kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?аза? хал?ыны? с?ндік ?олданбалы ?нері. Ою-?рнек».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  «?аза? хал?ыны? с?ндік ?олданбалы ?нері. Ою-?рнек».

Сыныбы: 5 сынып.

Саба?ты? ма?саты:

1. Білімділік: О?ушылар?а  ою-?рнектерді? т?рлері туралы т?сінік беру. Шы?у тегімен таныстыру. Ою-?рнек ?неріні? за?дылы?тарын са?тай отырып, сурет салу жолдарын ?йрету.

2. Дамытушылы?: О?ушыларды? ?лтты? шы?армашылы? ойлау ?абілетін дамыта отырып, ?олданбалы с?ндік ?нер туралы білімдерін тере?дету.

3. Т?рбиелілік: О?ушыларды? эстетикалы? тал?амдарын дамыту.

Саба?ты? к?рнекілігі:

1. «Ою-?рнекті ?алай жасайды?» плакаттар.

2. Ою-?рнек элементтері.

3. Бай?а?ышты? ?абілетті тексеретін ?ызы?ты суреттер.

4. Т?рлі-т?сті ?а?аздан ойыл?ан ою ?лгілері.

5. Плакат?а салын?ан кілем т?рлері.

6. ?лы адамдарды? ?нер туралы айт?ан с?здері.

7. ?айталау?а ж?не жа?а саба?ты т?сіндіруге арнал?ан слайд.

Саба?ты? ?дісі: К?рнекілік ар?ылы ж?не слайдтар ар?ылы баяндау. С?ра?-жауап. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?аза? хал?ыны? с?ндік ?олданбалы ?нері. Ою-?рнек».»

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері. Ою-өрнек».

Сыныбы: 5 сынып.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға ою-өрнектердің түрлері туралы түсінік беру. Шығу тегімен таныстыру. Ою-өрнек өнерінің заңдылықтарын сақтай отырып, сурет салу жолдарын үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, қолданбалы сәндік өнер туралы білімдерін тереңдету.

3. Тәрбиелілік: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:

1. «Ою-өрнекті қалай жасайды?» плакаттар.

2. Ою-өрнек элементтері.

3. Байқағыштық қабілетті тексеретін қызықты суреттер.

4. Түрлі-түсті қағаздан ойылған ою үлгілері.

5. Плакатқа салынған кілем түрлері.

6. Ұлы адамдардың өнер туралы айтқан сөздері.

7. Қайталауға және жаңа сабақты түсіндіруге арналған слайд.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік арқылы және слайдтар арқылы баяндау. Сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: Эстетика, технология, дүние тану, тарих, әдебиет, музыка, геометрия.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу.

2. Түгендеу.

3. Құрал-жабдықтарын тексеру.

4. Үй тапсырмасын сұрау.

5. Жаңа сабақты түсіндіру.


Сұлулықты бойына жиып тұрған,

Өнер деген құдірет тұнып тұрған.

Қош келдіңдер бейнелеу өнеріне,

Әсемдік әлемінен сыр ұқтырған.



Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтары.

Бейнелеу өнері түрлерін еске түсірейік.

1.Кескіндеме дегеніміз не?

2. Графика дегеніміз не?

3. Мүсін өнері. Ол қандай өнер?

4. Қолөнер дегеніміз не?

5. Сәулет өнері дегеніміз не?

6. Дизайн дегеніміз не?

Бейнелеу өнерінің жанрлары.

1. Портрет.

2. Пейзаж.

3. Натюрморт.

4. Тарихи жанр.

5. Батальдық.

6. Маринистік.

7. Анималистік.

II. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері. Ою-өрнек». Жалпы қазақтың оө-өрнектерінің түпкі негізін іздестіре отырып, оның айналаны қоршаған табиғат көріністерінен туындағанын көруге болады. /Ою қалай пайда болады плакаттар арқылы көрсету/. Ою-өрнектерді салу үшін адамда байқағыштық қасиет болу керек. Ендеше сендердің байқағыштық қасиеттеріңді тексеріп көрейік. /арнайы салынған суреттер көрсету/. Ою-өрнек ерте кезден бастап пайда болған. Осыған мысал ретінде «Сырмақ шерткен сыр» атты аңыз ертегіні айтып берейін.

Ертеде  әділ  хан  болыпты. Соның  жарлығы  бойынша  қол  астындағы елдің  ою-өрнек, кесте, бастырма,  тоқыма,  оймыш,  тігін , шекіме,  құйма  өнерлерін  меңгершені сонш, үйлердің іші-сырты, киім-кешектері, жиһаздары мен бұйымдары  түгеғлдей  оюланған  әрі  өрнектелген  әсем де көрікті  екен.  Және  олар  бір-бірімен ою  тілінде де сөйлесе  алатын  болыпты.  Сол  себептен  бұл  ел  басқарушысы – Ою хан  аталып  кетіпті.

Жылдардың  бір  жылында  бөтен елдің  ханы  соғыс ашып,  Ою ханды  орнынан алып,  билікті  өзі  жүргізеді.  Ол ескі салт, көне  дәстүр,  байырғы  әдет, ежелгі  өнер,  бұған дейінгі мәдениет  белгілерінің  бәрін  жойып,  жаңаша  құрмақ  болыпты. Бірақ ескі  оюдың  орнына  жаңа ою  таба  алмапты. Жаңа  дегеннің бәрі ұзаққа  бармай  ұмыт  бола  береді. Бұрынғы өнердің, сол өнерді  жасаушы  шеберлердің  көбі  азайып, жоғалуға  айналыпты.

— Уа, хан-ием! Мына райыңыздан  қайтыңыз,  теріс  жолмен кетіп  бара жатырсыз, — деп  жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да, тіпті ондай  адамдармен  сыбайлас екен дегендердің де көзін  жоя беріпті. Сондықтан да оны  халық Жою  хан деп  атапты.

Бұл кезде  зынданда  жатқан Ою хан  жағдайдың  бәрін естіп- біліп  жатады.

Бір  күні  Жою жанның жалғыз ұлы аңға  шығады, Жолындағы аң  атаулылардың  бәрін  қырып, еті мен  терісіне қарық  болмақ  ниетпен  ойына  алғанын  істеп  келе жатқанда  бір үкі  мұның  бетіне  шапшиды.  Бала жанталаса   ажыратып  үлгергенше үкі оның екі  көзін  ойып  жібереді.  Ешнәрсе  көре алмай  тентіректеп келе  жатып бір  жардың  басынан  құлап,  көлге  батып  өледі.

Бұл кезде  Жою хан баласына іздеу  салып  жатқан  еді.

—  Кімде-кім  баламның  өлімін естіртер болса, соның  басын аламын, — деп  жарлық  берген соң  ешкімнің батылы  бармайды.

Мұны естіген  Ою хан  баланы  іздеуге   өзінің  баратынын  хабарлайды.  Жою хан   зынданнан  шығарып  жолға  салады.  Ою хан дәрі-дәрмегін,  құрал – сайманын алып  орманды  аралап келе  жатып  бір тастың  астынан:

—  Жойылсын, Жою хан ! – деп  қиналған  дауысты естиді.  Тасты көтеріп қалса, жамбасына  оқ  тиіп,  күйреген  сұртышқан  жатады.  Ою хан дереу аяғын  таңып, дәрі құйып  жөніне  жібереді.

Осылайша  жолында  кездескен  жаралы  аң-құстың бәрін  емдейді.  Ең соңында қанаты  сынған  үкіні  дәрілеп: «Жою ханның  баласын көрдің бе?» деп  сұрайды.

—  Қатыгез  хан  баласы  жолында  кездескен  сұртышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты  жаралап, балықты  құрлыққа  тастап,  бәрін қайта  айналып  келіп,  сойып  алмақ  болғанда,  мен оның  екі көзін шығардым. Өйткені  ол  жараланғанның  бәрі Ою хан еккен орманның  ең  соңғы   аңдары еді.  Хан баласы  қазір көл түбінде жатыр,-дейді  үкі.  Болған жайдың  барлығына  көзі  жеткен Ою хан  үйіне оралып,  барлығын  сырмақтың  бетіне  түсіріпті.  Ою хан сырмақты  Жою ханға  әкеле жатқанда   аш-жалаңаш  халық бірге еріп келеді.  Ою хан сырмақты Жою ханның  алдына  жайып  жібереді.  Сырмақтың оюы көз жауын  алатындай  көрікті, бояулары  адам  жанын баурап  алатын  сиқырлы   болады. Жою хан  сырмақтың оюына қарап ойланып  ұзақ  отырып, алдағы  оқиғаны  іштей  тарқатады.

Балам

1. Биік-биік тауларды асып,

2. Терең – терең сулардан өтіп,

3. Қалың жыныс ормандарды аралап,

4. Күндіз де, түнде де талмай жүрген екен

5. Жүрген жолдарда ұшқан құстармен беттесті.

6. Бүғымен кездесті.

7. Тау тағысы арқар да жолығыпты.

8. Жорғалаған тышқандар да қарсы келгенге ұқсайды.

9. Сорлы балам жолдбарыспен арпалысыпты.

10.Балыққа да ұшырасыпты

11. Айдын көлге де түсіпті.

12. Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді  аңдарға  көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпаныңа  негек  көрсетпедің? Тірімісің, өлімісің ?

—  Тоқта,  мына  ою  не деп тұр?  Балаң екіге  бөлінді,  жаны  рухқа,  тәні  аруаққа  айналды  деп  тұр ма?

Кенет Жою хан атып  тұрып;

-О,  жалған!  Менің  жалғыз ұлым шынымен өлгені ме? Өлтірем!!! – деп қылышын  суырып  алып  Ою  ханға  төнеді.Ою хан  саспастан  Жою  ханның  алдында  өз  айтқанын  есіне  салады.  Ханның  екі айтқаны  өлгені  деп,  ханның  жарлығы  өз  басын  алуға  себеп  болады.  Ал Ою ханды ел-жұрты  ақ киізге  орап,  хан көтеріп, ақ  түйе  сойып  ұлан-асыр  той  жасапты Көп  ұзамай ел еңсесін көтеріп, төл  өнерін  қайта  жандандыра  бастапты.

Әр  оюдың  тілі  бар  деген  сөз осыдан  қалған  болар.

«Замана толқыны тарих теңізінің жағалауында көркем баға жетпес меруерт- маржандарын қалдырды». Мұхтар Әуезов.

«Қазақ халқы бар тарихын көше жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шапқыншылыққа алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, өнерін, күйі мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге де қымбат мұра, бай қазына». Ғабит Мүсірепов.

«Қазақ халқы кілең ою-өрнек дүниесінің ортасында өмір сүреді»

Әлкей Марғұлан.


Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою-өрнектерді мағынасына қарай 4 топқа бөліп көрсетеді.

1. Зооморфты.
2. Өсімдік тектес.
3. Геометриялық.
4. Космогониялық

Осы ою-өрнектедің түрлерін жұмыс дәптерлеріңе жазып алыңдар.

23 слайд.

Ою-өрнектерді схема түрінде көрсетіп, 4 түріне жіктеуге болады.


Қазақ халқының оюының негізі «Қошқар мүйіз» . Бүгінгі сабақты осы оюды түрлі-түсті қағаздан ойып үйренеміз. Ою дегеніміз бір нәрсенің бетіне ойып, жабыстырып жасау.

Сыныпқа тапсырма. Керекті құралдарыңды дайындап, түрлі-түсті қағаздарыңды ою ойғанға шаршылап бүктей беріңдер.


Бүктеу әдістерін көрсете отырып, оқушылармен бірге дайындаймыз.

Бүктеуден үшбұрыш шығады. Осы үшбұрыштың ішіне «Қошқар мүйіз» оюының жартысын саламыз.

Салынған оюды сызықтың бойымен бирлесе отырып ойып шығамыз.

Оймастан бұрын қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережесін кім айтады?/бір оқушы ережесін айтып өтеді/

Балалар ойған оюларын жарасымды фонға орналастырады.


Оқушылардың аяқталған жұмыстарын сыныпқа көрсете отырып, талдаймын.

Қазір мен сендерге қазақтың шағын мұражайы қазақ үйлерді таратып беремін. Қазақ үйлердің артында кішкентай қалташа орналасқан. Қалташадағы қағазға аты-жөндеріңді жазып салып қойыңдар.

Сыныпты аралап жүріп қазақ үйлерді таратып беремін.

Ақ үй алғандар бұлар «5» тік баға. Көк үй алғандар бұлар «4» тік баға. Сары үй алғандар бұлар «3» тік бағалар.

Бағаларды журналға қойып шығамын.


Үйге тапсырма: Кітаптың 84 бетіндегі тақырыпты оқып, кездеспеген термин сөздер болса, жұмыс дәптерлеріңе жазыңдар.


26 слайд. Өткенді еске алып ойға толам,

Сұрыптап тезге салып көп ойланам.

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып ою оям

деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, сендер де түрлі-түсті қағаздан оюлап сырмақ түрін жасап келесіңдер. Үйдегі апа, әжелерің көмектессе болады.

Бүгінгі сабағымызды ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келіп тұр.

Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбан, ертеңгі шамамызбен мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«?аза? хал?ыны? с?ндік ?олданбалы ?нері. Ою-?рнек».

Автор: Кыдырмолда Еркежан Ай?ын?ызы

Дата: 27.03.2016

Номер свидетельства: 310779


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства