kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бейнелеу әлемінде (слайдымен)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:  Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бейнелеу әлемінде (слайдымен)»


«Бейнелеу әлемінде» сайысы

Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер. Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 4 сынып оқушылары арасындағы «Бейнелеу әлемінде» атты сыныптан тыс сайыс шарасына қош келдіңіздер.


Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.

Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.

1. _______________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

Ау,халайық,халайық,

Бәріңе жар салайық

Сәлем жолдап баршаңызға

Суретшілер.

Кеп тұр бугін ортаңызға

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын.

Туып-өскен даланы,

Қызыл бояу қызғалдақ,

Сары бояу сарғалдақ,

Жасыл бояу жайлауым.

Іздеп барар армандап.



Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын. – дей келе сайысқа тпекші екі топпен танысайық.


1.____________________________________

2.____________________________________

3.____________________________________

4.____________________________________


Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, – деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.


Сайыс кезеңдері:

1. «Таныстыру» әр топ өздерінің топтарың атын, эмблемасын таңыстырады.

2. «Үй тапсырмасы» үйге берілген суретті салып келу оны түсіндіру.

3. « Ойлан, тап!» жасырылған құпия бейнені бейнелеу өнерінің қай түріне жатады екенін табу.

4. « Кім шапшаң, кім жылдам» түс атауларынан сөз құрастыру.

5. «Оқу – білім қазығы, білім – өмір азығы» әр топтан екі оқушы пән бойынша шар ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

6. «Қас-қағым сәт» қиылған суреттерді уақытқа құрастырады.

7. «Адамның бейнесі» әр топтан бір оқушы шығып көзі жұмулы кезде адамның бейнесін салады.


Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

 

І кезең. «Таныстыру»


Өнер қуып өнерпаздар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен топтар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.


2 кезең. «Үй тапсырмасы»


3кезең. «Ойлан, тап!»


4 кезең. «Кім шапшаң, кім жылдам?»

Кім жылдам табады,

Заттардың бейнесін.

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

Быт-шыт болып шашылған

Құрайды екен кім жылдам? – деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу. 








5 кезең. «Оқу - білім қазығы, білім - өмір азығы»


6 кезең. «Қас-қағым сәт»


7 кезең. «Адамның бейнесі»


Сайысты қорытындылау.


Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.


Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.



Бойларында от бар екен,байқадым.

Жүректерде шоқ бар екен, байқадым

Әрқашанда осы өнерді өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым – Қош сау болындар балалар!















Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебі.

«Келісілді» «Бекітемін»

Оқу ісінің орынбасары: Мектеп директоры

Кулушева А.З. ________ Бисенгалиева Г.Б. _________









(«Әр сабақтың қызығы» апталығы. 4-сыныптар)




Өткізген: Айтжанов Қ.А.






Шыңғырлау – 2017


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Бейнелеу әлемінде (слайдымен)

Автор: Айтжанов Куандык Амандыкович

Дата: 28.04.2017

Номер свидетельства: 412123


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства