Просмотр содержимого документа
«?аны? ж?не ?аны?па?ан ашы? т?с, гамма.»
Сабақ: №3
Сабақтың тақырыбы:
Қанық және қанықпаған ашық түс, гамма.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың бояу түстері жайлы таным-түсінігін
кеңейту.
ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру,
дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық
жұмыс жасауға баулу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, дәптермен жұмыс
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тугендеу, сабаққа даярлау, назарын аудару
ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Натюрморт орында, жылы және суық реңдерге
арнап сурет сал
ІҮ. Жаңа сабақ:Оқушыларға қанық, қанықпаған, қою түстер гаммасы жайлы түсіндіремін.
Қанық түстер мен олардың қоспалары салтанатты білдіріп, бірден көзге ұрып тұрады. Олар жылы, суық немесе қарама-қарсы (контраст) түсті болуы мүмкін. Мұндай гаммада орындалған жұмыстар әдетте зор қуанышты немесе керісінше, терең жабырқауды, үрейді, сабырсыз алаңдаушылықты білдіреді.
Қанықпаған ашық түсті шығару үшін гуашь немесе майлы бояуға аздаған ақ бояу қосады. Ал акварель бояуларына көбірек су қосады. Қанықпаған ашық бояулы гамма жылы, суық немесе қарама-қарсы түсті бола алады. Қанықпаған ашық гаммада орындалған жұмыстар нәзік мұңды немесе қуанышты, сабырлылық пен тыныштық әсерін береді. Мысалы, мұндай гаммада қыс кезіндегі немесе таңертеңгі тылсым тыныштықты не күзгі бұлыңғыр күнді бейнелеуге болады.
Қанықпаған қою түстерді шығару үшін қанық түсті бояуға қара түсті бояуды қосады. Қанықпаған қою түстер гаммасы жылы, суық немесе қарама-қарсы түсті болуы мүмкін. Мұндай гаммада орындалған жұмыстар, негізінен, үрейді, тұнжыраңқы көңіл күйді туғыызады. Қанықпаған қою түстер мен олардың жиынтығы зор әуенді болғанымен, сәл басыңқы естіледі. Оларды бас дауысымен немесе төмен ноталармен салыстыруға болады.
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау:
Мына шығармаларға анықтап қара. Картиналардағы көңіл күй мен түстер гаммасын анықта (жылы не суық, жақын немесе қарама-қарсы түсті, қанық не қанықпаған, кою немесе ашық). Түс қанықтылығының шығарма көңіл күйімен байланысын түсіндір.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру: Қанық, қанықпаған, қою түс реңдеріне арнап натюрморт сал.