kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ХІХ ?асырда?ы ?аза? ?нері

Нажмите, чтобы узнать подробности

ХІХ ?АСЫРДА?Ы ?АЗА? ?НЕРІ

БЕЙНЕЛЕУ ?НЕРІ

Ресейді? о?т?стік-шы?ысы ?немі ?алымдар мен суретшілерді?, саяхатшыларды? к??ілін аударды. ?аза?стан Ресейге ?осыл?аннан кейін б?л м?селе мемлекеттік де?гейге к?терілді. ?аза?станны? байыр?ы ?нертанушыларыны? бірі Н.С.Мухинні? деректері бойынша революция?а дейін ж?не ке?ес ?кіметіні? ал?аш?ы жылдарында ?аза?стан?а ?ылыми, барлау экспедицияларымен, жеке ма?саттармен 1664 суретші келген. Оларды? к?бі Ресей, Еуропа арнаулы о?у орындарынан білім ал?андар болатын. ?аза? жерлерін, таби?и байлы?тарын, д?ст?рлі м?дениетін зерттеуде ?аза?станны? т?рлі айма?тарына бір?атар ?ылыми-зерттеу экспедицияларын жаса?та?ан орыс географиялы? ?о?амы ?лкен роль ат?арды. Осындай ?рбір экспедицияда суретші географтар болып, к?ргендерін т?сіріп алып отырды. Суретшілер дала?а ?рт?рлі жолдармен, ?рт?рлі ма?саттармен келді. А?ылшын суретшісі Джон Кестль немесе академиялы? сурет салушы Петр Григорьев ?ылыми экспдициялармен келді, ал Андрей Горонович мемлекеттік ?ызметке, Василий Штернберг ?она??а келді, Тарас Шевченко мен Бронислав Залесский айдауда болды, Василий Верещагин ?скери жоры??а ?атысты, В.Белослюдов пен Г.Гуркиндер ?аза? ??іріне ?атынасты ?ызы?ты этнографиялы? материалдар жинады, Павел Кузнецов сия?тылар ?йлесім мен тазалы? іздеп таби?атпен кірігіп кету ма?сатында келді.Орыс, Еуропа ?неріндегі ?аза? та?ырыбыны? бірінші кезе?іне суретші-топографтар мен саяхатшыларды? суреттері мен гравюралары жатады. Б?лар Т.Аткинсонны?, И.Клапротты?, Е.Корнеевті?, В.Штернберг, А.Чернышев, А.Гороновичті? ж?мыстары. Оларды? сюжеттері еуропалы?тарды? к?з?арастары бойынша ерекше к?зге т?сетін бие сауу, б?ркітпен а? аулау, киіз ?й интерьері мен онда?ы т?р?ындар, ?лтты? салттар мен ?дет-??рыптар сия?ты ?аза?тарды? к?нделікті т?рмысыны? к?ріністері болатын ?.?астеев атында?ы Мемлекеттік ?нер м?ражайында Верещагинні? «Лепсинс ал?абын ?орша?ан таулар» («Горы, окружающие Лепсинскую долину» атты ша?ын этюды са?таулы. Ашы? к?к аспан астында?ы ?ызыл таулар, ысты? ауа са?ымына сі?іп бара жат?ан т?йелер керуені – б?л мотив суретшіні экзотикалы? сипатымен, ?зіндік ерекшелігімен тартты. Шо?ан У?лихановты? (1835–1865) к?ркемдік м?расы оны? ?ылыми ж?мыстарымен ?атар ?аза? м?дениетінде ерекше орын алады. Абылай ханнан бастау алатын белгілі ?улетті? ?кілі Ш.У?лиханов орыс ?скеріні? офицері, тарихшы этнограф болады. Оны? суреттері жылдам, же?іл сызы?тармен салын?ан. Оларды? бейнелілігі ?ткір мінездемелерді? д?лдігі мен поэтикалы? к??іл-к?йінен туындайды. Шо?анны? ал?аш?ы ж?мыстарынан 1850 жылы салын?ан екі сурет са?тал?ан. Оларды? бірі – «Ша?ырымды? ба?аналы пейзаж» ?арындашпен, тушпен салын?ан. ?немді, ?аты??ы сурет. Ке? жайыл?ан дала мен биік аспан к?мбезіні? ?йлесімі д?л берілген. Суретші к?зіні? ?ткірлігі, бай?а?ышты?ы б?л суреттен ай?ын к?рінеді, жылдам сызбада дала пейзажы н?зік д?лдікпен берілген. Б?талы тау етегінде орналас?ан ауыл, алыс?а ?за?ан жазы? дала бейнеленген. Жалпы к?рініс ?арындашты? ?шпа сызы?тарымен берілген, ауыл ??рылыстары: а?аш ?йлер, мешіт, киіз ?йлер м??ият салын?ан. Пейзажды адамдар мен жануарлар суреттері жандандырып т?р. Сурет ?немді, ?шпа сипатты бол?анмен, Ш.У?лихановты? ту?ан ауылы мен сол жер таби?атынан ай?ын к?ріністер береді.У?лихановты? кейінгі ж?мыстарына «Террассалы ?йшік» «Домик с террасой» акварелі жатады. Сол кездегі Верный ?аласына т?н жайда? шатырлы, ш?п ?скен аула?а шы?атын террасалы ?й бейнеленген. ?йді? ма?ында мол б?та?тары жайыл?ан к?рі а?аш. Ысты? талт?с, айнала т?гел м?лгіп т?р. Сар?ыш ?а?аз?а а?, ?ара бояулармен салын?ан сурет У?лихановты? пейзажды? ж?мыстарыны? ?здік ?лгілеріні? ?атарына жатады. ХІХ ?асырды? ортасында Орталы? Азияда орысты? к?птеген маман суретшілері ж?мыс істеді. Б?лар П.Бабиков, Чередеев, Б.Залесский, О.Бутаков, кейінірек Л.Буре, С.Юдин, В.Плотников, та?ы бас?алар. Оларды? ж?мыстары дала ?міріні? ?ырларын ?зінше ашады. Орыс интеллигенциясыны? дала ?лемімен бірте-бірте танысуы та?ырыптарыны? ке?еюінен, суретшілерді? б?тен м?дениетті? ?зіндік ерекшеліктеріне бойлай бастауынан, оны т?сініп ?нерде к?рсетуіне тырысуынан бай?алады. ?скери топограф Чередеевті? ж?мыстары ар?ылы ?аза? хал?ыны? музыка, би, поэтикалы? м?дениетін ?стаушылар жайлы хабар алу?а болады. Б?л акварельдер Бас??нша? к?ліні? айналасын зерттеген ?ылыми экспедиция?а ?атыс?ан кезінде салын?ан. Б?ларды? ішінде сыбыз?ы тартып отыр?ан хан – музыкант Шигені?, ?нші ??дай??ловты?, биші Яшахты? портреттері бар. Бала?, техникалы? шеберлігі шамалы сурет, к??гірт к??ілсіз колорит, маман ?нерпаз ?олта?басыны? жо?ты?ы б?л ж?мыстарды? ?арапайым ?нерді? ?ызы?ты ?лгісі болуына кедергі жасамайды. ?аза? та?ырыбыны? орыс ?неріндегі дамуында Павел Кузнецовты? (1878–1968) «?ыр?ыз сюиталары» ж?мысы ерекше ма?ызды орын алады. М?нда суретшіні? даланы тере? т?сінгені к?рінеді. Ол ?аза?тарды? д?ниетанымды?, ?мірлік д?ст?рлеріні? барлы? ?ырларын, философиясын ментальды? т?р?ыдан ??ынып, ?з шы?армаларында к?рсетті.П.Кузнецов ж?мыстарында к?шпелілер ?лемі м??гі, к?не, сонымен ?атар жас ?лем ретінде берілген. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ХІХ ?асырда?ы ?аза? ?нері »

ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨНЕРІ


БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

Ресейдің оңтүстік-шығысы үнемі ғалымдар мен суретшілердің, саяхатшылардың көңілін аударды. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін бұл мәселе мемлекеттік деңгейге көтерілді. Қазақстанның байырғы өнертанушыларының бірі Н.С.Мухиннің деректері бойынша революцияға дейін және кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстанға ғылыми, барлау экспедицияларымен, жеке мақсаттармен 1664 суретші келген. Олардың көбі Ресей, Еуропа арнаулы оқу орындарынан білім алғандар болатын. Қазақ жерлерін, табиғи байлықтарын, дәстүрлі мәдениетін зерттеуде Қазақстанның түрлі аймақтарына бірқатар ғылыми-зерттеу экспедицияларын жасақтаған орыс географиялық қоғамы үлкен роль атқарды. Осындай әрбір экспедицияда суретші географтар болып, көргендерін түсіріп алып отырды. Суретшілер далаға әртүрлі жолдармен, әртүрлі мақсаттармен келді. Ағылшын суретшісі Джон Кестль немесе академиялық сурет салушы Петр Григорьев ғылыми экспдициялармен келді, ал Андрей Горонович мемлекеттік қызметке, Василий Штернберг қонаққа келді, Тарас Шевченко мен Бронислав Залесский айдауда болды, Василий Верещагин әскери жорыққа қатысты, В.Белослюдов пен Г.Гуркиндер қазақ өңіріне қатынасты қызықты этнографиялық материалдар жинады, Павел Кузнецов сияқтылар үйлесім мен тазалық іздеп табиғатпен кірігіп кету мақсатында келді.Орыс, Еуропа өнеріндегі қазақ тақырыбының бірінші кезеңіне суретші-топографтар мен саяхатшылардың суреттері мен гравюралары жатады. Бұлар Т.Аткинсонның, И.Клапроттың, Е.Корнеевтің, В.Штернберг, А.Чернышев, А.Гороновичтің жұмыстары. Олардың сюжеттері еуропалықтардың көзқарастары бойынша ерекше көзге түсетін бие сауу, бүркітпен аң аулау, киіз үй интерьері мен ондағы тұрғындар, ұлттық салттар мен әдет-ғұрыптар сияқты қазақтардың күнделікті тұрмысының көріністері болатын Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Верещагиннің «Лепсинс алқабын қоршаған таулар» («Горы, окружающие Лепсинскую долину» атты шағын этюды сақтаулы. Ашық көк аспан астындағы қызыл таулар, ыстық ауа сағымына сіңіп бара жатқан түйелер керуені – бұл мотив суретшіні экзотикалық сипатымен, өзіндік ерекшелігімен тартты. Шоқан Уәлихановтың (1835–1865) көркемдік мұрасы оның ғылыми жұмыстарымен қатар қазақ мәдениетінде ерекше орын алады. Абылай ханнан бастау алатын белгілі әулеттің өкілі Ш.Уәлиханов орыс әскерінің офицері, тарихшы этнограф болады. Оның суреттері жылдам, жеңіл сызықтармен салынған. Олардың бейнелілігі өткір мінездемелердің дәлдігі мен поэтикалық көңіл-күйінен туындайды. Шоқанның алғашқы жұмыстарынан 1850 жылы салынған екі сурет сақталған. Олардың бірі – «Шақырымдық бағаналы пейзаж» қарындашпен, тушпен салынған. Үнемді, қатыңқы сурет. Кең жайылған дала мен биік аспан күмбезінің үйлесімі дәл берілген. Суретші көзінің өткірлігі, байқағыштығы бұл суреттен айқын көрінеді, жылдам сызбада дала пейзажы нәзік дәлдікпен берілген. Бұталы тау етегінде орналасқан ауыл, алысқа ұзаған жазық дала бейнеленген. Жалпы көрініс қарындаштың ұшпа сызықтарымен берілген, ауыл құрылыстары: ағаш үйлер, мешіт, киіз үйлер мұқият салынған. Пейзажды адамдар мен жануарлар суреттері жандандырып тұр. Сурет үнемді, ұшпа сипатты болғанмен, Ш.Уәлихановтың туған ауылы мен сол жер табиғатынан айқын көріністер береді.Уәлихановтың кейінгі жұмыстарына «Террассалы үйшік» «Домик с террасой» акварелі жатады. Сол кездегі Верный қаласына тән жайдақ шатырлы, шөп өскен аулаға шығатын террасалы үй бейнеленген. Үйдің маңында мол бұтақтары жайылған кәрі ағаш. Ыстық талтүс, айнала түгел мүлгіп тұр. Сарғыш қағазға ақ, қара бояулармен салынған сурет Уәлихановтың пейзаждық жұмыстарының үздік үлгілерінің қатарына жатады. ХІХ ғасырдың ортасында Орталық Азияда орыстың көптеген маман суретшілері жұмыс істеді. Бұлар П.Бабиков, Чередеев, Б.Залесский, О.Бутаков, кейінірек Л.Буре, С.Юдин, В.Плотников, тағы басқалар. Олардың жұмыстары дала өмірінің қырларын өзінше ашады. Орыс интеллигенциясының дала әлемімен бірте-бірте танысуы тақырыптарының кеңеюінен, суретшілердің бөтен мәдениеттің өзіндік ерекшеліктеріне бойлай бастауынан, оны түсініп өнерде көрсетуіне тырысуынан байқалады. Әскери топограф Чередеевтің жұмыстары арқылы қазақ халқының музыка, би, поэтикалық мәдениетін ұстаушылар жайлы хабар алуға болады. Бұл акварельдер Басқұншақ көлінің айналасын зерттеген ғылыми экспедицияға қатысқан кезінде салынған. Бұлардың ішінде сыбызғы тартып отырған хан – музыкант Шигенің, әнші Құдайқұловтың, биші Яшахтың портреттері бар. Балаң, техникалық шеберлігі шамалы сурет, күңгірт көңілсіз колорит, маман өнерпаз қолтаңбасының жоқтығы бұл жұмыстардың қарапайым өнердің қызықты үлгісі болуына кедергі жасамайды. Қазақ тақырыбының орыс өнеріндегі дамуында Павел Кузнецовтың (1878–1968) «Қырғыз сюиталары» жұмысы ерекше маңызды орын алады. Мұнда суретшінің даланы терең түсінгені көрінеді. Ол қазақтардың дүниетанымдық, өмірлік дәстүрлерінің барлық қырларын, философиясын ментальдық тұрғыдан ұғынып, өз шығармаларында көрсетті.П.Кузнецов жұмыстарында көшпелілер әлемі мәңгі, көне, сонымен қатар жас әлем ретінде берілген.


МУЗЫКА ӨНЕРІ

Әншілік өнер мен мектептер Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы

Біржан сал – ХІХ ғасырдағы қазақ музыкасының ең көрнекті тұлғаларының бірі. Оны қазақтың халықтық кәсіпқой әнінің Арқа дәстүрінің негізін қалаушы деп есептейді. Біржан өз бойына қазақтың кәсіпқой әншісі, өзіндік артистік богемдері – сал-серілер өкілінің бойына тән, сипатына сай, ең жарқын тұстарын шоғырландырған тұлға. Оның есіміне – халықтың еркесі, сүйіктісі, артист мағынасындағы – сал сөзінің мәңгілік бекіп қалуы да заңдылық. Біржанның әндері қазақ музыкасының классикасын құрайды. Әнші шығармашылығының қазақ әніне тигізген игі ықпалы орасан, сипаттап жеткізгісіз. Халықтық-кәсіпқой әншілердің кейінгі буыны Біржан бейнесі мен шығармашылығын өздеріне идеал ретінде таңдап алды. Оның тамаша музыкалық стилі, өзгеше вокалдық шеберлігі қазақ әнін «концерттілік» ұғымымен, ән өнерінің қалың бұқараға арналғандығымен берік байланыстырды. Көзі тірісінде Біржанның атағы жер жарды. Әндерінде өз есімінің барша қазаққа – «Мен Біржан атым шыққан алты Алашқа», қазақтың үш жүзіне – «Үш жүзге атым мәлім Біржан едім» – танымал болғандығын тұжырымдауы тегіннен-тегін емес. Оның танымалдығы қазір де кем емес. Біржанның әндері барлық ірі халықтық-кәсіпқой әншілердің репертуарларында бар, оларды еуропалық мектеп әншілері де орындайды. Біржанның өмірі мен шығармашылығы М.Төлебаев пен Қ.Жұмалиевті қазақ опералық сахнасының інжу маржанына айналған «Біржан мен Сара» операсын туғызуға шабыт берді. Біржан есімінің төңірегі аңызға бергісіз әңгімелерге толы. Ал оның өмірі туралы құжаттық куәліктер жоқтың қасы. Тіпті, туған және өлген жылдары туралы даталардың өзінде сәйкессіздіктер бар. Әншінің туған жылы деп 1825-ші де, 1831-ші жыл да, 1832-ші жыл мен 1834-ші жылдар да айтыла береді. Ал қайтыс болған жылы ретінде бірде 1894, тағы бірде 1895, тіпті 1897-ші жыл да көрсетіледі. Біржан Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданындағы Ербол деген жерде қоңырқайлау тұрмысты Тұрлыбайдың отбасында өмірге келеді. Болашақ әнші әрі композитор, баланың музыкалық және артистік қабілет-қарымын аңғара біліп, кедергі жасамаған өз атасы Қожағұлдың қолында өседі. А.Жұбанов, Біржан кәсіпқой музыканттың өмірін ерте бастады, деп есептейді. Сақталып қалған әндердің туындау тарихының арқасында әнші өмірінің бірнеше эпизоды ғана белгілі болып қалды [1]. Бұл Біржанның болыстар Азнабаймен және Жанботамен қақтығысы, ағайынды Көлбай мен Жанбайдың ауылында олардың қарындасы Ләйлім қызбен кездесуі, «Ақтентек» және «Ақбай» әндерінің шығу тарихтары. Біржан өмірінің ең бір тамаша тұсы – оның найман

руынан шыққан айтыскер ақын – Сара Тастанбековамен кездесіп, айтысуы. Айтыс мәтінінен аңғарылуына қарағанда, 37 жастағы Біржан тіл-сөзбен жекпе-жекке шығу үшін сол кезде 17 жасқа жаңа толса да, атағы елге кең тарап кеткен әйгілі Сара ақынды өзі іздеп шығады. Айтыста Біржанның жеңгені белгілі. Айтыс мәтінін жеңілген ақын көшіріп жазуға тиіс болған және кейіннен айтыс біртұтас шығарма ретінде өмір сүрді. Біржан мен

Сараның айтысы төңкеріске дейінукам Қазанда бірнеше мәрте басылып шықты, сонымен қатар бүгінгі күні де халық арасында бұл айтыстың қолжазбалық нұсқалары кеңінен таралған, оны халық музыканттары (кәсіпқойлары да, әуесқойларыда) жатқа айтып жүреді. Біржан поэтикалық сөз сайысының халық мойындаған шебері болған. Ол Шөже, Орынбай, Бабақ сияқты айтыскерлермен кездескен. Біржан өміріндегі тағы бір айтулы оқиға оның қазақ поэзиясының алыбы Абай Құнанбаевпен кездескен

Музыка – сезім тілі, бір демде пайда болатын ең күшті эмоциялардың сферасы мелодикада көрініс табады. Абай ақын ретінде сөздің неғұрлым жоғары дәрежедегі мәнерлеуін музыка тілінде қалай жеткізетінін сезіп, түсінетін. Бұл жолда оның қазақтың ән дәстүрімен қатар, шығыс, орыс поэзиясын жақсы білетіні әсер етті. ХІХ ғасырдың басқа ақын-композиторларының ән-күйлеріне қарағанда, Абай поэтикалық мәтіндерін өзі қағазға жазып қалдырған. Сондықтан оның әндері орындаушыдан орындаушыға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқанда сөздері өзгермей, әуендері ғана өзгеретін. Осы салдардан Абайдың кең танымал әндерінің бірнеше әуендік варианттары бар. Мысалы, «Айттым сәлем, Қаламқас» – 3 вариант, «Амал жоқ, қайттым білдірмей» – 3 вариант, «Сұрғылт тұман» – 4 вариант, «Тәңірі қосқан жар едің сен» – 5 вариант, «Сегізаяқ» – 10 вариант. Абай мелодикасының әуенділігі, интонацияның музыкалық кеңдігі, иілімдері, әсемдігі, мелодиялық нақышының дамуының қисыны, интонациялық ладтардың нақты, үнемді таңдалуы сияқты негізгі қасиеттер негізінде қазақтың халық музыкасының образды-стильдік арсеналымен байланысты. Сонда да оларда таза Абайға тән, жеке индивидуалды қасиеттер оның музыкалық шығармашылығының жоғары кәсіби деңгейін танытады. М.Әуезов Абай әндерінің өзгешелігін ескере отырып, оның қазақ музыка фольклорының кемел деңгейіне жеткенін, орыс поэзиясы мен музыкасын поэтикалық мәнерлеудің үлгісі

деп санағанын, өзге халықтардың бай мұрасын біле отырып, өзінің данышпан ізденістерінде ешқашан еліктеушілікке бармағанын айқындайды. Ол әрқашан өзінің индивидуалды стилистикалық белгілерін қолданып, өзінің жеке көзқарасын көрсеткен [1, 143]. Зерттеушінің пікірінше, Абай әуенінің ерекшелігінің бірі – негізінде жеке айтылатындығы, орындаушы мәтінге ерекше көңіл бөліп, тыңдаушыға әрбір сөздің жеткізуін талап ету керек [1, 144]. Абайдың әндерін мазмұнына байланысты келесі жанрларға бөлуге болады:

а) Ғашықтық-лирикалық («Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Сүйсіне алмадым», «Сен мені не етесің», «Желсіз түнде жарық ай», «Жарқ етпес қара көңілім не қылсада»);

ә) Философиялық немесе монолог-әндер, толғаныстар: («Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Есіңде бар ма жас күнің», «Өлсем орным қара жер», т.б.);

б) Өнер туралы әндер («Өзгеге көңілім тоярсың», «Сегізаяқ», «Көңіл құсы құйқылжыр»);

в) Әдет-ғұрыптық («Мағыштың жоқтауы»);

г) Сықақ элементтері бар өсиет-әндер («Бойы бұлғаң», «Ата-анаға көз қуаныш»);

ғ) Аударма-әндер («Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты», «Татьянаның сөзі», «Онегиннің сөзі», т.б.).

Жанрлық және стильдік әр алуандығына қарамастан оларда өзгеше ән стилін құрайтын музыкалық ой жүйесіне тән мәнерлеу әдістерінің үйлесімді біртұтастығы байқалады. Бұл стильде бастама, каданс, әуеннің даму түрлері, типтес интонациялары, әуеннің саздық құрамы мен әннің өлшемдік ырғақтық құрылымы белгіленеді. Осылардың кейбіреулеріне тоқталайық:

1. Ақындардың орындауында қазақтың халық әндері көбінесе жоғары дыбыстарға келетін «ей», «а-хау» сияқты лепті әуендетуден басталады (оның функционалдық мағынасы – тыңдаушыларға эмоциялық-психологиялық әсер ету). Абайдың әндері поэтикалық мәтіннен басталады, бұл – музыкалық архитектоникаға жаңашыл көзқарас және композитор әндерінің камералық сипаттамасы.

2. Әуеннің интонациялық байлығы. Үш дыбыстықтың басқыштарымен жоғары қарай бағытталған интонациялар көп кездеседі. Абайдың кантиленалық әндеріне кеңістік, шарықтау әсерін беретін сексталық интонация тән.

3. Өлең құрылымының жаңашылдығына сәйкес ән құрылымы да өзгерді. Речитатив жанрының дәстүрлі 7-8 буынды формасы лирикалық әуендердe қолданылады; 4 шумақты

Абайдың ән мұрасының едәуір бөлігі – А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романы бойынша шығарылған ән циклы. Пушкиннің поэзиясына бар жанымен сүйсінген Абай 1887-1889 жылдары романның бірнеше үзінділерін аударып, оларға музыка шығарады (варианттарын қосқанда барлығы 13 ән). Оның арасында кең танымал «Амал жоқ қайттым

білдірмей» («Татьянаның хаты») әні. Бұл әнде Абай мелосының өзгеше белгісі – әуеннің

дамуындағы заңдылықтар, әуен мен мәтіннің ырғақтық үйлесімділігі, төменге қарай жұмсақ түсуі, көңілге жағымды саздылығы мен нәзіктігі. Бұл әннің көптеген нұсқаларының арасында көркемдік жағынан неғұрлым дұрысы Латиф Хамидидің Абайдың жиені Архам Исхаковтан 1934 жылы жазып алған нотировкасы. Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан Абайдың «Татьянаның хатын» аударма әндері (6 варианты бар) көптеген халық әншілерінің репертуарында кездесетін. Осы әнді әнші Әділханның орындауы туралы мәлімет «Орыс география қоғамының хаттарында» келтіріледі: ол біздің «Татьяна хатын» қайдан білесің деген сұрағымызға Әділхан мақтанышпен өзіне көрсетіп, орыстарда да ол сияқты әнші-ақын Пушкин Татьяна-сұлу Онегин жігітке ғашық болып, оған хат жазғанын әндеткен деді [7, 5]. Осы әнді әнші Нұрпейістің орындауы туралы орыс саяхатшы-журналист Дмитрий Львович Торғай губерниясына барғаннан кейін өз очеркінде былай жазған: Шынымды айтсам, мен алғашында өз көзіме сенбедім. Жасы келген шал Татьянаның Онегинге хатын әндетіп тұрды. Ол көпшілікке өте ұнады, әсіресе оны Нұрпейістің әйелі мақұлдады [8, 108-109].Талдаудың нәтижесінде Абайдың өлеңдеріне музыканың өзі таңдандыратын үйлесім бергені анықталды. Пушкин өз шығармашылығында данышпандық дарынымен өлең шығарудың тар сферасынан музыканың шексіз облысына шығып кетуі сияқты Абай да шығармашылық үстінде сөзді музыкадан айырмайтын [9, 406]. Оған Жидебайдағы оның айналасындағы орта да себеп болған. Абай мен оның шәкірттерінің жан-жақты музыкалық дарындылығы туралы, Абайға Семейден, Жетісудан, Қарқаралыдан, Сары Арқадан өнерпаз ақындар мен әншілердің ұмтылуы туралы қазіргі кезде арнайы зерттеулер шыққаннан кейін батыл айтуға болады. Абайдың музыкалық талғамдары ХІХ ғасырдың екінші жартысында атақты ақындар Біржан-сал, Сабырбай, Жаяу Мұса және т.б. орындаған халық музыкасының бейімімен қалыптасқан. Абайдың басшылығымен музыкаға қызығушылықтан туған бірегей мектепте қазақ музыкасының ұлттық дәстүрлері татар, орыс және кәсіби музыкамен қатар дамыған. Жаңашыл бағыттар орындаушылыққа да әсер

тигізген. Жеке орындаумен қатар, дуэт және хор ұжымы ұйымдастырылды. Сүйемелдеу ретінде домбыра, қобыз, скрипка, балалайка, гармоника аспаптары қолданылатын.

Орындаушы мен тыңдаушының арасындағы қарым-қатынаста эстетикалық рақаттану және поэтикалық мәтінді түсініп, тыңдау басымды болды. Сондықтан Абай мен оның шәкірттері әдейі виртуоздық және музыкалық әшекейлеулерден бас тартты. Біздің ойымызша, Абаймен қатар оның шәкірттері де (Шәкәрім, Ақылбай, Мұқа, Мұхамеджан) қазақ музыкасында із қалдырды деп айтуға болады (бұл мәселе қазақ музыкатану ғылымында арнайы зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде алынуға лайықты). Абай әдейі музыка мен сөздің біртұтастығына ұмтылатын.

Күй жанрының дамуы мен ерекшеліктері ХІХ ғасырдың басындағы халықтың қоғами және рухани өмірінде дәстүрлі музыка өнері одан әрі жалғасын тауып, жан-жақты даму процестеріне түсті. Бұған ықпал болған қазақ даласындағы күрделі саяси, әлеуметтік және тарихи өзгерістер еді – патриархалды-феодалдық қоғам алғашқы капиталистік жолдары мен жаңа қарым-қатынастарға ауыса бастады. Халықтың мәдени болмысында ән мен күй жанрлары кеңінен қарқындауымен қатар, жеке әншілік пен жеке аспапты орындаушылық (күйшілік) концерттік түрде, биік көркемдік және шеберлік деңгейіне жоғарылады. Эстетикалық және музыканы қабылдау қабілеттер мен көзқарастар жаңашыл жолдармен қалыптасып, өнер саңлақтарының статусы көтеріледі: бақсы, жыраулардың рухани мұрасын ақын, әнші, өлеңші, күйші, сал, серілер кәсіби (авторлық) институт сатысына жеткізді. Сонымен, өнер иелері – оны шығарушылар, орындаушылар және насихаттаушылар – қазақ өмірінде биік әлеуметтік мағынада танылып, ерекше сый-құрметке, ұлт сүйіспеншілігіне бөленді. Халық тұрмысында ән мен күйдің алған орны, мән-маңызы туралы жоғарыда келтірілген ұлы Абай өлеңінде ән мен күйдің адамның рухани дүниесіндегі орнын асқан шеберлікпен көрсетсе, Алаштың біртуар азаматы Әлихан Бөкейханұлы өзінің «Ән, өлең hәм оның құралдары» атты мақаласында адам өміріндегі ән жанры туралы мынандай даналы пікір айтқан екен: «Жаңа туған бала жылау әні, солқылдау әнімен дүнияға амандасады. Адам жан шығар алдында арпалысып «а-а-а» деп ән салып дүниемен қоштасады. Осы екі бас ән, ақтық әннің арасында адам бірін көтеріп, бірін созып өлең қосып, бір өлеңді бір өлеңге қосарлап, іштен шерін шығарып күйін тарқатады» [1, 330]. Ұлт мәдениетінің тарихында ХІХ ғасыр ренессанстық мағынаға ие болып, «алтын ғасыр» аталғаны мәлім. Бұл дәуірде қазақ жерінде музыка дәстүрлі ауызекі түрде қалыптасып, дамыған. Мысалы, эпикалық өнермен қатар, қажырлы, жігерлі және отты батыс ән, күйлері, кең тынысты, асқақтаған, әуезді-философиялық арқа ән, күйлері, жүрекке жылы, жанға жайлы Жетісу ән, күйлері осы стильдік бағыттарда кеңінен орын алды. Батыс, Арқа, Шығыс, Жетісу ән мен күй мектептері өздерінің аймақтық сипаттарымен қазақ музыкасын одан әрі байытты. Аталмыш творчестволық және орындаушылық ерекшеліктер біртұтас ұлт музыкасының өзегін құрап, көрнекті өкілдерімен танытылды. Олар – Орал, Маңғыстау, Атыраудан атақты Мұхит, Аухат, Өскенбай, Арқадан – Абай, Біржан сал, Ақан сері, Шәкәрім, Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Жетісудан – Дәурен сал Құдабайұлы, Иса Тергеусізұлы, Пішән Жәлмендеұлы1 және т.б. Ал аспаптық музыка жанрында – Құрманғазы, Дәулеткерей, Әбди, Әлшекей, Байсерке, Бөлтірік, Есбай, Есір, Құлшар, Мәмен, Өскенбай, Тәттімбет, Тоқа, Ықылас және т.б. «Алтын ғасыр» кезеңінде кәсіби халық композиторларының шығармашылықтары ерекше көркейіп, эстетикалық, көркемдік әсерлік дәрежеге (биіктіктеріне) ие болды. Бұл – ақын, сал, сері, күйші дәуірінде қазақтың әні мен күйі өзінің тақырыптық жағынан кең ауқымды, құрылымы жағынан күрделі, жетілдірілген, қамтыған образдары жағынан сан-түрлі болып келеді. Авторлық музыканың стильдік, өзіндік ерекшеліктерінің ішінде айта кететініміз – олардың музыкалық тілі. Мұнда жаңашыл интонациялар (кең интервалдар), жаңарған сарын, күрделі лад жүйесі, тың ырғақтық, ауыспалы өлшемдік өзгерістер басыңқы жүйеленеді. Речитативтік мақамдар кең көлемді (диапазонды) әуендермен табиғи түрде болмысын тауып, қатар келтіріліп, нәзік ызғарлы және әуезді әндер өмірдің көпсырлы, көпқырлы көріністерін мәнерлі бейнеледі

1 Еске салатын мәселе – ол кеңес заманында кеңінен орын алған қанды тер-

рордың салдарынан көптеген халық композиторлары, ақындар, әдебиет, т.б. өнердің

дарынды саңлақтары қуғынға ұшырап, олардың творчествосына тыйым салынды.

Соның нәтижесінде аса талантты өнер өкілдерінің көптеген ән-күйлері ұмытылып,

өкінішке орай, олардың есімдері тарих бетінен мүлдем өшірілген еді

Сонымен қатар, музыка сазы ән мәтіндерімен біртұтас болып, адамның ішкі дүниесін, эмоциялық жағдайын тереңінен суреттеді.Бұл кезеңдегі музыка өнеріне тән құбылыс – ол кәсіби авторлардың өзі шығарған туындыларды өзі ел арасында асқан шеберлікпен орындап, ол әніне үлкен талғамдылықпен өз мәтіндерін шығарып, өнердің ең бір керемет туындыларын танытқан. Аталмыш кезеңдегі музыка өнерінде тақырыптық жағы кең ракурстарды қамтиды: махаббат, сағыныш пен арман, мұң мен шердің тұңғиығы, табиғат құбылысы, туған жерге деген сүйіспеншілік асқан шеберлікпен ашылды. Сонымен қатар, халық композиторларының шығармашылығында қоғамның көкейтесті проблемасы – ұлт мәселелері – үлкен саяси-әлеуметтік деңгейде үнделді (халық тағдыры, бас бостандығы, өмір қайшылықтары, теңсіздік, жалғыздық пен жоқтық және т.б. мотивтер). Академик А.Жұбановтың айтуынша (1906-1968), «ХІХ ғасырдың композиторлары өз заманының түбегейлі мәселелеріне, ең басты қоғамдық құбылыстарға көбірек көңіл аударады» [2, 21].

Ұлттық өнеріміздің ең бір іргелі және күрделі саласы – аспапты музыка. Бұл көпғасырлы көшпенді мәдениетіміздің өзі мен көзі, қайнар бұлағына айналған мәдени мұрамыздың түрі қазақ даласының қайталанбас табиғат көріністерін, бостандық сүйгіш үнін, азаттық аңсаған арманын, халық тағдыры мен тарихын, аңыз бен шындығын, жануарлар образдарын және басқа да көптеген тақырыптар мен сюжеттерде асқан көркемділікпен, нәзік те қажырлы музыка тіл-әдістермен паш етеді. Қазақтың аспапты музыкасы (бұған домбыра, қобыз, сырнай және т.б. кіреді) формасы мен композициясы жағынан өте көлемді дамыған. Мақамы ұлттық колоритке бай, нақтылы және тартымды, суреттілігі жағынан айқын болып келеді, мұнда кәсіби симфония жанрының өзегі де мол. Қазақ күйінің ұшан теңіз ішкі дүниесі ұлт тарихының әр кезеңінде халықтың рухани сұранысына тереңінен жауап беріп, оның өзінше найза-ұранына айналған (мысалы, Құрманғазы, Махамбет шығармаларын немесе желтоқсан трагедиясына арналған С.Жүнісовтың күйі және т.б.). Жүздеген жылдар бойы қазақ даласында әртүрлі қоғами-

саяси өзгерістер, дана бабалар, ер жүрек аналар, абыз- нысандар, атақты хандар, ақылды билер өтсе де, халықтың жан серігі – әні мен күйі оның күш жігері, наным-сенімі, рухтық тірегі болды. Күй мен ән туралы керемет поэтикалық туындыларды жазған Абай, Жамбыл, Ілияс, Сәкен және т.б. кемеңгерлердің есімдері көпшілікке белгілі. Күй – адамның ішкі дүниесінің сыры. Қазақ бір бірімен кездесе қалғанда «Күйің қалай?» деп жүздеседі. Күйдің құдіретті тілі туралы ұлы Абай:Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,Тыңдағанда көңілдің әсері бар, десе, ал дарынды ақын Иса Байзақов:Күйлердің сөзін ішіп, сорғалатқан,Бармақтан бал тамызып, жорғалатқан,Тәтті күй жанның тілі, жігер, қайрат,Қазағым, мақтана бер, соны тапқан, деп шаттанған екен. Күй жанрына тұңғыш назар аударған, оған лингвистік және музыкатанушылық көзқараспен нақтылы және құнды пікір жазған профессор Құдайберген Жұбановтың (1899-1937) мынандай деректерін келтірейік: «Күйлер халық музыкасында сирек ұшырайтын нәрсе. Бұл – осы күнгі Еуропаның симфониясы тәрізді. Мұндай дәрежеге жетісу үшін халық музыкасы жақсы дамыған болуы керек. Сондықтан күйлерді қазақ музыкасының ең жоғарғы түрінің үлгілері деп білуіміз керек...»

ТЕАТР ӨНЕРІ

Алғашқы асулар

Ұлттық театр өнерінің тууына орыстың демократиялық мәдениеті ықпал жасады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанның біраз жерлерінде орыс труппасының жұмыстары жанданып, кәсіби театрлар ұйымдастырыла бастады. Қазақстанда Орынбордың қалалық орыс драма театры 1769 жылы 14 қаңтарда тұңғыш рет сахнасын ашты. Мұның сахнасында орыстың атақты актрисасы П.А.Стрепетова ойнаған. Сонымен бірге В.Ф.Комиссаржевская, Г.Н.Федотова, В.А.Андреев-Бурлак, А.Л.Вишневский сияқты әйгілі өнер шеберлері осында гастрольдерін өткізген. Ал, Орынбор болса білім алуға ұмтылған қазақ жастарының басын қосқан қалалардың бірі еді. Мұнда әртүрлі оқу орындарында, қысқа мұғалімдік курстарда оқыған жастар ауылдық жерлерде ойын-сауықтар ұйымдастырып, Орынбордағы орыс театрынан көрген-білгендерін, алған әсерлерін өздерінше көрсетіп жүрді. Осы уақыттарда Қазақстанда жылжымалы татар труппаларының гастрольдері басталады. Олар Қызылжар, Семей, Орал қалаларында ұзағырақ аялдап, жаңа ойындар дайындайды. Бұл жағдай өнерге ұмтылған қазақ жастарына «сахналық тәрбие» сияқты көрінеді. Міне, осы театрлардың ойындарын көрген қазақтың зиялы жастары ұлттық сахна өнерін құруға талпынады. Сахнаға қоятын пьеса болмағандықтан олар алғашқы қадамдарын қазақтың әдет-ғұрыптарын, ұлттық ойындарын сахналаудан бастайды. Өз жұмысын осындай жаңа ізденіс арнамен жүргізген,

ойын-сауық үйірмелеріне қатысып, азды-көпті тәжірибе алған дарынды өнершіл жастар біздің бүгінгі кәсіби театрларымыздың негізін қалауға себепкер болды. Халық шығарма-сының бай мұрасынан сусындап, сахналық өнер жолына түскен дарынды актерлеріміздің көпшілігі осындай үйірмелерден әлденіп шығып мемлекеттік театрларымызды құрысқаны баршаға мәлім. Көркем үйірмелердің екінші бір маңызы әдебиетіміздегі драматургия жанрының тууына дәнекер болды. Бұған кәсіби театрымыз құрылмай тұрған кездегі С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ж.Шанин және басқалардың драмалық шығармалары толық дәлел. Сөз жоқ, олардың драматургиялық қадамына көркем үйірмелердің ықпалы зор болды. Осындай ірі жазушылардың әдеби сапарларының бастауында драматургия жанрының батыл енуі кездейсоқ оқиға емес. «Омбыда оқып жүрген Ақмоланың мұқтаж балалары мен «Жас қазақ» пайдасына кешке қазақша ең бірінші рет Ақмолада үлкен сауық жасалады. Сауыққа оның алдын-ала жазылып біткен «Бақыт жолында» деген менің пьесам қойылады. Менің ең алғашқы ірі шығармам осы еді. Осымен жазушы болып едім», – дейді С.Сейфуллин.1914–1915 жылдары Омбы қаласындағы орыс театрының көрнекті артистері қазақ шәкірттерін ұйымдастырып, бағдарламаларына қазақтың ән-күйлерін енгізеді. Сахнаға киіз үй тігіліп, ән-күймен бірге «Кім жазықты?» деген шағын пьеса қойылған. Бұл – орыс өнерпаздарының қазақтың көркем өнерін өсіруге, қанаттандыруға көрсеткен көмегі, жәрдемі еді. Төңкерістен бұрын көркем үйірмелердің етек алып, халық арасына көбірек тараған жері Семей болды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап осында ашылған «Халық үйінде» түрлі ойындармен бірге шағын спектакльдер де қойылып жүрді. Әрине, қазақ жастарының алғашқы ұйымдастырған сауық-кештерінен ұлт театры басталды деуден аулақпыз. Дегенмен, бұрын той-томалақтың, шілдехананың төңірегінен, ауыл арасынан әрі аса алмай жүрген қазақ өнерінің тап осылай кең сахна алаңына, жаңа дәстүрге көшуі – келешектегі үлкен

өнердің көшбасы сияқты болды. Алғашқы ойын репертуарының негізі Абай мен Ыбырайдың шығармаларынан құрастырылуы оның көркемдік жағынан жоғары екенін, мазмұнының тереңдігін, зор ағартушылық маңызын аңғартады. Хат танымайтын жұртқа

демократ-ағартушылардың озық идеясын театр сахнасы арқылы жеткізу сөз жоқ, батыл да үлкен жұмыс. Сауықшыл жастардың осы алғашқы қадамы, ойын қоюға талпыныстары Семейде театр өнерінің тууына ұйтқы болды. Рас, сахнада өлең айту, күй тарту, кейбір халық ойын-дарын көрсету бұрын да Семейде болып тұрған. Алғашқы драматургиялық һәм сахналық тәжірибелер Қазақтың ұлттық театрын ұйымдастыру мәселесінің ел ішінде «Дала театры» деп атауға әбден лайық халық өнерінің сан қилы түрлері дамып, жетілген тұста көтерілуі табиғи құбылыс. Солардағы драматургия мен театрға өзінің көркемдік табиғатымен етене жақын элементтер жаңа өнердің дүниеге келуінде ерекше орны бар. Қазақтың кең даласының әр түкпірінде тұңғыш әуесқойлық қойылымдар мен драматургиялық шығармалардың тууы – осы халық шығармашылығының көркемдік құдіреті.Сонымен бірге ұлттық сахна өнерінің тууына ықпал жасаған орыстың театр мәдениеті. Орыстың демократиялық идеясымен қаруланып, олардың озық әдебиетін өнеге тұтқан Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы сияқты ұлтымыздың ұлылары өз халқының болашағын орыс халқымен мәдени байланыста деп түсінді. Олар өздерінің ғылыми еңбектерінде, поэзиялық шығармаларында, әдеби педагогикалық қызметтерінде орыс тілін үйренуге, орыс мәдениетін меңгеруге шақырады. Өз халқының ғасырлар бойындағы рухани құрсаудан шығудың жолын орыс мәдениетінен көрген Абай мен Ыбырай орыс классиктерінің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударғаны белгілі.

Бұл уақытта орыстың кәсіби театр өнері дамудың шырқау биігіне көтеріледі. Олардың шығармашылық табысы орталықтағы ірі қалалармен шектелмей, шет аймақтарға да кеңінен жайыла бастайды. Сол кездегі Қазақстанды басқару әкімшілік орталықтары болған Орынбор, Омбы, Ресеймен іргелес отырған Орал сияқты қалаларда театрлар ашылып, кәсіби сахна өнері қазақ жеріне де жақындай түседі. Қазақ топырағының іргесіне орналасқан Омбыда 1765 жылы қалалық театрдың ашылуы [1] үлкен маңызы бар мәдени

оқиға. ХІХ ғасырдың екінші жартысында бұл театрдың даңқы жайылып, оның сахнасына батыс және орыс классиктерінің шығармалары қойылады. Ал, Омбы болса өнер мен білімге ұмтылған қазақ жастарының төңкеріске дейін топтасқан белгілі орталығы болды. Халқымыздың ұлы ғалымы, демократ ағартушысы Шоқан Уәлихановтан бастап, онан кейінгі кезеңдерге дейін қазақ жастарының білім алып, мәдениетке араласуы осы қаламен тығыз байланысты. Солардың ішінде Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, т.б. болды. Бұлармен бірге білім мен мәдениетке ұмтылған Жұмат Шанин де осы қалада әрі оқып, әрі қызмет істеген. Қазақ жастарының басын қосып, өнер мен мәдениетке баулыған «Бірлік» ұйымы да осы Омбыда ашылған. Сол уақытта қызметте немесе оқуда болған халқымыздың ардагер ұлдарының орыстың озық мәдениетінен үйреніп, театр өмірімен таныс болуы олардың келешектегі шығармашылық ізденістерінің сәтті басталып, тез жетіліп қалыптасуына себеп болғаны даусыз.1916 жылғы қара жұмыс майданына Жұмат Шанинмен бірге барған Қалыбек Қуанышбаев төңкеріс қарсаңында Омбыға жұмыс іздеп келгенде өмірінде тұңғыш рет осындағы театрдың бір спектаклінің жарым-жартысын көріп таң қалғанын айтады. Төңкерістен бұрын оқу іздеп, білімге ұмтылған қазақ жастарының көбірек жиналған орталығының бірі – Орынбор. Мұнда кәсіби театр 1869 жылдың 14 қаңтарынан бастап жұмыс істеген. Ал, Қазақстан топырағындағы тұңғыш орыс театры Орал қаласында 1860 жылы ұйымдастырылды. Бұл театрлардың қай-қайсысын болсын жергілікті әкімшілік орындары өз мүдделері үшін пайдаланбақ болды. Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы Крыжановский өзінің әкімшілік жүргізген кезінен (1863 ж.) бастап жергілікті халыққа әсер ететін құралдың бірі – театр деп ұғып, оның ашылуын тездетуді ұлықтан өтінген. «Орынбор Европа мен Азияның түйіскен жеріне орналасып, барлық Орта Азиялық хандықтар саудагерлерінің бас қосатын орны болғандықтан азиаттықтарға орыс цивилизациясының ықпалын күшейтуге театрдың қажеттігі бұрыннан байқалды» [2, 6], – деп жазды ол. Сөйтіп халыққа объективтік пайдасы да кем соқпайтын театр туды. Орынбор мен Орал театрларының сахнасына орыс және батыс классиктерінің шығармалары қойылған. Мәскеудің Кіші театрының ұлы актрисасы Г.Н.Федотованың келуіне сәйкес У.Шекспирдің «Асауға тұсау», Н.А.Островскийдің «Василиса Мелентьева» мен «Найзағай» пьесалары сахналанды. Қазақстанның өзге қалаларында да 1890 жылдары ашыла бастаған халық үйлерінде (народный дом) орыстың жергілікті сауыққойлары ұйымдастырған труппалардың да жұмыстары жандана түседі. Қазан төңкерісінен кейін іле-шала құрылған Семей, Петропавл, Верный, т.б. қалалардағы алғашқы орыс кеңес театрларының негізі осы сияқты труппалардан құралды. Мұның барлығы қазақтың театр өнерінің тууына себеп болған жағдайлар. Ал, Орынбор болса сол тұстағы, әсіресе бірінші орыс төңкерісінен кейін қазақ, башқұрт, татар жастарының басын қосқан мәдени орталық іспеттес. Мұнда түрлі оқу орындарын, қысқа мұғалімдік курстарды бітірген жастар қала мен ауылдық жерлерде алғашқы ойын-сауықтарды ұйымдастырып, біліммен бірге өнердің жаңа түрін елге таратады. Орынбордағы орыс театры мен татар труппаларынан көрген-білгендерін, алған әсерлерін өз әлдеріне қарай сауық кештерінде тәжірибе тұтады. Сондағы орыс театрының актрисасы И.П.Анненкова Бернард қазақ дастанының негізінде «Бекет» атты драма жазып, сахнаға қойдырады. Бұл ойынды сол кездегі қазақ жастары көріп тамашалаған.Қазақ сахна өнерінің тууына тікелей себеп болған тағы бір жағдай – 1905 жылғы төңкерістен кейін орыстың прогресшіл-демократ оқығандарының Қазақстанға жер аударылып келуі. Олар оқу орындарында сабақ беріп, әртүрлі мекемелерде қызмет істейді. Қазақ жастарының оқуына,ұлт мәдениеті жөнінде алғашқы қадам жасауына сөз жоқ, солардың да көмегі тиеді. Осы уақыттарда Қазақстанда жылжымалы татар труппаларының гастрольдері басталған. Олар Қызылжар, Семей, Орал қалаларында ұзағырақ аялдап, жаңа ойындар дайындайды. Бұл жағдай өнерге ұмтылған қазақ жастарына сахналық үлгі болды. Татар тіліндегі тұңғыш спектакль 1905 жылы Орынбор қаласында И.Кудашев-Ашказарский ұйымдастырған шағын сауыққойлар үйірмесінің орындауында қойылған. 1907 жылы бұл труппа құрамына тұңғыш татар актрисасы С.Гиззатулина-Волжская және А.Кариев енеді. Сол жылдан бастап труппаның құрамына алдыңғы қатарлы татар зиялыларынан шыққан драматургтер де еніп, режиссерлік жұмысын А.Кариев жүргізеді. Труппаға «Сайяр» («Жылжымалы») деген ат беріледі. Татардың кәсіби театрын жасауға ықпал болған алғашқы труппа осы. Бұл труппаның

белгілі актрисасы С.Гиззатулина-Волжская 1912 жылы Уфада «Нұр» деген екінші татар труппасын ұйымдастырады. Ал, 1915 жылы Мұртазин (кейін татар театрының актері әрі режиссері болады) жергілікті сауыққойлардың басын қосып, Орынборда «Ширкат» атты татардың кәсіби үшінші труппасын құрады [3]. Осы труппалардың негізінде татардың, башқұрттың бүгінгі мемлекеттік драма театрлары ашылды. Татар труппалары бір жерде тұрақтай алмай, көбінесе уақыттарын гастрольде өткізеді. Себебі жергілікті үкімет пен дін басшылары артистерді қудалап, ойын қоюға тыйым салып отырған. Тұрақты ойын қоятын орынның жоқтығынан труппа бір қаладан екінші қалаға амалсыз көшіп отырған. Кейбір сақталған архив материалдары мен баспасөз бетіндегі мәліметтерге қарағанда Қазақстанның Қызылжар, Семей, Ақмешіт, Орал, т.б. қалаларында жоғарыдағы труппалардың ықпалымен 1911-12 жылдары сауық үйірмелері ұйымдастырыла бастайды. 1910 жылы гастрольге келген Қазан труппаларынан кейін Қызылжар қаласында татар

сауыққой үйірмесі ұйымдастырылады. Талапкерлер сахнаға «Қазанға саяхат», «Алдадым, алдандым» деген пьесаларды қоюға рұқсат етілмегендіктен спектакльді жеке үйде көрсеткен [4]. Ал, 1914 жылдан бастап қазақ-татар тіліндегі ойын-сауық кештері жиі болып тұрған. Мұның басты себебі ұлт жастарының өнерге, білімге, мәдениеттің жаңа саласына ұмтылуынан болса, екінші жағынан, жергілікті әкімшілік орындары сол ойын-сауықтардан түскен түсімнің жартысын «жаралылар пайдасына» деген сылтаумен жинап алып отырған. Төңкерістен бұрынғы қазақтың көшпелі өміріне, саяси теңсіздігіне, халқымыздың азды-көпті оқыған жастары өнердің жаңа түрі – театр өнерін жасауға алғашқы қадамдарын бастады. Бұрын бірлі-жарым әдебиет кештерінде домбыра тартып, ән салумен шектеліп келген қазақ жастары енді орыс, татар сауыққойларының тәжірибесіне, көрген-білгендеріне, үйренгендеріне сүйеніп, өздері ұлттық ойын, ақындар

айтысын, дастандарды сахнаға бейімдеп көрсетуге кіріседі. «Омбыдағы әдебиет кеші» деген «Қазақ» газетіне жарияланған мәлімдемесінде мұғалім Бекмұхамбет Серкебаев 1915 жылы жасалған ойын-сауық кешінің бағдарламасының орысша, қазақша және ноғайша үш бөлімнен құралғанын айтады [5]. Кештің қазақ бөлімінде ақындар айтысы көрсетіліп (Орынбай мен Тоғжан ақын айтысы), «Қарагөз», «Майда қоңыр», «Көзімнің қарасы», т.б. әндердің орындалғанын, көптеген күйлер тартылғанын, татар бөлімінде концерттен тыс бір перделі «Ерім қайтты» комедиясының қойылғанын, кешке халықтың өте көп жиылғанын хабарлаған. Мұндай интернационалдық әдеби кештер мен ойын-сауықтар ол

кезде жиі болып тұрған. Әсіресе, тілі жақын, әдет-ғұрпы ұқсас қазақ пен татар жастарының ортасында шығармашылық ынтымақ күшті болған. Бұл – қазақ-татар театр

өнерінің алғашқы даму жылдарында дәстүрге айналған әрі сол өнердің жылдам дамуына себеп болған жай. Омбыдағы орыс театры мен татар сауыққойларынан азды-көпті үйренгендерін қазақ оқушы жастары елге таратуға ұмтылады. Араларынан бірен-саран пьеса жазуға талпынушылар да табылған. Медресені бітіргеннен кейін қазақ мектебінде мұғалім болып жүрген Б.Серкебаев «Бақсы», «Ғазиза», «Жер дауы» атты пьесалар жазады [6,48]. Бұл үш пьесаның үшеуі де ағартушылық бағытта жазылған.«Ғазиза» пьесасында қалың малға сатылған қазақ қыздарының қайғылы өмірі суреттеледі. Ал, «Бақсы» пьесасы

халықты неше түрлі қулық-сұмдығымен алдайтын бақсыны әшкерелейді, оған қарсы мұғалім әрекеті көрсетіледі. «Жер дауында» жер үшін ру мен ру арасындағы талас-тартыстардың бір көрінісі алынған. Б.Серкебаевтың осы үш пьесасы да баспа көрмей,

қолжазба күйінде оқушы жастардың күшімен Омбы, Петропавл маңында қойылды. Бұл пьесалар – өзінің көркемдік сапасының төмендігіне қарамастан, орыс мәдениетінің әсерімен төңкерістен бұрын жазылған қазақ пьесаларының тырнақалдысы. Бұдан бұрын ақындар айтысын жасап, ән салу, домбыра тартумен шектеліп келген алғашқы қазақ сауыққойларының енді өз әлдерінше пьеса жазып, оны сахнаға шығаруы жаңа өнердің төл басы іспеттес. «Театрдың жаны – драма» деп Гоголь айтқандай, драмалық шығармасыз сахналық өнердің тууы мүмкін емес.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ХІХ ?асырда?ы ?аза? ?нері

Автор: Матеева Молдир Адилбековна

Дата: 13.04.2015

Номер свидетельства: 200725

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Өнерін өрлеткен топ ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(34) "onierin_orlietkien_top_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "409902"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492496658"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства