Бейнелеу п?нінен саба?: "Монументі ж?не ?ондыр?ылы м?сін, тас м?сіндер, ж?мырлы м?сін."
Бейнелеу п?нінен саба?: "Монументі ж?не ?ондыр?ылы м?сін, тас м?сіндер, ж?мырлы м?сін."
М?сінні? шы?у тарихы ?аза?стан аума?ында ежелгі м?сін ?нері ескерткіштері тас д?уірінде пайда бол?ан.
Б?л тас м?сін – Балбал тастар.
Оны жасау?а сопа? пішінді тастарды іріктеп ал?ан. Олар: Орталы? ?аза?стан, Жетісу ??ірінде к?п кездеседі. Ертеректегі тас м?сіндер жалпа?, ?рі к?лемді болып келеді. Одан кейінгілері ж?мырлы м?сін болып келеді.
М?сіндеу ?нері - к?ркем ?нерді? бір т?рі. М?сіндеуді? графика мен кескіндемеден айырмашылы?ы кескінні? барлы? жа?ынан аны? к?рсетілуі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бейнелеу п?нінен саба?: "Монументі ж?не ?ондыр?ылы м?сін, тас м?сіндер, ж?мырлы м?сін."»
Күні:
Сынып: 5
Пән: бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: Монументі және қондырғылы мүсін, тас мүсіндер, жұмырлы мүсін. Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Оқушылардың мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейту. ә) тәрбиелігі: Мүсін өнерінің айырықша туындыларын көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. б) дамытушылығы: сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Түрі: Жаңа сабақ Әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, түсіндіру.
Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. ә) Бір - біріне мейірімділік, жылулық, жақсылық тілеу. Ынталандыру кезеңі 2. Үй жұмысын тексеру. а) Өткен тақырыпқа байланысты топтарға сұрақ қойып, жауап алу. ә) Оқушылардың жұмысын тексеріп бағалау. 3. Жаңа сабаққа дайындық Оқушыларға бүгінгі сабақта қандай тақырып өтетінімізді түсіндіру -Құрал жабдықтарын түгендеу. -Картон, су, пластилин, қол сүртетін сүлгі. -Ой қозғау Бейбітшілік құсы деп, айтады оны барша жұрт. (көгершін) Қайталап әнімді, көктемде ән салам (көкек) Су бетін сызып, аққұман жүр жүзіп. (аққу) Қос қанатын иіп ап, Жарға келіп қонады. Қара киім киіп ап, Балшықтан үй соғады. (қарлығаш) Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ, Тұяғы бейне болат алмас пышақ. Тұмсығы имек көрмейді күндіз көзі, Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. (үкі) Биік шыңда тұрады, Қалықтайды төбеңде. Көз тастайды қырағы, Қонбайды ол төменге (бүркіт) Барлығының жауабын таптыңыздар. Енді осы жұмбақтардың жауабын не деп атаймыз. Құстар. Олай болса жаңа сабағымыз Құстарды мүсіндейміз. 4. Жаңа сабақ Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін – Балбал тастар. Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді. Мүсіндеу өнері - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі.. Мүсіндеудің түрлері:
1. жұмыр мүсіндеу
2. рельеф(бедерлі)
Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады. Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен жануарлардың мүсіндерін жан - жақты қарап отырып сомдайды. Мысалы: Хакімжан Наурызбаев (27. 08. 1925 жылы туған, қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) — қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, қазақ халқының көрнекті қайраткері, А. Иманов, Ж. Жабаев, А, Құнанбаевтың монументалды бюстері шықты. Монументтік мүсіндеу – бұл ұлы адамдардың немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті ескерткіштер. Монументті – сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының жиынтығы болып табылады. Жаңа терминдерге түсінік беру. Анималистік жанр -(лат. Жануар ) хануанаттар дүниесін бейнелеу өнері Анималист мүсінші – Жануарларды бейнелейтін мүсінші. Практикалық жұмыс. 1. Ермексазбен жұмыс істеу техникасының ерекшеліктерін түсіндіру. 2. Плакат бойынша үй жануарларының анатомиясын таныстыру. 3. «Құстарды мүсіндейміз.» 4. Құстар туралы әңгіме. сұрақ - жауап алу 5. Машықтық жұмыс барысында пайдалы кеңес. Техника қауіпсіздігін айту. қамырмен, ермексазбен жұмыс істеу кезіндегі. 5. Сабақты қорыту.
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру. өз жұмыстарын қалай қай әдіспен мүсіндегенін сұрап бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстырып қателерін айту. І топ. Мүсін өнері. Жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады? ІІ топ. Мүсін өнерінің тарихы туралы не айтасың. Мүсін нешеге бөлінеді? ІІІ топ. Жұмыр мүсін дегеніміз не? Бедерлі мүсін ше?