Просмотр содержимого документа
«К?десый домбырасын жасау »
8-сынып Технология
Сабақтың тақырыбы:
Кәдесый домбырасын жасау
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Кәдесый домбырасын жасау
оқушыларға меңгерте отырып, олардың жасалу жолын көрсету , түсіндіру
ә) Дамытушылық: Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге
дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай
білуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу
мақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материал, ағаш, сызғыш, қарындаш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақтың ұлттық әуендік аспаптарының ең көп тарағандарының бірі-домбыра. Оның қазақтың музыка өнерінің орны ерекше.Домбыра құрылымы күрделі, дайындау технологиясын толық игеруге талап етеді. Кәдесый домбыраның жалпы ұзындығы-196 мм, мойынның жуандығы -20 мм, мойны -96 мм, үнтілше ұзындығы-80мм
45- суретте бұл аспаптың күй орындауға және ән салуға арналған екі түрі бейнеленген. Олар сырт көрінісі бойынша ғана ерекшеленеді, өлшемдері бірдей.
Жұмысты бастамас бұрын алдымен саз балшыұтан немесе ермексаздан, домбыраның макетін жасап алу керек. Аспап контурын қатты қағазға сызады,содан кейін қиып алады. Бірінші ағаштан үнтілше кеседі.
Тапсырма орындау №13 зертханалық жұмыс бойынша.
Қорытындылау
Бағалау.
Үйге тапсырма беру:.71 беттегі сұрақтарға жауап беру.