Сабақтыңәдісі:Түсіндіру, тақтаға эскиздік бейнелеу жұмыстары, сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс:Сызу, биология және география.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.
Өткен материалды қайталау:
Әңгімелесу: (әңгімелесу арқылы бүгінгі тақырыпты ашу )
Жаңа сабақ:
Жаңа материалды қабылдау кезеңі: Бояу түрлері: майлы бояу, акварель бояуы, түрлі түсті қарындаштар. Соның ішінде біздің кең қолданатын бояуымыз –акварель. Бұл бояу суға езіледі, иісі жоқ, денсаулыққа зияны жоқ. Акварель бояуын қолдану бары-сында суды қоса отырып бояу түрін қою немесе сұйық түрінде қолдануға болады. Сонымен қатар суық және жылы түсті бояуларды бір бірімен қосып басқа түстер шығаруға болатынын білеміз. Мысалы:- сары+қызыл (қызылсары), сары+көк (жасыл), жасыл+қызыл (қоңыр), қызыл көк (сиякөк) т.с.с.
Акварель қағазына бояуларды жағу техникасын көрсету. Бояуды даярлап сумен жібіту, қағазды дымқылдап, бояу таңдап қолдану үшін беттен политра даярлау. Пейзаж дегеніміз не? Пейзаж дегеніміз табиғат көрінісі – бұл суретшінің табиғат аясында салған суреті. Бұл суреттер жылдың төрт мезгілі болуы мүмкін. Бүгін акварель бояуын қолдана отырып күзгі табиғат көрінісін бейнелеу
Бекіту кезеңі–Акварель бояуы не үшін қажет?
Бояу қалай қолданады?
Бояу түрлерін қалай өзгерте аламыз?
Суық және жылы түстерді қалай шығарамыз?
Суық және жылы түстерді ажыратып бер?
Пейзаж дегеніміз не?
Натюрморт дегеніміз не?
Оқушылардың өздік жұмыстары «Күзгі пейзаж». Жұмыс барысын қадағалап, дұрыс жұмыс жасаған оқушылардың жұмыстарын көрсете отырып сынып балаларының жұмыстарын қызықты ұйымдастыру.
Оқушылар білімін бағалау кезеңі: Оқушылардың жұмыстарына талдау жасатып, сабақтағы белсенділігіне байланысты бағалаймыз.
Үйге тапсырма беру: -Жоғарыда берілген сұрақтарға ұтымды әрі жылдам шешімдермен көзге түскен оқушылар еңбегін бағалау.