kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Акварель. Акварельді сорғыту техникасы және әдістері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері: акварель бояумен жұмыс жасау техникасында ақ түс қолданылмайды, өйткені оның орнына қағаздың өз түсі қолданылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Акварель. Акварельді сорғыту техникасы және әдістері»

1. Сабақтың тақырыбы «Акварель. Акварельді сорғыту техникасы және әдістері»
2. Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: көзге көрініп тұрған нәрсені салуды алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді, жақын жердегі көріністермен салыстыруды үйрету, акварельдегі сорғыту техникасын таныстыру

2) Дамытушылық: Акварельдің түрлі әдістерімен таныстыру, және сорғыту техникасында жұмыс жасауға бейімдеу.

3) Тәрбиелік: айналадағы қоршаған ортаны бейнелеуде, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

3. Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер мен презентациялар, плакаттар.

4. Пән аралык байланыс: сурет, кескіндеме, композиция негіздері, түстану. 

5. Сабақтың өту әдісі: 

1. Хабарлама

2. Көрнекілік

3. Сұрақ – жауап

4. Тәжірибелік жұмыс

5. Сабақтың жоспары, өту барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Тақырып түсіндіру, міндеттерімен, мақсаттарымен таныстыру

3.Тәжірибелік жұмыс

4.Қорытындылау 

5.Үй тапсырмасы. 

Сабақтың өту барысы. 

1. Ұйымдастыру кезеңі: 

- дәрісхананың, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, журналға белгілеу. 
2. Жаңа тақырыппен, сабақтың мақсатымен, міндеттерімен таныстыру. 
Жаңа тақырып түсіндіру. «Акварель. Акварельді сорғыту техникасы және әдістері»
3. Тәжірибелік жұмысқа даярлау,бағыт беру. 

4. Тәжірибелік жұмыс. 

5. Жұмысты қорытындылау. 

6. Үйге тапсырмасы. 

Жаңа тақырып түсіндіру. «Акварель. Акварельді сорғыту техникасы және әдістері»
«Акварель» деген атау латынның «aqua» су деген сөзінен шыққан. Бұл сөз суға енгізілген бояуларды да, сол бояулармен салынатын шығармаларды да білдіреді. Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдір болып түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Мөлдір жағылғандықтан, бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады. Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Алайда соның өзінде де суретшілер акварель бояуының артықшылығын – оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады. Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын айырмашылық болмайды: олар бір-бірімен жымдасып, бір-біріне жігі білінбей, жұмсақ реңкпен жалғасып жатады.







Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері: акварель бояумен жұмыс жасау техникасында ақ түс қолданылмайды, өйткені оның орнына қағаздың өз түсі қолданылады. Акварель бояуының материалы-пигмент, жабыстырушы зат. Акварель бояуларының плитка тәрізді қатысы да, фарфор ыдысқа салынған іркілдегі де, сықпа ( тюбик) етіп қойған жұмсағы да болады. Акварель бояуымен жұмыс жасағанда, пигментті еретіту үшін су пайдаланылады. Акварель бояулары дүкендеорде металлан және пластмассадан жасалған ыдыстарда сатылады. Акварель бояуы үшін әдетте , беті бұдырмақ / ватман немесе жартылай ватман/ қағаздарын пайдаланады. Ерте заманда акварельмен салатын суретшілер суреттерін ерекше әдіспен иленген ешкі терісіне – пергаментке салған көрінеді. Акварель бояуына арналған қағаздан барлық түрі де таза зығырдан жасалған болуы керек. Жылтыр қағаздарға қарағанда, беті бұдырмақ қағаздарға акварель бояулары жақсы жұғады. Әрине, суреттің сыртқы көрінісіне және сапалы шығуына матриалдық сапасы да әсер етеді. Сондықтан да акварельмен жұмыс жасағанда, қағаз көтеріліп тұрмас үшін оны тегіс тақтайға керіп, жиектерін желімдеп алған дұрыс. Желімдеуге ыңғайлы болу үшін қағаздың жиектері тақтайдан 2-3 см –дей асып тұруы керек.

Қағаз жиырылмай жақсы керілуі үшін оны алдымен суланған щеткамен немесе дымқыл губкамен сүртеді. Содан соң желімді тақтайдың айналасына жағады да, қағаздың артық шеттерін қайырып жабыстырады. Дайындалған қағазға суретті әбден кепкеннен кейін салу қажет.

Акварельмен жұмыс жасаған кезде көбіне күзеннің немесе тиіннің түбініен жасалған қылқаламдар пайдаланылады. Акварельге арналған қылқаламдардың қылшықтары жұмсақ әрі ұзын болады, мұның өзі бояуды қалыңдатып жағуға да, ал қажет кезінде ұсақ детальдарды кемеліне келтіре жасауға да мүмкіндік береді

Үлкен қылқаламдармен үлкен таңдақтарды, ал кішкене қылқаламмен шығарманың ұсаққ бөлшектерін бояйды. Қылқаламдардың сыртында 1,2,3,4 және одан да көп сандар қойылады. Бұл сандар неғұрлым жоғарылаған сайын қылқаламда соғұрлым үлкен болады.

Акварель бояуларымен жұмыс жасауға арналған қылқаламдардың қылы ұзын болады, сондықтан олар бояуды молырақ жұқтырып алуға ыңғайлы. Бояуды біркелкі жағып болған соң, қылқаламды таза суға жуып, суын сығып, сорғытып отыру керек.

Акварель бояуымен сурет салғанда, жарық паен көлеңкені айрықша көрсетуден бұрын суретті қарындашпен түсіріп алған жөн. Өшіргішті өте қажет жағдайда болмаса, ретсіз пайдаланбау керек, өйткені өшірілген жерге бояу нашар жұғады. Обьектінің суретін салғанда оны жарық, көлеңке, түстік реңктерін дұрыс айрып,дәл нұсқасын жасап алу керек.

Акварель бояуларын пайдаланғанда бір түстің үстіне екінші түсті бояуды бірте-бірте жағып отыру керек, егер бұлай етпесе, жаңсақ алынған түс суретті бүлдіріп жіберуі мүмкін.

Әдетте бір түсті екінші бір түске ауыстыру немесе түстерді табу үшін палитра / тақтайша / немесе оның орнына кішкене жалпақ тәрелке, тіпті болмаса қалың ақ қағаз пайдаланылады. Акварель бояуымен сурет салып отырған кезде бояудың тамып кетуі жиі болып тұрады. Сол себепті жағылып жатқан түстің сызықтан шығып кетпеуін және тамып кетпеу жағын жиі қадағалап отыру керек. Әдетте жұмыс аяқталған соң келесі жұмысқа даяр тұруы үшін тәрілкені жуып, оны кептіру қажет. Қылқаламдарды да суға жасылап шайып, таза құрғақ шүберекпен сүртіп, басын жоғары қаратып, кішкентай сауыттың ішіне салып қойған дұрыс.

V. Практикалық жұмыс. 

Қолданылатын құрал-жабдықтар: кенеп, стакан, қылқалам, акварель, палитра, қарандаш, мальберт, акварель қағазы.

Практикалық жұмыс тапсырмасы: 

- Кескендеме әдіс-тәсілдерін, заңдылықтарын, түрлерін пайдалана отырып пейзаж салу.

Сабақтың өту барысында әр оқушыға жеке барып, қателерін түзетіп, дұрыс бағыт көрсету. (демонстрациялық әдіс) 

Бүгінгі өткен тақырып бойынша жұмыстарын қорытындылап, тексеріп, бағалау. Үйге тапсырма беру, сабақты аяқтау.

VI. Үйге берілетін тапсырма. 

Сабақ үстінде алған мәліметтерге сүйене отырып, 40×50 кенепке екі немесе үш дана акварель бояумен пейзаж орындау. 

СҚӨ және Дизайн бөлімі, Жобалау графикасы пәнінің оқытушысы Исағатқызы Д kopilkaurokov.ru сайтынан Акварель. Акварельді сорғыту техникасы және әдістері. Сызу, сурет пәндерінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға kopilkaurokov.ru  сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исағатқызы Динара

БҚО Орал қаласы Құрманғазы атындағы саз колледжі Интерьер дизайн пәнінің мұғалімі




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Акварель. Акварельді сорғыту техникасы және әдістері

Автор: Исағатқызы Динара

Дата: 20.10.2016

Номер свидетельства: 350668


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства