Просмотр содержимого документа
«Бояу түрлері. Негізгі, түссіз түстер, Бояу қосылыстары. Жылы, суық түстер»
Тақырыбы: Бояу түрлері. Негізгі, түссіз түстер, Бояу қосылыстары. Жылы, суық түстер
Мақсаты: 1. Оқушыларға бояу сырларымен таныстырып, заңдылықтары туралы
мағлұмат беріп, білімдерін арттыру.
2. Икемдерін, қабілетерін әрі қарай дамыту
3. Тазалыққа, сұлулыққа тәрбиелеу
4. Өз ойын ашық, анық көрсете білуге бейімдеу.
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды түгендеу
Жаңа сабақ.
Сабақ қортындысы.
Сабақ типі: теориялық, сарамандық
Жаңа сабақ.
Живопись дегеніміз – әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық бетінде орындалатын көркем шығарма деп өткен сабақта айтып өткенбіз. Енді бүгін сол бояу түрлерімен тереңірек танысамыз. Алдымен бояу түрлерін атап өтейік. Олар: акварель, гуашь, темпера, майлы бояу, пастель.
Акварель латынның «agua» - «су» деген сөзінен шыққан. Акварель бояуы қағазға өте жұқа, мөлдір етіліп жағылады. Акварель бояуымен жұмыс жасау барасында бояулардың жұқа да мөлдір қабаттарын бірінің үстіне бірін жағу арқылы орындауға болады. Акварель бояуының ең басты қасиеті – мөлдірлік. Сондықтан жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, тазалыққа дағдыланған жөн.
Гуашь –суға езілетін қою бояу, кепкен кезде түсін өзгертеді. Сондықтан гуашь бояуымен батыл жұмыс істеуге болады. Бейнелеу барысында кеткен кемшіліктерді де оңай түзетуге болады. Гуашь сәндік суреттер салуға өте қолайлы. Гуашьпен жұмыс істейтін қағаз жылтыр әрі қалындау болуы керек.
Темпера – сөзі бояудың атын да, сол бояумен салынған шығарманы да бірдей білдіреді. Темпера бояуы жұмыртқаның сары уызына немесе басқа желімдегіш материалға ұнтақталып дайындалады, бояу суда езіледі, бырақ кепкеннен кейін жуылмайды.
Пастель. «Пастель» италияның «pasta»-«қамыр» деген сөзңнен шыққан. Түрлі-түсті пигменттердің ұнтағына бор мен балауыз араластырып, қамыр илейді. Сосын одан жұмыр таяқшалар жасап кептіреді. Пастельде сан алуан реңк бар. Сондықтан оның қарындаш екеніне қарамастан онымен салынған шығарманы майлы бояумен салынған живопись туындасындай қабылдайды. Пастельді суға езіп, акварель мен гуашь секілді пайдалануға да болады.
Майлы бояу. Майлы бояу алғаш рет Х ғасырда шықты. Дәстүрге айналуы ХҮ ғасырдан басталды. Оны алғаш дәст.рге еңгізушілер ағайынды Нидерланд суретшілері ВанЭйктер. Олар қолданғандай, жеміс майына (жанғақ, зығыр) езілген ұнтақ бояулары тез кебеді, әрі ерекше ажарлы болып көрінеді. Өте ынғайлы, жие қолданылатын бояу түрі. Майлы бояумен салынған суреттер ұзақ жыл сақталып, жылтылы еш өшпейді. Ондай суреттердің бетін дымқыл шұберекпен сүртугеде болады.
Енді түстер түрлеріне көшеміз. Бейнелеу өнерінде 3 негізгі түс бар. Олар: сары, қызыл, көк.
3 түссіз түс, олар: ақ, сүр, қара.
Үш негізгі түстерді қосу арқасында басқада сан алуан түстерді табуға болады.
Мысалы: сары+қызыл=сарғышқызыл түс (оранжевый),
+
сары+көк=жасыл (зеленый),
+ =
қызыл+көк=қою көк (фиолетовый),
+ =
жасыл+қызыл=қоңыр (коричневый) түс шығаруға болады.
+ =
Бұл тек бірнеше түс қана, оларды араластыра берсе одан да көп түс таба аламыз.
Тағы түстер жылы және суық түске бөлінеді. Жылы реңкті түстер: ашық сары, сары, сарғылт, ашық қызыл, алқызыл, қызыл т.б. суық реңкті түстер: ашық көк, көк, қою көк, жасыл көк, ашық жасыл, жасыл, қоңыр т.б. басқа сөзбен айтқанда жылы түстермен күн, алау, ыстық топырақ жылу сездіретін заттарды бейнелейміз, суық түстермен мұз, су, қар, жаңбыр, желді бейнелейміз.
Жылы түстер Суық түстер
Сарамандық жұмыс: бояу қосылыстарын табу, жылы суық түстерді ажыратып