Просмотр содержимого документа
«?ималар. Тілік пен ?иманы? арасында?ы айырмашылы?ы №10 Графикалы? ж?мыс »
ЖББ Көгеріс негізгі мектебі
Сапарова Рима Абылаевна
Сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Сызу 9 – сынып
Күні: 6. 02. 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: «№ 10 Графикалық жұмыс»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Графикалық жұмыс арқылы өткен сабақтарды пысықтау, жаттығулар орындату , сұрақтар қою арқылы білімдерін кеңейту.
б) тәрбиелік: Оқушыларды тапсырмалар орындау барысында ұқыптылыққа, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Ұжыммен бірлесе жұмыс жасай білуге баулу.
в) дамытушылық: ойлау қабілеттерін шыңдау, байқағыштық қабілеттерін дамыту
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Пәнаралық байланыс: математика
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: сызғыш, қарындаш, А4 форматы.
Балалар, біздер өткен сабақта қима мен тілік арасындағы айырмашылық туралы өттік. Ендеше осы тақырыпты қайталау, пысықтау бағытында мен сіздерге тест тапсырмаларын беремін.
Тест тапсырмалары
1. Егер қиюшы жазықтықтар бір-біріне параллель болса, тілік қалай аталады?
Бүгінгі жаңа сабағымыз №10 Графикалық жұмыс, яғни біздер бүгін қима мен тіліктерге арналған жаттығуларды орындаймыз. (кітаппен жұмыс)
1 – тапсырма. Басты көрініс пен алты қима берілген (4. 50 - сурет). Қимаға жазу жазылмаған. Қимаға қандай әріптік белгілер қою керек екенін дәптерге мына түрде жазыңдар:
Жазу үлгісі:
Қима
1
2
3
4
5
6
Әріптік белгіленуі
Д-Д
Г-Г
Б-Б
В-В
Е-Е
А-А
2 – тапсырма. Тетікбөлшектің басты көрінісі, сол жақ көрінісі және екеуі ғана берілген бөлшекке қатысты, бес қима берілген. Қималар тетікбөлшектің қай жеріне жататынын көрсететін әріптер қойылмаған. А-А және Б-Б қима сызықтарымен белгіленген орындары тетікбөлшектің көлденең пішінін анықтаушы қима нөмірлерін жазыңдар. (4. 51 сурет)
Жазу үлгісі:
Қима сызығын белгілеу
А-А
Б-Б
Қима
3
4
ІҮ. Практикалық жұмыс.
Әрбір топқа өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі. Мысалы: қима және тіліктер тақырыбында тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды оқушылар А4 форматына орындайды. Оқушыларды қадағалау, бағыт – бағдар беру.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
Оқушылардың тапсырмаларын тексеру.
Сабақты қорытындылау бағытында сұрақтар қою. Сонымен балалар бүгін біздер қима және тілік тақырыптары бойынша жұмыстандық. Ендеше мына сұрақтарға жауап берелік
Күрделі тілік қарапайым тіліктен несімен ерекшеленеді?
Тілік пен қима арасында қандай айырмашылық бар?
Бір затқа тиесілі бірдей бірнеше қиманы қалай белгілейді?
Сатылы тілік дегеніміз не?
Сынық тілік дегеніміз не?
Оңашаланған қима дегеніміз не?
Қабаттасқан қима дегеніміз не? т.с.с сұрақтар қойылады.
Оқушылар тапсырмаларды орындауына қарай, бірін – бірі бағалайды, яғни әрбір тапсырмадан алған бағаларын қосып, қорытынды бағаны жариялайды