kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абайды? шы?армаларына иллюстрация

Нажмите, чтобы узнать подробности

Иллюстрация  т?рлі – т?сті бояумен салынады. Иллюстрация латынны? «иллюстро» жары?тандыру с?зінен ал?ан. Мысалы, кітап сыртына иллюстрациялы? суреттер салынады, ол кітапты? мазм?ны? аша т?су ?шін керек. Кітапты иллюстрациялау графика ?неріні? бір т?рі.
Графика туралы естері?де ме? Графиканы салу ?шін ал?аш?ы кезде ?арындаш к?мір, тушь пайдалан?ан дегенмін. Кітапты иллюстрацияла?анда оны? мазм?нына с?кестендіру. (Мысалы, ретінде бірнеше кітаптарды? суретін к?рсету керек).
Кітап графикасына ата?ты суретшілеріміз ?. ?астеев, ?. ?ожы?ов, Н. Сма??ловтар к?п е?бек сі?ірген. Б?дан иллюстрациялы? суреттерге то?талайы?
?аза?ты? ?лы а?ыны Абай шы?армаларына кезінде суретшілер бірнеше иллюстрация жаса?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абайды? шы?армаларына иллюстрация»

10.12.2015ж.

«Тексерілді»

Директордың оқу-тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

________ Сынабаев Н

Қысқа мерзімдік жоспар


Сабақтың тақырыбы: Абайдың шығармаларына иллюстрация.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету арқылы көркемдік талғамын қалыптастыру.

а) Білімділік:. Иллюстрация деген ұғыммен таныстыру. Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.


ә) Дамытушылық: Шығарма мазмұнын бейнелей білуге, алған білімін өмірде қолдана алуға үйрету .


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.


Сабақтың нәтижесі:

Оқушылар иллюстарцияның не екенін өз бетінше оқып түсінеді. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқи отырып, шығарма мазмұнын қағаз бетіне бейнелеуді үйренеді.


Сабақтың әдіс-тәсілдері : Оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру әдістері (түсіндірушілік-көрнекілік: көрнекілік суреттер, иллюстрациялар, кестелер және тағы басқаларды көрсету).

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың шығармаларының мазмұнына қарап салынған суретші шығармалары, иллюстрациялар.

Сыныбы: 6 "Ә"

Пән мұғалімі: Н.Ауезов

Уа-қы-ты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

10 м


Ой шақыру.


І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.
2.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Шаттық шеңбер:

-Балалар бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық.бір-бірімізді күлімсіреп,алақандарымыздың жылуы арқылы бір-бірімізбен амандасайық.Қанекей балалар саусақтар арқылы бір-бірімізге жақсы көңіл күйімізді таратайықшы!

 -Неге ұқсадық екен?

-Балалар сендердің бүгінгі  көңілдерің күннің көзіндей жарқырайды.

Көңіл-күйіміз жақсы ма?. Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

3.Топқа бөлу.Оқушыларды жыл мезгілдерінің суреті бойынша 4 топқа бөлу.









ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

« Галерея аралау» әдісі. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.


Сабақты бастамас бұрын оқушылаға сыни ойландыру мақсатында ой шақыру сұрақтары қойылады.


-Балалар сендер топ құрау үшін қандай суретті құрастырдыңдар?

-Ия, бұл жыл мезгілдерінің бейнесі ал сендер осы табиғат көріністерін бейнелейтін қандай өлең білесіңдер?

- Абай кім?

- Ал олай болса Абайдың сол өлеңдерін топтағы бөлінулерің бойынша оқып бере қойыңдаршы.














































-Ақынның бұл өлеңі қандай ғажайып құбылыстарға толы?

- Балалар біз не жасадық, бұны біз не деп атаймыз, өз сөздеріңмен анықтамасын айтып көріңдерші.

Ондай бола бүгінгі тақырыбымыз "Абай шығармаларына иллюстрация жасау" деп аталады. Ал сабағымыздың мақсаты "Әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуды үйрену арқылы көркемдік талғамымызды қалыптастыру болмақ. Қалай қойылған мақсат сендерді шабыттандыра алды ма?

1.Мұғаліммен сәлемдеседі.

Басбармақ әдісімен көңіл-күйлерін білдіреді. Керемет!




Бір-біріне алақандарын жақындату  (Балалар таңғалысы) дөңгелек пайда болады.

(Балалар жауаптары)

 -Күннің шуағына.

2. Оқушылар көктем,жаз,күз,қыс мезгілдері суретінің қиындыларын құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді.



Оқушылардың үйде салып келген суреттері тақтаға ілінеді. Өздеріне ұнаған суретке сынып оқушылары смайлик жапсыру арқылы баға береді.





- жыл мезгілдерін


- Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне арнап жазылған өлеңдерін білеміз


- ұлы жазушы,ағартушы, композитор

Көктем тобы "Жазғытұры"

Жазғытұры 
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен, 
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, 
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Жаз тобы "Жаз"

Жаз

Жаздыкүн шілде болғанда,  

Көкорай шалғын, бәйшешек 

Ұзарып өсіп толғанда; 

Күркіреп жатқан өзенге 

Көшіп ауыл қонғанда:  

Шұрқырап жатқан жылқының  

Шалғыннан жоны қылтылдап, 

Ат, айғырлар, биелер 

Бүйірі шығып, ыңқылдап, 

Суда тұрып шыбындап, 

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай 

Айнала шауып бұлтылдап, 

Жоғары-төмен үйрек, қаз 

Ұшып тұрса сымпылдап...

Күз тобы "Күз"

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, 

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай…

Қыс тобы "Қыс" өлеңін оқып береді

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды, 

Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық, 

Басқан жері сықырлап, келіп қалды. 

Дем алысы — үскірік, аяз бен қар, 

Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды. 

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, 

Аязбенен қызарып ажарланды. 

Бұлыттай қасы жауып екі көзін, 

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды...

- Өлең мазмұнын суреттеп береді


- иллюстрация







- Ия



Формативті























Формативті бағалау






















Пазл
















20 м

Мағынаны тану

Тақтадан иллюстрация сөзінің анықтамасын көрсету. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

Иллюстрация түрлі – түсті бояумен салынады. Иллюстрация латынның «иллюстро» жарықтандыру сөзінен алған. Мысалы, кітап сыртына иллюстрациялық суреттер салынады, ол кітаптың мазмұның аша түсу үшін керек. Кітапты иллюстрациялау графика өнерінің бір түрі.
Графика туралы естеріңде ме? Графиканы салу үшін алғашқы кезде қарындаш көмір, тушь пайдаланған дегенмін. Кітапты иллюстрациялағанда оның мазмұнына сәкестендіру. (Мысалы, ретінде бірнеше кітаптардың суретін көрсету керек).
Кітап графикасына атақты суретшілеріміз Ә. Қастеев, Қ. Қожықов, Н. Смағұловтар көп еңбек сіңірген. Бұдан иллюстрациялық суреттерге тоқталайық
Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларына кезінде суретшілер бірнеше иллюстрация жасаған.


Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін мұқият тыңдап көрейікші. Бейнесюжет.

"Желсіз түнде жарық ай"


Сарамандық жұмыс.

Әр топ өздеріңше Абайдың бір өлеңіне иллустация жасап суреттеп салып шығыңдар.

"Галереяға саяхат" әдісімен салған суреттерін тақтаға ілу

Балалар өздерінің айтқан анықтамаларының мағынасы қаншалықты жақын екенін түсінеді






















Оқушылар бейнесюжетті көреді, тыңдайды



Оқушылар салған суреттерін әшекейлейді.



Оқушылар суреттерін тақтаға іліп аралап шығады да екі жұлдыз бір тілекпен бірін-бірі бағалайды



Формативті бағалау.































"Екі жұлдыз бір тілек"


Слайд

5 м

Сергіту

"Желсіз түнде жарық ай" әнін айту

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың, жаны — терең сай, 
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы 
Сыбырласып өзді-өзі. 
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырығып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып, 
Дем ала алмай дамыл қып, 
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгелiп
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі.


Желсіз түнде жарық ай әнін оқушылар музыкасына қосылып айтады


АКТ

6 м

Ой толғаныс


1.«Еркін ой» стратегиясы.


І топ. Эссе жазу

ІІ топ. Өлең шығару

ІІІ топ. Абай атама хат

ІҮ топ. Сабақтан алған әсерлерін жазу.


Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әліде біле түсу керек екенін т.б. өз пікірлерін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен таныстырады. 


- Сонымен балалар біз бүгінгі сабақта өз мақсатымызға жеттік пе?


Қорыту: " Біз кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек

Н.Назарбаев.












Формативті


А4 парағы










3 м

Бағалау

Топ басшысы қойған бағасымен таныстырады.


Табыс критерий

Оқушының аты-жөні

Топта мәдениет-ті сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін, шығармашылығын бағала


Сурет салғанын

Қорытынды

Бағасы

1





2





3






Критерийал-ды бағалау

А 4 парағы

1 м

Үйге тапсырма

Өздеріңе ұнаған Абайдың бір өлеңіне иллустрация жасап келу.

Күнделіктеріне жазып алады


Күнделік




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Абайды? шы?армаларына иллюстрация

Автор: Ауезов Нарбек Пернеханович

Дата: 09.12.2015

Номер свидетельства: 264217


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства