kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аксонометриялы? проекциялар туралы жалпы ма?л?маттар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

а) білімділік:Аксонометриялы? проекциялар туралы жалпы ма?л?мат беру. Денені? аксонометриялы? проекцияда?ы к?рінісін салу жолдарын ?йрету, сонымен ?атар аксонометриялы? проекциялар т?рлерімен таныстыру.

б) дамытушылы?: Денені? изометрияда ж?не диметрияда орналасу жолдарын к?рсету, осьтерді т?р?ызу ?дістерін дамыту

в) т?рбиелік: О?ушыларды сызба сызу барысында ??ыптылы??а, тазалы??а, эстетикалы? тал?ам?а т?рбиелеу.

Саба?ты? ?дісі: Т?сіндіру, практикалы?

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?

П?наралы? байланыс: математика

Саба??а ?ажетті ??рал – жабды?тар: А4 форматы, сыз?ыз, циркуль, ?арындаш, ?шіргіш.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аксонометриялы? проекциялар туралы жалпы ма?л?маттар»


Жалпы білім беретін Көгеріс негізгі мектебі











Сабақтың тақырыбы:


«Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұматтар»













Өткізген: Р. А. Сапарова

«Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі»















2015 – 2016 оқу жылы



Жалпы білім беретін Көгеріс негізгі мектебі

Сапарова Рима Абылаевна

«Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі»





Сыныбы: 9

Күні: 22. 10. 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы

мағлұматтар»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұмат беру. Дененің аксонометриялық проекциядағы көрінісін салу жолдарын үйрету, сонымен қатар аксонометриялық проекциялар түрлерімен таныстыру.

б) дамытушылық: Дененің изометрияда және диметрияда орналасу жолдарын көрсету, осьтерді тұрғызу әдістерін дамыту

в) тәрбиелік: Оқушыларды сызба сызу барысында ұқыптылыққа, тазалыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, практикалық

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: математика

Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: А4 форматы, сызғыз, циркуль, қарындаш, өшіргіш.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Оқушылармен амандасу.

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

- Оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

Өткен сабақты пысықтау барысында тест сұрақтарына жауап беру.

Тест сұрақтары:

1. Француз ғалымы Гаспар Монж өзінің «Сызба геометриясы» атты еңбегін қай жылы жарыққа шығарды?

а. 1799 б. 1789 в. 1779

2. Сызбадағы барлық жазулар, цифрлар және белгілер жиыны қалай аталады?

а. Сызба сызықтары б. Сызба қаріптері в. Сызба өлшемдері

3. Кішірейту масштабын табыңыз

а. 1:2; 1:4 б. 2:1; 5:1 в. 2:2; 5:5

4. а сызығынан б сызығына үшінші с сызығының көмегімен біртіндеп өтуі қалай аталады?

а. Қиылысу б. Жанасу в. Түйіндесу

5. А4 форматының өлшемін табыңыз

а. 297х210 б.420х297 в. 594х420

6. Барлық нүктелері бір жазықтықта жататын фигураны қалай атайды?

а. Доғал фигура б. Көлбеу фигура в. Жазық фигура

7. Центр деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықтағы жазықтық нүктелерінің геометриялық орнын қалай атайды?

а. Төртбұрыш б. Шеңбер в. Үшбұрыш

8. Қиылыспайтын жазықтықтарды қалай атаймыз?

а. Өзара перпендикуляр б. Өзара параллель в. Өзара тік

9. Қандай сызбада радиустың өлшемі дұрыс белгіленбеген?

А) В) С) D)

10. R белгісі нені көрсету үшін қолданылады?

А) фасканың өлшемін; В) шеңбер диаметрінің өлшемін;

С) шеңбер радиусының өлшемін; D) еңісті.

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Күнделікті өмірде, өндіріс жағдайында кескіндеудің әртүрлі әдістерін қолданады: орталық немесе перспективалық проекция, аксонометриялық проекциялар, тікбұрышты проекциялар жіне т.б. аталған әдістер бір – бірінен кескіндеу сипатымен, сол сияқты тұрғызу шартымен де ерекшеленеді.

Орталық немесе перспективтік проекциялар (2.19, а сурет), айтып өткеніміздей, көрнекілік ауқымымен ерекшеленеді. Алайда олардың үлкен жетіспеушіліктері бар. Бұл әдістің басты жетіспеушілігі – заттың түрлі бағыттағы сызықтарын кескіндеу кезінде, ол фотосуреттегідей, бірдей еселі кішіреймейді және бейнеленген заттың қандай да бір болмасын бөлігінің қолданыстағы өлшемі туралы ой түю қиынға соғады. Өзге жетіспеушілігіне сызбаларын тұрғызу қиындығы жатады

Аксонометриялық проекциялар барынша көрнекі және сызуға келгенде қарапайым болып табылады. Аксонометриялық проекцияның бір түрімен өткен тақырыптарда кездестіңдер. Бұл әдіс кезінде заттың алдыңғы жақтары пішіндерін өзгертпейді. Жоғарғы жақтар мен бүйірлері горизонт сызығына қатысты бұрыштары 450 , параллелограмм түрінде проекцияланады. Жоғарғы жақтары мен бүйірлері тереңдігінің мөлшерлері сызбаны тұрғызған кезде екі есеге кемиді. Басқаша айтқанда, бұл әдіс фронталь диметриялық проекция деп аталады. Сонымен қатар аксонометриялық проекциялар тік бұрышты болуы мүмкін.

Аксонометрия (гректің «ахсо» - ось, «metreo» - өлшеу) осьтер бойынша өлшеу дегенді білдіреді. Зат проекцияланатын жазықтықты аксонометриялық проекциялар жазықтығы, ал координаталық осьтер проекцияларын аксонометриялық осьтер деп атайды. Аксонометриялық проекциялардың негізгі артықшылығы – көрнекілігінде және бейнеленген заттың көлемін жалпылама көрсетуінде, сондықтан оны заттың құрылымдық пішінін түсінуді жеңілдету үшін сызбаға иллюстрация ретінде қолданады.

Аксонометриялық проекциялардың түрлері. Проекциялаушы сәулелердің бағытына байланысты аксонометриялық проекциялардың бөлінуі: тік бұрышты – проекциялаушы сәулелері П аксонометриялық проекцияларына перпендикуляр және қиғаш бұрышты проекциялаушы сәулелері аксонометриялық жазықтыққа көлбеу орналасады.

Координат осьтерінің аксонометриялық жазықтыққа көлбеу орналасуына байланысты аксонометриялық проекциялар негізгі үш түрге бөлінеді.

  1. Изометриялық (изометрия), яғни, тең өлшенеді.

  2. Диметриялық (диметрия), яғни , екі есе өлшену(координаттың екі осінің көлбеулігі бірдей, үшіншісі басқаша; сондықтан екі ось бойынша өлшемдерінің кемуі бірдей, үшіншісі осі бойынша басқаша)

  3. Триметриялық (триметрия), яғни үш есе өлшем(барлық осьтердің көлбеулігі әртүрлі , сондықтан барлық үш осьтерінің бағыты бойынша өлшемдерінің кемуі әртүрлі)

Оқушыларға проекцияларды салып көрсету, салу жолдарын түсіндіру. Кітаппен жұмыс.

ІІІ. Практикалық жұмыс

Практикалық жұмыс кезінде оқушыларға жаңа тақырып бойынша үлестірмелі тапсырмалар беріледі. Оқушылардың жұмыс барысын қадағалау, оларға бағыт бағдар беру. А4 форматына дұрыс орналастыра білулерін, тапсырманы ұқыпты орындауларын қадағалау.

ІҮ. Қорытындылау, бағалау

Оқушылардың тапсырмаларын тексеру.

Сабақты қорытындылау бағытында сұрақтар қою. Сонымен балалар бүгін жаңа сабақты қалай түсіндіңіздер? Соны білу үшін сұрақтар қоялық. Ендеше мына сұрақтарға жауап берелік

  1. Аксонометриялық проекциялау әдісінің мәні неде?

  2. Аксонометриялық проекцияның түрлерін атаңыз?

  3. Изометрияда координат осьтері қалай орналасады? Тік бұрышты диметрияда ше?

  4. Қиғаш бұрышты диметрияның тік бұрышты диметриядан айырмашылығы неде?

  5. Изометриядағы және диметриядағы бұрмалану көрсеткішін атаңыз?

  6. Аксонометриялық проекция мен перспективалық кескіндеудің айырмашылығы неде? т.с.с сұрақтар қойылады.

Оқушылар тапсырмаларды орындауына қарай, бірін – бірі бағалайды, яғни әрбір тапсырмадан алған бағаларын қосып, қорытынды бағаны жариялайды

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Аксонометриялы? проекциялар туралы жалпы ма?л?маттар

Автор: Cапарова Рима Абылаевна

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 296943


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства