(оқушылар үш түрлі көбелектерді алады, түстердің символдық мәнін айтып, үш топқа бөлініп, үш түрлі гүлдерге барып қонады.
1. Жалпы әрбір күнді ҚР Әнұранымен бастаймыз.
Туған жердің қорғайтын әрбір талын,
Әнұранмен қарсы алған әрбір таңын.
Құрметтейтін, тіпті, оның көбелегін,
Біз боламыз, О, Отан, жас Ұланың!
Оқушылар мемлекеттік әнұранды орындайды.
2. Оқушыларды түгендей, үй тапсырмасын тексеру.
(оқушыларға "көктем" туралы тақпақ жаттап келу тапсырылды).
Кіріспе сөз: Балалар менің қолымнан не көріп отырсыздар? (көбелек), ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: "Көбелек суретін салу", және де осы көбелек әртүрлі тапсырмаларымен бүгінгі сабағымызды өткізеді.
3. Қызығушылықты ояту.
- Міне, балалар, біз әр таңымызды осылайша әнұранмен қарсы аламыз, сүйікті Отанымыздың көк байрағы шұғылалы күн аясында желбірейді. Міне, арайлап тағы бір таң атты, айналаға көз салайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- қыс, қыстың соңғы айы, ақпан.
-Қыс мезгілінен кейін, қандай мезгіл кележатқан?
-көктем.
- Олай болса, көктем туралы тақпақтар айтайық.
( Бірнеше балаға тақпақ айтқызу).
II. Ой шақыру.
«Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?» деген сұрақ бойынша топтастыру әдісін пайдаланып, білгендерін қағазға түсіру.
Балалар, енді осы әсем табиғат аясында серуендеп қайтайық,- деп оқушыларға жаяу жүрудің денсаулыққа пайдалы екендігін түсіндіремін.
Сергіту сәті: Шулы жерден шырақтап,
Орман, тауға барамыз.
Жайнап тұрған қырлардан,
Гүлдер теріп аламыз.
- Міне, балалар, біз табиғат аясына да келіп жеттік, көктемгі табиғатты тамашалайық, - деп тақтаны ашқан сәтте көктем мезгілін бейнелейтін сурет, қызыл-жасыл шоп-гүлдер, күн шығады.
Көбелек түрлері. Көбелек түрлері туралы қысқаша мағлұмат беру, тақтада көбелектің суретін салу жолдарын сызып көрсетіп, түсіндіру.
IV.Көбелектің тапсырмасы: әр топқа плакат және көбелекті салу үшін шаблондар таратамын, плакатқа алдын ала салынған көктем суреті, енді осы гүлдерге көбелектердің суретін салып қондырулары тапсырылады.Әр топтан бір көбелектің суреті тақтаға ілінеді.
( жай қарындашпен көбелектің жобасын салу, түрлі-түсті қарындашпен немесе фломастермен бояу).
Әр топтан бір оқушы шығып, өздері салып, бояған суреттері жайлы түсінік береді.
Мысалы, мына гүл сары болғандықтан, біз бұл көбелекті сары түспен боядық, мына гүлге көбелекті қондырмадық, оның нәрі қалмапты немесе бұл көбелек басқа гүлге қону үшін ұшып барады деген сияқты.
V. Ой-толғаныс, көбелектің тапсырмасы:
«Гүл және көбелек» Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
Гүл Көбелек
Балалар әуелі гүлдерге тән қасиетті, содан кейін көбелекке тән қасиетті шеңберге жазады. Екі шеңбер ортасына екеуіне тән қасиеттер жазылады.
VI. Көбелектің тапсырмасы:
Бұдан кейін 5 жолды өлең жазу тапсырылады.
Не? Көбелек.
Қандай? Әдемі, тынымсыз.
Не істейді? Гүлден-гүлге қонады.
Не үшін? Гүлдің нәрін сорады.
Жалпы ойды түйіндеу – көбелек туралы өлең шықты.
Үйге тапсырма:
Өздері қалағанша көбелек пен гүлдер, көктем көрінісін салу.
Сабақ соңында үлгілі қатысып отырған балалар бағаланып, кейбіреулерін ауызша мадақтау.