Просмотр содержимого документа
«Ағашатрды бейнелейміз»
Тақырыбы : Ағаштардың суретін саламыз
Оқу іс – әрекетін түрі: Сурет салу.
Оқу іс – әрекетінің мақсаты: Балаларды ағаш акварель бояумен салуға үйрету; жіңішке қылқаламмен сурет салу тәсілін меңгерту; саусақ икемділігін арттыру; табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру; қамқорлық көрсетуге баулу.
Балаларға жыл мезгілі жайлы өлең шумақтарын оқып, олардан өлең не жайында айтылғанын, мағынасын сұрау..
Күзгі бақтың суретін көрсетіп, күзгі табиғаттың әдемілігі туралы әңгіме жүргізіледі. Балалардан ағаштың пішініне сипаттама беруді сұрау. Ағаштарлың діні жуан болады, бұтақтары жоғары арай өседі. Жапырақтары күзде сары алтындай түске боялады, жер бетін басып қалады .
Педагог қағаз бетінде әртүрлі ағаштарды - емен, үйеңкі, аққайыңды , т.б салып көрсетеді. Құрылысындағы айырмашылықты түсіндіреді (діңінің жуан не жіңішке болуы , өсу бағытының , бұтақтарының пішінінің әртүрлілігі)
Ары қарай балаларды жұмыс дәптеріндегі сурет салу ретімен таныстыру , жұмысты орындау тәсілдерін түсіндіру . Әр бала өз жұмыс дәптерлерін алып , суретті салуға отырады . Жұмыс барысында балалардың қағаз бетіндегі кеңістікті бағдарлай білуін қадағалау .
Ағаштың діңінің пішінін келтіре отырып , қылқаламмен белгілеу.
Ағаштың бұтағының иірімдерін келтіре отырып , жіңішке қылқаламмен салып шығамыз .
Гүзгі жапырақтарының түсін таңдап алып , оларды ұшар басына қарай бөлек – бөлек жағындылар түрінде бірден бояумен салу .
Сурет салуда қиналып отырған балаларға оңай әдіс – тәсілдермен салу жолын көрсету . суретін өз ой қиялымен толықтыруларына болатынын айту.
Оқу іс – әрекетін қорыту:
Барлық балалардың суреттерін бағалап, талдау жасау.Сурет салуда Жіберілген кемшіліктерге тоқтау.