тек орта ғасырда ғана өз шығармаларына енгізген. Бірақ оларда сызықтық перспектива болмаған. Керісінше, көбінесе алыстағы заттар алдыңғы қатардағылардан үлкен етіп бейнеленген. Ертедегі суретшілердің бұл тәсілі - кері перспектива деген атқа ие болған. Оны Шығыс шеберлерінің еңбектерінен де байқауға болады. Алайда XVI ғасырдан бастап пейзажға деген көзқарас өзгере бастады. Еуропа суретшілері бұл кезде перспектива заңдарын біраз меңгерді. Олар пейзаждағы жарықтың рөлін мұқият зерттеуге кірісті. Картиналарда жарық пен көлеңке пайда бола бастады. XVII ғасырдың аяғында пейзаж жеке жанрға айналды. Бірақ алғашқы пейзажшы - суретшілер әлі де өз шығармаларын ашық аспан аясында - пленэрде жазбады. Олар табиғат аясында қарындашпен долбар суреттер салып алып, артынан студияда жұмыстарын бояумен аяқтаған. Бұл тәсілмен орындалған жұмыстарда түстер палитрасы табиғаттағы бояулар мен жарықтың құбылуын дәл көрсете алған. Олар тек заттың өзіне тән түсін ғана бере білді. Мысалы; жасыл шөп, аспан көк, бұлттар ақ түсті. Бұған таңғалатын ештеңе жоқ, өйткені пейзаждағы түстер натураға қарап емес, қағазға есте сақтау бойынша түсірілген болатын. Ал франңуз суретшісі Клод Лоррен белгілі бір мезгілге тән түстік байланыстарды көрсететін табиғатты бейнелеп, «Тәуліктің төрт мезгілі» және «Жылдың төрт мезгілі» деген атпен пейзаж циклдерін салды.

XIX ғасырдың аяғында француз суретшілері ашық табиғат аясында отырып пейзаж жаза бастады. Әрине, бұл табиғат көріністерін бақылаудың және аспан астындағы әр алуан құбылыстарды талдаудың нәтижесі. Жарық жаңа кескіндеме өнерінің негізгі элементіне айналды. Табиғатты тікелей тамашалап, түстердің өзгеше тұстарын көрсете отырып, суретшілер өз жұмыстарында ерекше әсерлілікке, жаңашылдыққа қол жеткізді. Суретшілер түстер мен реңдердің байлығын, түстер мен жарықтың құбылуын, сонымен қатар өздерінің салған әсерін көрсетуге ұмтылды.

Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді. Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз. Көз алдымызға күз мезгілін елестету. Күзде қандай өзгерістер болады:

  • Күн суытады

  • Егін жиналады.

  • Ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі

  • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Ал енді балалар бүгі біз 4 «Д» сынып оқушылары арасында өтетін «Пейзаж» тақырыбына өтетін сайысымызды тамашалаңыздар.

Ең алдымен оқушылар үш топқа бөлінеміз. Қолдарыңа берілген суреттер бойынша «Күз», «Қыс», «Көктем» тобына бөлініп, жайғасыздар. Өздеріңіз топтарыңызбен ақылдасып, топ басшысын сайлайсыздар.

Оқушылар енді біз сіздермен жылулық шеңберін құрайық.


Армысың, шапағатты күніміз!

Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, табиғат анамыз!

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.


Сіздерге сәттілік тілеп, ойынымыздың шарттарымен таныстырып, өтейін.

  1. Топпен жұмыс.

  2. Мозайка.

  3. Кім жылдам?

  4. Ойлан тап.

  5. Сергіту сәті.

  6. Қылқалам шебері.

  7. Қорытынды.

  8. Үйге тапсырма.


        1. Топпен жұмыс.

Бұл ойнымызда оқушылар сендерге мен ақ қағаз беремін. Сендер топтарыңмен бірге бейнелеу өнерінің түрлерін жазып бересіздер.

















        1. Мозайка.

Бұл ойынымызда шарты, сендерге мен кесілген суреттер беремін. Сендер сол суреттердің ішінен бір мезгілдің суреттін дұрыс құрастырып, қай мезгілге жататынын ажыратып бересіңдер, және де сол мезгілге қажетті заттар немесе киімдерді жандарына бейнелеп бересіңдер.


        1. Кім жылдам?

Оқушылар әр топқа үш сұрақтан қойамын. Топтарыңмен бірлесіп, ақылдасып жауап бересіңдер. Топ басшы бағалп отырады.

«Күз» тобының сұрақтары.

Сәндік әшекей бұйымдарды кім жасайды? (Зергер)

Суға тез еритін бояу. (Акварель)

Ғимараттар мен үйлерді салу өнері. (Сәулет өнері)

Жылдам жүгіртіп салынатын сурет. (Нобай)

«Қыс» тобының сұрақтары.

Ермексаз бен сазбалшықтан жасау өнері. (Мүсін)

Ақ, қара штрихтармен салынған сурет.(Графика)

Өлі табиғат ұғымын білдіретін жанр. (Натюрморт)

Жобалық сурет. (Эскиз)

«Көктем» тобының сұрақтары.

Негізгі үш түсті атап бер. (Қызыл, көк, сары)

Түстер ерекшелігіне қарай екіге бөлінеді, атап бер. (Жылы және суық)

Матаға бояумен салынған сурет. (Батик)

Адам келбетін бейнелеу. (Портрет)



        1. Ойлан тап.

Бұл ойнымызда оқушылар мен сендерге таблица сызылған қағаз беремін. Сендер дұрыс жауаптарын тауып, әріптермен көрсетесіңдер. Топ басшы өздерінің тобындағы дұрыс жауап берген оқушыларға баға қойып отырады.


«Күз» тобы


а)


Натюрморт


б


Аңыз-әңгімелер, ертегілерге

байланысты салынған суреттер.

ә)

Тұрмыстық жанр


а



Француз сөзі.

Қазақша жансыз зөттарды

бейнелеу дегенді білдіреді.


б)



Мифтік жанр

ә


Әр халықтың

тұрмыс – тіршілігін бейнелеу.



«Қыс» тобы


а)


Маринистік жанр

б

Соғыс тақырыбына салынған суреттер.

ә)

Портрет

а

Орыстың “море” сөзінен шыққан.

өзен, көл, теңіз көріністерін бейнелеу.


б)

Батальдық жанр

ә


Адам келбетін бейнелеп салу.



«Көктем» тобы


а)


Пейзаж

б

Тарихта болған

оқиғаларды көркем бейнелеу.

ә)

Анималистік жанр

а

Француз сөзі. Қазақша

қоршаған ортаны, табиғат көрінісін

бейнелеу түрде көрсетуді білдіреді.


б)


Тарихи жанр

ә

Жан-жануарларды,

аң - құстарды бейнелеу.

        1. Сергіту сәті. Оқушылар шаршадыңдар ма? Онда келіңдер бірге сергіту жаттығуын жасап алайық. Бүгінгі тақырыбымыз табиғат көрінісі болғандықтан, табиғат құбылыстарының дауысын салып көрейік.

Күз келді.

Жапырақтар сықырлап, түсіп жатыр.

Жаңбыр жауды.

Қыс келді.

Қар жауды.

Боран соқты.

Көктем келді.

Күн шықты.

Ағаштар бүршік жарды.


        1. Қылқалам шебері.

Ал, енді оқушылар сендерге барлықтарыңа боялмаған сурет беремін. Сендер сол суреттеріңді дұрыс бояп, қай мезгілге жататынын айтып бересіңдер.


Қорытынды: Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

Оқушылар бүгін барлығың сабаққа өте жақсы қатыстыңар, рахмет. Сендерге сабақ қызықты өтті ме және ұнады ма? Нені үйрендіңдер? Бағалау.


Үйге тапсырма беру: Күз көрінісін бейнелеп келу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Конспект уроа ИЗО "Пейзаж"

Автор: Садыкбекова Айгерим Дархановна

Дата: 05.11.2014

Номер свидетельства: 126680


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства