kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алуан т?рлі ойыншы?тар, ойыншы? бейнесін жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойыншы?тарды? шы?у тарихы мен ?азіргі кездегі оларды? алатын орны  туралы т?сінік беру.

Теориялы? білімдерін іс-ж?зінде к?рсетуге ы?пал ету. Саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру. Ойлау ?ызыметін дамыту, білім-біліктерін жетілдіру, материалды есте са?тау?а, талдау жасау?а ?йрету.

Эстетикалы? тал?амдарын арттыра отырып, о?ушыларды к?ркемдік таным?а, ж?мысты орындау кезінде ??ыптылы? пен д?лдікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алуан т?рлі ойыншы?тар, ойыншы? бейнесін жасау »


Пәні: Бейнелеу

Мұғалімнің аты – жөні: Сералиева Гаухар.

Сыныбы: 3 «а»

Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ойыншықтар, ойыншық бейнесін жасау.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Ойыншықтардың шығу тарихы мен қазіргі кездегі олардың алатын орны туралы түсінік беру.

Ә) дамытушылық:

Теориялық білімдерін іс-жүзінде көрсетуге ықпал ету. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қызыметін дамыту, білім-біліктерін жетілдіру, материалды есте сақтауға, талдау жасауға үйрету.

Б) тәрбиелік:

Эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:

Көрме сабақ

Сабақтың әдістері:

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау, практикалық әдіс.

Сабақтың формасы:

Ұжымдық, жеке.

Сабақтың көрнекілігі:

Плакат, оқулық, суреттер, акварель, палитра, қылқалам.
Слайдтар, бейнефильм, интерактивті тақта, оқушылардың жұмыстарының көрмесі.

Сабақ барысы


І. Ұйымдастыру бөлімі




-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын қарау;

ІІ. Мақсат қою кезеңі

Оқушыларға ойыншықтар туралы мағұлмат беру.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

















Ойыншық-балалардың ой-өрісін және қимыл-қозғалысын дамытатын ойын құрал болып табылады.
Ойыншықтар әр алуан материалдардан жасалады.
Ойыншықтардың тек өзіне ғана тән пропорциясы бар.
Барлығымыз білетін « Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» туралы ертегі естеріңде ме? Біз бұл ертегі кейіпкерлерін ерекше бітімдеріне қарап танимыз.
Буратино-ойыншық. Оны Карло әкей ағаш томардан ойып жасаған. Біз Буратиноны оның ұзын мұрнынан танимыз. Мұндай ерекшеліге болмаса , ол қарапайым балаға ұқсар еді де, оның бейнесін біз жадымызда онша сақтай алмас едік.
Ал барлығымыз жақсы көретін Чебурашканы оның үлкен қалқан құлақтарынсыз көзге елестетуге бола ма? Сол құлақтар емес пе, оны сүйкімді және есте қаларлықтай етіп тұрған.
Дизайнер-суретші-ол ойыншықтардың үлгісін салатын адам.
Ойыншықтың шығу тарихы.
Ойыншықтар балаларды ересек өмірге дайындайды. Мысалы ертеде қарапайым халықтың балалары жануарлардың мүсіндерімен қолдан істелінген қару – садақпен, жебемен, ойыншық соқамен ойнаған. Осы балалардан малшылар, аңшылар, егіншілер өсіп шыққан.
Шаруа қыздары қарапайым қуыршақтарын өздері құндақтап, оларға өздері киімдер тіккен. Оларға көп балалы ана боп өсу көзделінді.
Ойыншық тарихи кезеңдерден ойынмен байланысты.
Мысырдың, Германияның және Римнің ежелгі құлиленушілік қоғамы келесі ұрпақтарға материалдық және рухани мәдениеттің баға жетпес қазынасын қалдырды. Бүгін де, ежелден де бүлдіршінің алғашқы ойыншығы сылдырмақ болды. Ежелгі Греция мен Римде сылдырмақты жаңа туған сәбилерге сыйлаған. Сылдырмақты шылдырлата отырып, жас аналар бесік жырын айтқан. Алғашқы қауымдық кезде адамдар сылдырмақ, тарсылдақ ойыншықтардың шуы қатерлі періштелерді қуып, баланы қорғайды деп түсінген. Ең ертедегі, бізге белгілі ойыншықтар біздің заманымызға дейінгі III мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Мысыр елінде тіркелген.
Ежелден пайда болған және белгілі ойыншықтың түрі бұл – қуыршақ. Ең көне мысырлық қуыршаққа 4 мың жылдай. Олар жұқа тақтайшадан істелінген. Қуыршақтардың бастары ағаш және жіптен істелінген моншақтардан жасалған жасанды шаштармен безендірілді.
Жаңа заман қуыршағы.
Жаңа заманның класикалық қуыршағы балаға тән үйлесімділікке ие. Оның беті бал – бұл жайнап, үлкен көздерін ашып – жұмады. Оған баланың киімін де кигізеді «Барбидің» пайда болуымен қуыршақ әлемінде түбірлі өзгерістер болды. Ол әрбір қыздың арманы мен мұратына айналады. Барби көзді қызықтырады.
Барби қуыршақтарын сату басқа ойыншықтарды үлестірумен салыстырғанда ең жоғарғы деп есептелінеді.
«Мател» компаниясының иелерінің бірі Руд Хендлер қызы Барбараның құрметіне «Барбиді» ойлап тапты. Және де Хендлер оны өзінің қызының аты Барбарамен ұқсастырып «Барби» деп атады. Хендлер, қуыршақтарға бұрынғы сәби кейіпіндегі емес, оған үлкен адамның кейпін,мамандығын, өз өмір ағымы болуы мүмкіндігін көрсетті.
Барби 1958 жылы пайда болды Және қыздар жаңа ойыншықты қуанышпен қабылдады, өйткені оның сырт киімі әдемілік пен әсемдікті тануды білдірді.
2013 жылдың 11 мамырында Алматы қаласында Меломан Грандта пресс-конференция өтті. Сонда елімізге еңбегі сіңген халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваның талантына, даусына және сұлулығына бас иген рессейлік жас дизайнерлер Василий Барьбе мен Сергей Амельков Розаның қуыршақ кейіпіндегі бейнесін өзіне табыс етті.
Елімізде ең алғаш рет өз қуыршақтарын дүниеге әкелген еліміздің танымал сазгері Қыдырәлі Болманов пен жұбайы әнші Қарақат Әбділдина. Cүйкімді қуыршақтар сәбилермен ана тілімізде сәлемдесіп сөйлеседі, ән айтып, би билеп еліміздің әнұранын айтады. Қуыршақтардың киімдері түгелімен мақтадан тігілген. Аталмыш ойыншықтар жоғары сапалы бұйымдардан Қытайдың Гонконг қаласында еуропалық сапамен жасалған. Алдағы уақытта мақал-мәтел айтатын, жұмбақ жасыратын, тіпті бес уақыт намаз оқитын қуыршақтар да «дүниеге» келмек. . «Бал-бала» компаниясы қуыршақтарды ғана емес, сонымен қатар, балалардың басқа да ойыншық түрлерін дамытатын болады. Соның ішінде пультті мәшинелер, велосипедтер шығарылмақ.

ІҮ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

(Сергіту сәті) орындалады.
Оқушылар практикалық бөлімде шаблондардағы суреттерді сурет дәптерлеріне бастырып оларды өздері қалаған түстермен бояйды.
Суреттер мынадай үш талапқа сай орындалуы керек.
1.Композициялық шешімі.
2.Түстік гаммасы.
3.Тазалығы.

Ү. Сабақты бекіту

Жаңа сабақтан сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
1. Ресейлік дизайнерлер кімнің қуыршақ кейіпін ойлап тапты. (Роза Рымбаева)
2. Жануарларды бейнелейтін жанр? (Анималистік жанр)
3. Ең алғаш пайда болған ойыншық? (Қуыршақ)
4. Барысқа ұқсас жануар? (Мысық)
5. «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» мәтіні әдебиеттің қай жанрына жатады? (Ертегі)
6. Кезікті бір жануар,
Төбесінде тауы бар. (Түйе)

ҮІ. Үйге тапсырма



Оқушылар үйден әр түрлі материалдармен ойыншықтар жасап келеді.

ҮІІ. Оқушы білімін бағалау


Оқушылардың сабаққа қатысымы мен суреттерін талапқа сай орындауына қарай бағалау. Үздік суреттерді көрмеге қою. Суретке мінездеме беру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Алуан т?рлі ойыншы?тар, ойыншы? бейнесін жасау

Автор: Сералиева Гаухар Куанышбаевна

Дата: 10.03.2015

Номер свидетельства: 183893


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства