kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие са?аты: "Т?уелсіздік - т??ырым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен, Жа?сыбаева Айман Оразбаевна, 1979 жылы ?араша айыны? 11 ж?лдызында ?збекстанда д?ниеге келдім. Мен 2014 жылдан бері Ма??ыстау облысы Бейнеу ауданы ?стірт орта мектебі мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып о?ушыларына бейнелеу ?нері п?нінен саба? беріп келемін. Т?жірибе алмасу барысында т?жірибелі м??алімдерді? саба?ына ?атысып т?жірибе жина?тап келемін.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты: "Т?уелсіздік - т??ырым"»

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

Сабақтың мақсаты:

1.1986 жылғы желтоқсанда орталық әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайлы түсінік беру.

2. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін сақтауды оқушылардың бойына дарыту.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздердің құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, деректі фильм, шарлар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ

Кіріспе:

Мұғалім : -Армысыздар, қадірменді қонақтар, ұстаздар, тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Тәуелсіздігіміздің мерейтойына арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны хормен орындалады.

Музыка ырғағымен ақырын басып бір қарт шығады.

Немересі: - Ата, не ойлапотырсыз?

Атасы: -Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды, еліміздің болашағы, өткен өмір жайлы ойлаймын. Қазақ халқы өз басынан небір кездерді өткізді ғой. Арғысын айтпағанда кешегі дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын айтсаңшы.

Немересі: - Иә, ата, ол бір жан түршігерлік оқиға болды. Қазақ халқының мәңгі есінде қалары сөзсіз.

1-оқушы: 1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихында өзінің жаңғырығымен өшпес із қалдырған Республика Орталық Комитетінің 5- пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда республиканы ширек ғасыр басқарып келген Д.А.Қонаевтың орнына Г. В.Колбин сайланды.

2- оқушы: Қазқстанды көріп-білмеген, әрі оның ішкі –сыртқы саясатымен, экономикасымен тек баспасөз арқылы таныс Колбиннің найзағайдай әсер етті. Әкімшілдік – әміршіл жүйе өз дегенін істеп бақты. Болмағанды болды дегізіп, адам тағдырын ойыншыққа айналдырды.

( Деректі фильмнен үзінді)

3- оқушы: 17 желтоқсан әрі ызғарлы, әрі ызғарлы күн еді. Соған қарамастан бейбіт шеруге шыққан жастарға өрт сөндіруші машиналардан су шаша бастады. Оған ызаланған жастар бірнеше машиналарды аударып тастады. Жастарды аяусыз жаншып қырды.

4 – оқушы : 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар « Тәуелсіздік керек! Ұлттың басшысы өз ұлтынан сайлансын!»тілек білдірді. Сол кездегі үкімет бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға « бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар» деген кінә тағылды.

5- оқушы: «Нашақор» деп « ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдік пен шындыққа

Өтірік жала еткен күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

6- оқушы : Қақап күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН – дар бастан тепкен күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Көрініс: « Желтоқсан оқиғасы»

Немересі: Ата, Тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін енді түсінгендей болдым.

Атасы: - Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі . Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық қой. Бұған да тәубе!

7- оқушы: Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

8- оқушы: Бірнеше ғасырға жалғаса бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1991 жылдың 16 желтоқсаны заңды түрде Тәуелсіздік күні болып жарияланды.

9- оқушы: 1991 жыл 1 желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев сайланды.

10- оқушы:1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақ елінің өз әнұраны, елтаңбасы , туы болды. Бұл қазақ елі үшін ұлы оқиға болып есептеледі.

11- оқушы: 1993 жыл 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Музыкалық үзіліс: « Көк тудың желбірегені»

12- оқушы: Тәуелсіздік жемісін ала келді,

Көрінер көк жиектен далам енді.

Кім танымас айтсаңшы, айтыңдаршы,

Қазақстан егемен байтақ елді.

13 – оқушы: Кім танымас тербелген тал бесікті,

Болашаққа айқара аштық кең есікті.

Барша ел аузын ашып тамсанумен,

«Қандай ғажап егеменді ел» десіпті.

Би:

14- оқушы: Тәуелсіздік!

Айналайын құныңнан,

Түсе көре тұғырдан.

Отаныма мәңгілігің үшін де,

Садағаң боолсын шыбын жан.

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған « Тәеулсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағатымызды « Жаса Қазақстан» әнімен аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ашы? т?рбие са?аты: "Т?уелсіздік - т??ырым"

Автор: Жаксыбаева Айман Оразбаевна

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300383


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства