kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Графикалы? сурет салу. Графикалы? т?сілмен бейнелеуді? т?рлері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Графикалы? сурет салу.  Графикалы? т?сілмен бейнелеуді? т?рлері.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Графика ?нері туралы ма?л?маттар беру, графикалы? ж?ыс істеу т?сілдерін т?сіндіру.

Дамытушылы?:.  графикалы? материалдармен ж?мыс істеуді т?сіндіре отыра ?нерге деген с?йіспеншілігін арттыру.

Т?рбиелік:.эстетикалы? тал?амдарын ?алыптастыру, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Графикалы? сурет салу. Графикалы? т?сілмен бейнелеуді? т?рлері.»

Бейнелеу өнері 5-сынып

1-сабақ күні: Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен таныстыру. Бейнелеу өнері жанрларына арнап сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену.

Дамытушылық:. Өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту; жанрлар ерекшелігін ажырата білу қабілетін дамыту; өнерге қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік:. Эстетикалық тәрбие беру; суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріспе сабақ

Сабақтың көрнекігілігі: оқулық, мақал-мәтелдер

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік-қолданбалы өнер.

Живопись (кескіндеме) – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын шығарма.

Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.

Мүсін – әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық, ермексаз) дөңгелек көлемді кеңістікке сомдалған көркем шығарма.

Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері.

Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады.

Осы өнер түрлері ішінде айналамыздағы қоршаған дүниені шынайы, жанды етіп түрлі-түсті бояулармен суреттейтін өнер – живопись (кескіндеме) өнері. Живопись жайлы мынадай аңыз бар: «Бірде грек суретшісі Зевксис жүзім суретін салыпты да, бояуы кепсін деп терезе алдына қойыпты. Сөйтсе құстар суретті шын жүзім екен деп шұқи бастапты». Бұл аңыз живопись өнері бізді қоршаған табиғаттағы нәрселерді сол қалпында айнытпай жеткізе алатынынан хабар бергендей.Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда ашылды. Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды.Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар жинақталыпты.Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме беріп, мұғалім толықтырады.

Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» – француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды.

Пейзаж – табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады.

Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.

Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.

ІV. Сабақты қорытындылау.Біз бүгінгі сабақта бейнелеу өнерінің түрлері және жанрларымен таныстық. Түрлі жанрда жазылған суретші шығармалары қоршаған ортаны, табиғатты, дүниені танып-білуге, сұлулық пен әсемдікті көре, сезіне білуге ұмтылдырады. Бейнелеу өнері бізді сұлулық әлеміне жетелейді.

V. Үйге тапсырма.: Кіріспе








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Графикалы? сурет салу. Графикалы? т?сілмен бейнелеуді? т?рлері.

Автор: О??арбай Шолпан

Дата: 14.12.2015

Номер свидетельства: 265999


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства