ежелгі ?нер. ?аза? хал?ыны? с?ндік ?олданбалы ?неріні? к?п ?асырлы? тарихы бар. Халы? ?ол?неріні? бай м?ралары б?гінгі к?нні? алтын ?орына айналып отыр. ?ол?нері т?рлері к?п. Ж?ннен, киізден жасалатын б?йымдар, ?рмек то?у, тері ??деу, ши то?у, кілем то?у, ер- т?рман жасау, а?аш б?йымдары, кесте ж?не к?ркем тігу, зергерлік ?нер, т.б.?аза? ?ол?нері ?асырлар бойы к?ркем ой,халы? тал?амымен ?здіксіз дамып келеді.Халы? шеберлеріні? тынымсыз е?бектеріні? н?тижесінде ?з жал?асын тауып келеді.К?не д?ст?рлерді к?зді? ?арашы?ындай са?тап ж?не байыта отырып,халы?ты? к?ркем ??ленер к?сібі ?азіргі м?дениетті? ай?ын ??былысы болып,?й т?рмысыны? ма?ызды ж?не б?лінбес ??рамына айналды.?ол?нер туындылары ?айталанбас ж?не алуан т?рлі:?сем ?шекейлерден ж?не ша?ын ойыншы?тардан бастап к?рделі кестеленген композициялар?а дейін ж?не к?лемді кілемдерді, то?ыма матадан жасал?ан к?п затты? жиынты?тарды, шыны, а?аш ж?не металл б?йымдарын ?амтиды. Пішіндерді? ы?шам да м?нді ?йлесімі, т?стерді? жо?ары тал?амы, ?рнектерді? ?семдігі, композициялы? шешімі, к?зді? м?лтіксіздігін, ?олды? д?лдігін ж?не ?иял ?ш?ырлы?ын ?штастырып, шеберді? ?зіне т?н т?сілдермен орындауына жеткізеді. Халы?ты?м?дени д?режесі ?скен сайын ?лтты? ?ол?нерді? озы? ?лгілері ?лемдік м?дениеттен де ?з орнын алды. Б?л саланы ?за? уа?ыт бойы зерттеген ?алымдар баршылы?. Атап айт?анда: академик ?.Мар??лан, зерттеуші этнографтар С.?асиманов, ? Ж?нібеков, Х.Ар?ынбаев, т.б
?ай халы?ты? болса да т?рмыс- тіршілігіне ?ажетті ?демі б?йымдар мен заттарды д?ниеге ?келген ?ол?нері болды. Соларды? ішінде бізді? ?аза? хал?ы ?ол?неріні?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?аза? халы? ?ол?нері мен шеберлері" 6 сынып»
6 сынып.Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы:Қазақ халық қолөнері мен шеберлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға сәндік қолданбалы өнер туралы түсінік беру. Дамытушылық:Жас жеткіншектерге ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну қабілетінің қалыптасуына ықпал ету. Тәрбиелік:Оқушыларды суреткерлікке,әдемілікті көре білуге тәрбиелеу
II.Үй тапсырмасын тексеру . Оқушылардың үй жұмысын тексеріп, жіберген қателерін түзеу III.Жаңа сабақ Қызығушылығы Мұғалім сөзі: - қазақ халқында ең кең тараған қандай өнер түрін білесіңдер? (Электрондық оқулық арқылы түсіндіру )
-Қолөнер.
Қазақ халқының қолөнері - халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ежелгі өнер. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Қолөнері түрлері көп. Жүннен, киізден жасалатын бұйымдар, өрмек тоқу, тері өңдеу, ши тоқу, кілем тоқу, ер- тұрман жасау, ағаш бұйымдары, кесте және көркем тігу, зергерлік өнер, т.б.Қазақ қолөнері ғасырлар бойы көркем ой,халық талғамымен үздіксіз дамып келеді.Халық шеберлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде өз жалғасын тауып келеді.Көне дәстүрлерді көздің қарашығындай сақтап және байыта отырып,халықтың көркем қөленер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып,үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды.Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі:әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, қолдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Халықтыңмәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Бұл саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтқанда: академик Ә.Марғұлан, зерттеуші этнографтар С.Қасиманов, Ө Жәнібеков, Х.Арғынбаев, т.б
Қай халықтың болса да тұрмыс- тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болды. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.
Қолөнер турлері :
Шебер:
Шебер -ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам. Қазақ халқының шеберлері де өнерге өзіндік үлестерін қосып келеді. Ағаш шеберлерінің ағаш бұйымдарын дайындаудағы өнері ең жоғарғы дәрежеде дамыды.Жержыртушылар мен мал бағушылар үшін де бұйымдар дайындалды. Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының аталатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай «үйші» , «ерші» ,«арбашы» ,«ұста» сонымен қатар « оймашы» деп даралады.Ағаш өңдеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті , шынайы талғамды керек ететін түрі- киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі. Мұны халық тілінде «үй басу» деп те атайды. Киіз үй сүйегі, яғни кегесі мен уықтары , көбінесе, өзен жағасында өсетін әр түрлі талдан жасалады. Тал , халық тәжірбиесі бойынша , киіз үй сүйегін жасауға ең қолайлы ағаш түрі деп танылған. Әрине халық музыка аспаптарын жасауда ыңғайына қарай әр алуан ағаш түрлерін. Пайдаланған. Қол өнер бұйымының түрі өзгеруіне байланысты оған қолданылатын ағаштың түрі де өзгерген. Ағаш өңдеуде ескертілетін ең басты ерекшелік оның кесуге, сургілеуге, тесуге ткемділиги, июге көнгіштігі, бояу сіңіргіштігі, яғни ыстық пен суыққа шыдамдылығы болып табылды. Қазақхалқының кунделікті турмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары (мебельдері) мен ыдыс-аяқтары да көш-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалды. Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарының құрамына төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, саба аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап және тағы да басқада көптеген бұйымдар кірді. Аса шебер ұсталар ағаштан жасалатын үй бұйымдарының беттеріне ою ойып, түрлі түсті бояулармен өрнек салып, әсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металдармен, түрлі тастармен, шынылармен көркемдей білген.
Ұсталық өнер:
Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Ұсталық пен зергерлік өнер әр түрлі металдардан сан алуан үй бұйымдары, сәндік әшекейлер жасаумен байланысты. Қазақстан жерінде мыс, жез, темір және күміс сияқты металдардан бұйымдар жасау ісі өте көне замандардан басталады. Сонау сақ, үйсін, ғұн мәдениетінен бастау алып, көне түріктердің жалғастырумен біздің заманымызға дейін жетті. Темірді олар тәңірдің берген сыйы деп қараған. Өзге де түркі халықтары сияқты қазақтардың да дәстүрлі мәдениетінде ұста және ұсталық өнерді киелі деп санаған. Күні кешеге дейін ұсталарға ерекше құрмет көрсетіп, төрден орын берген. Содан бері ұсталар мен зергерлер ісінде сан қилы жағдайларға байланысты даму мен тоқырау кезеңдер де болды. Соған қарамастан ұсталар мен зергерлердің дәстүрлі өнері біздің заманымызға дейін жетіп отыр.
Қазақ мемлекеті құрылғаннан бері ұсталық өнер аса жоғары бағаланды. Орасан кең байтақ өлкені қолда ұстап, оған ие болу үшін ұсталық өнердің маңызы зор еді. Әсіресе қару-жарақ соғатын шеберлердің бедел мәртебесі биік болды. Ерекше берік болаттан қазақтың халық эпосында алмас қылыш атанған қайқы қылыштар жасалған. Халық шеберлері темірден жасалған кейбір үй бұйымдарын да әдемілеп көркемдеуге тырысты. Олардың қынабы мен сабына қымбат тастар орнатылып, қынаптары түрлі беделдермен, мысалы, қыран бүркіттің бас тұлғасымен безендірілген. Қара, немесе қызыл былғарыдан жасалған қынабы күміспен не қоламен көмкеріліп, алуан бедерлер салынған. Ұсталардың қажетті құрал саймандарына-көрік төс, балға, шапқы, сапты шапқы, тескіш, қысқаш, көсеу, қайшы, металл балқытатын ыдыстар т.б. Жалпы сондай қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт сайман дасаумен шұғылданатын адамды халық ұста деп атады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап найза, айбалта, қылыш, мылтық сияқты соғыс қару-жарақтарын жасату күрт сиреді. Өйткені, қазақтардың көрші елдермен достығы нығая түскен-ді. Қазақ қару-жарағын қайтадан қалпына келтіру үшін қадым заманнан келе жатқан теңдесі жоқ мол қазынамыз- ауыз әдебиеті мен батырлар жыры, термелер мен аңыздар, халық әндерінің сөздері, шетел саяхатшыларының жазбалары, мұражайларда сақталған жәдігерлердің маңызы аса зор. Көне қайнар көздерден қарудың аттары, оларды пайдаланудың құпиялары, қару соғудың қазақ ұсталары қолданған тәсілдерін білуге болады. Қазақ қаруларының толық тізімін алғаш жасаған- даңқты ғалымымыз Шоқан Уәлиханов. Қазақ эпостарында қару-жарақ айқын да нақты бейнеленіп, жауынгердің жан серігі ретінде суреттеледі. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларында, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында бағалы ақпарат, деректер бар. Қазақ халқының бізге жеткен мол мұрасы- бүкіл адамзаттық мәдениетке қосылған үлкен үлес. Біздің парызымыз- осы жоғалып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның отын өшірмеу.
Ісмерлік өнер:
Ісмер- ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
Тігіншілік өнері әйел мен ерлер киімдерін және түрлі сападағы киімдерді тігуде кең көлемде қолданылып келеді. Киіз үйлерді құрудағы ішкі көркемдік әшекейлеу жұмыстарына үлкен мән беріліп отыр. Қазақ халқының кесте өнері біз кесте, айқас тігу, айқыш- ұйқыш тігу, қайып тігу болып бөлінеді.Жалпы кесте біз кесте шым кесте және әредік кесте деп екі түрге бөлінеді. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне бізбен өткермелеп шалу арқылы тігіледі. Әредік кестеде материалдың бетіне бізбен өткермелеп шалу арқылы тігіледі. Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп бөлек-бөлек өрнек салынады. Жалпы ісмерлер деп ұлттық киімдер мен көрпешелер тігумен және төсеніштер,сырмақ,кілем тоқып,киіз басу сықылды қолынан іс келетін адамдарды айтады.
Сырмақ-екі түсті киізден оюланған немесе үстіне мата оюластырылған,тігістеріне жиек басып сырған әшекейлі төсеніш. Сырмақ бетіндегі сан қилы сәнді өрнектелген қарасақ, халық өмірінің шежіресін көргендей боламыз. Әр аймақтықң жергілікті жағдайында, дәстүріне байланысты сырмақ әр қалай өрнектеледі. Сырмақтар көлемі мен орналасуы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Олар:төр сырмақ, төсеніш сырмақ, төсек сырмақ, тізе сырмақ, т.б. сырмақтың ою орнектері де оның тұрмыста қолдану мүмкіндіктеріне байланысты әр алуан болып келеді. Негізінен әлуметтік турмыс жағдайымыздың жаңаша сипатқа өзгеруіне қарай олардың көлемі де әр түрлі болып жасалуда. Оның үй ішінде қолдануда дизайндық ерекшелігіне баса назар аудар аудару керек.
Кілем тоқу –тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеден белгілі, ел арасында кең тараған, дамыған өнер. Кілем түкті және тақыр кілем болып екіге бөлінеді. Түкті кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Жүнді өрмек жібінен сәл жуандау етіп,бірақ бос иіру керек. Түкті кілем тоқу, әсіресе сыр бойында, оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Тақыр кілем – жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем. Тақыр кілем өрнегіне өз атынан-ақ көрініп тұрғандай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп, желі жібіне ұқсас иіріліп, ширатылады.
Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Гобелен өнерінің шығу тарихы XV ғасырдан басталады. Гобелен дегеніміз – сурет салып тоқылатын кілем. Оны қазіргі кезде тәжірбиелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы – суреті мен колорттік түстерінде.
Қазақтың ұста, зергерлері көркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, термелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын – күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асыл тастардан көз салынған шолпылар мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер – міне осының мысалы. Халық шеберлері сәндік күміс бұйымдары жасауда көптеген зергерлік тәсілдерді қолдана білді.
Соның ішінде ең кең тараған тәсілдер: отқа қыздырып соғу, балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, темір бетіне күміс шабу, сымкептеу, жұқва күміс әшекейлердің астынан бедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеу, бізбен бізу, күмістеу, алтындау, дәнекерлеу, оймалау, асыл тастардан көздер орнату және тағы басқалары. Кез келген күміс, алтын бұйымдардың беттеріне әр түрлі асыл тастар мен түсті шынылар орнату тәсілін қазақ зергерлері жиі қолданды. Ал сол бұйымдарға көз салып әсемдеу үшін қолданылатын асыл тастардың түрі көп. Оның ішінде гауһар, лағыл, інжу, сутас(хрусталь) сияқты аса бағалы тастармен қоса, ел ішіне кеңінен тараған маржан, меруерт және түрлі түсті шынылар жиі қолданылады.
Енді осы қолөнер түрлерімен айналысатын қолөнершілермен танысып өтелік:
1.Маңғыстау өңіріне белгілі қолөнершілер:
Досанов Тайжан Сұлтанмұратұлы – киім-кешек жасау шебері