Просмотр содержимого документа
«Ауа перспективасыны? за?дылы?тары»
Тақырыбы: Ауа перспективасының заңдылықтары.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі пейзажбен қысқаша танысу. Перспектива жайлы жалпы мағлұмат беру. ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне пейзажды бейнелеуде кеңістік перспективасын анықтауға үйрету. б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Шығармашылық жұмыс, топтастыру, талдау, іздендіру Көрнекілігі: Перспективалық көрініс суреттері, сызбалар, оқушыларға арналған Paint программасымен жеке жаттығу жұмысы, слайдтар т.б.
Пән аралық байланыс: Сызу, дүниетану.
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. I.Үй тапсырмасын тексеру.
II Өткен сабаққа шолу жасау,қайталау. Жаңа сабақ . Ал бүгінгі сабағымыз сол сабақтың жалғасы.Пейзаждағы кеңістік перспективасы, ауа перспективасымен толығырақ танысамыз.Ауа перспективасы - табиғаттағы заттың пішінімен бояуы қашықтаған сайын күрт өзгеруі.Шырғамада кеңістік көрсету үшін сызықтық перспективаның тәсілдерін қолдану кейде жеткіліксіз болады.Ал мына суретте тереңдік түстер көрсетілмегендіктен қайсысы жақын қайсысы алыс орналасқандығын анықтау мүмкін емес.Мұндай пейзаждан кеңістік пен тереңдік сезіну мүмкін емес.Біз бұл үшін табиғатты бақылауымыз керек . Мыны фота суретке қара (фотосурет көрсетіліп) орналасқан ағаштарды салыстыр .Олардың түстері жайлы не айтасың?. Бұл құбылыстың себебі, денелер алыстаған сайын ауа кеңістігінің әсерінен өзгереді.Картина жазықтығы деп бейнеленетін зат пен суретшінің көзі арасындағы ойша алынған вертикаль бағыттағы жазықтықты айтамыз.
Термин сөздер мен ережелер.
Көкжиек сызығы — суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.
Көру нүктесі — сурет салушының затты бақылайтын нүктесі немесе орны.
Шығу нүктесі — өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір-біріне жақындап, көкжиек сызығына барып қосылатын нүктесі.
Көру деңгейі — суретшінің көз деңгейін білдіретін, ойша алынған жазықтық.
Ауа перспективасының бейнелеу ережелері мыналарды қамтиды:
Сабақты қортындылау.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Бірінші пейзаж туралы сызықтық немесе ауа перспективасы берілген деп айтуға бола ма?
Екінші пейзаж туралы не айтасын,?
Пейзаждардың қайсысында сызықтық перспектива жақсы берілген?
Қай пейзажда ауа перспективасы жақсы байқалады?
Жауабыңды түсіндір.
Сабақты бағалау.
Үйге тапсырма, Ауа перспективасын бейнелейтін пейзаж салу.