kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жанашырлы?-жан?а ?уат

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан – егеменді, т?уелсіз ел. ?аза?станды дамы?ан ?ркениетті елу елді? ?атарына енгізетін бізді? болаша?ымыз – б?гінгі жастар. Оларды? міндеті – еліні? намысын ?ор?ап, оны ?лемге таныта білу. ?лемге таныту ?шін ?р жас ?з еліні? тарихын, тілін жетік білуі керек. ?аза? тілі – ?аза?стан Республикасыны? т?р?ылы?ты хал?ы ?аза? хал?ыны? ж?не оны? шекарасынан тыс ?мір с?ріп жат?ан ?аза?тарды? (Ресей Федерациясы, ?збекстан, ?ытай, Мон?олия т.б.) ?лтты? тілі. ?азіргі ?аза? тілі ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік тілі болып табылады. ?аза? тіліні? с?здік ??рамы ?те бай, о?ан 67 мы? тізімдік с?з, 24,5 мы? фразеологиялы? тіркес – барлы?ы 91,5 мы? лексикалы? бірлік кірген бір ?ана он томды? "?аза? тіліні? т?сіндірме с?здігі” ку? бола алады. ?аза? тілі т?ркі тілдеріні? (солт?стік-шы?ыс ареал) ?ыпша? тобына кіреді (татар,баш??рт, ?арашай-бал?ар, ??мы?, ?ырым-татар, ?ара?алпа?, но?ай) ж?не ол, ?сіресе, но?ай, ?ара?алпа? тілдеріне жа?ын болып табылады. ?аза? тілі е? к?не бастауын ?р кездегі ежелгі т?рік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ?.?.), Ж?сіп Баласа??нны? "??тад?у білік” е?бегі, Махм?т ?аш?ариді? "Диуани л??атат т?рік” е?бегі, Ахмет Й?гінекиді? "?ибат ?л ?а?айы?” е?бегі, ?ожа Ахмет Яссауиді? "Хикметі” (10-12 ?.?.), Алтын Орда, Ша?атай ж?не ?ыпша? (13-14?.?.) т?сында?ы жазулардан алады.

    Сонымен ?атар, халы? ауыз ?дебиетіні? д?ст?рлері мен тілдік нормаларында ?алыптас?ан, кейінгі кезде а?ындар, жыраулар м?расы арнасына ??йыл?ан, ?лы Абай мен Ыбырай шы?армашылы?ы ар?ылы бізге жеткен ?азіргі ?аза? ?деби тілі. ?аза? жазуы 1929 жыл?а дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын ?олдан?ан. 1940 жылдан бастап ?азіргі уа?ыт?а дейін орыс графикасын ?олдануда. Мемлекеттік тіл, я?ни, ?аза? тілі - ?лемдегі алты мы??а жуы? тілдерді? ішіндегі ?олдану ?рісі жа?ынан жетпісінші, ал тіл байлы?ы мен к?ркемдігі, оралымды?ы жа?ынан ал?аш?ы онды?тар ?атарында?ы тіл. Сондай-а?, ол д?ние ж?зіндегі ауызша ж?не жазбаша тіл м?дениеті ?алыптас?ан алты ж?з тілді? ж?не мемлекеттік м?ртебеге ие екі ж?з тілді? ?атарында т?р. ?аза?станда т?ратын ж?зден аса ?лт ?кілдері ?аза?станны? хал?ын, соны? ішінде ?аза? хал?ыны? т?рмыс-?дебиетін, ?дет-??рпын, м?дениетін, ?дебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген ??рмет – халы??а деген ??рмет. Тілсіз халы?ты?, елді? ?мір с?руі м?мкін емес. ?лем таны?ан ел болу ?шін тілімізді? ж?лдызын биіктетуіміз керек. Тіл – ?астерлі де, ?асиетті ??ым. Ол ?рбір адам?а ана с?тімен бірге еніп, ?алыптасады. Ана тілін с?йген адам – ту?ан жерін, елін, Отанын, атамекенін с?йеді деген с?з. Ал, б?ларды? б?рі – адам баласы ?шін е? ?асиетті ??ымдар. ?мірді? алмастай ?ырын, абзал сырын т?сіне білуіне басты себепкер – ана тілі. ?аза?стан Республикасыны? Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Т?жырымдамасы (1996ж.) ж?не осылар?а негізделген "Тіл туралы” За? (1997ж.) республикада?ы тілдерді? ?лтаралы? жарасты? пен рухани ынтыма?тасты?ты? ??ралы ретінде ?ызмет етуін ж?не тіл алуанды?ын к?здейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ?ана тіл – ?аза? тіліне конституциялы? м?ртебе беріліп отыр. ?аза?стан Республикасында ?аза? тіліні? мемлекеттік тіл ретінде ?ызмет етуіні? бірнеше ал?ы шарты бар. Атап айт?анда, сол тілді ?олданушыларды? саныны? жеткілікті болуы, таби?и ж?не таби?и емес тілдік ортаны? болуы, республиканы? барлы? айма?тарына таралуы, ?о?амды? ?мірді? ?р алуан саласында ?ызмет етуі ж?не ауызша ?рі жазбаша т?рде ?ызмет етуі сия?ты сырт?ы факторларды? болуы, сондай-а? ?аза? тіліні? ??рылым-ж?йесі жетілген, лексика-фразеологиялы? ?оры аса бай, ежелден келе жат?ан жазба ж?не ауызша д?ст?рі бар ?лтты? тілдерді? бірі ретіндегі ішкі тілдік факторларды? болуы – ?аза? тіліні? мемлекеттік тіл ретінде ?ызмет етуіне м?мкіндік береді. Мемлекеттік тілді? ?о?амды? ?ызметі ?о?амды? ?мірді? аса ма?ызды мынадай салаларында ж?зеге асады: бас?ару, а?парат, білім беру мен т?рбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жо?ары мектеп), ?ылым мен техника (?ылыми-зерттеу мекемелерде); ?о?амды? ?ылымдар, жаратылыстану мен на?ты ?ылымдар, техникалы? ж?не ?олданбалы ?ылым, экономика салаларында, ?ылымны? жалпы?а орта? салаларында, б??аралы? а?парат ??ралдары саласында, іс ж?ргізу саласында; мемлекеттік, ?о?амды?-саяси, м?дени мекемелер мен ?йымдарда; дене т?рбиесі, спорт, туризм, денсаулы? са?тау мен емдеу мекемелерінде; ?о?амды? тама?тандыру орындарында; ?нер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялы? ?арым-?атынаста; ?скери-патриотты? т?рбие ж?не білім беру ісінде; шаруашылы? ж?ргізу ж?не ?йымдастыруда; ?ндіріс ж?не ?нерк?сіп орындарында; ?аза?стан Республикасында ?тетін республикалы?, халы?аралы? ??рылтай, конференция, м?жіліс, жиындар т.б. Сонымен, ?аза? тілі – д?ст?рлі, т?ра?ты, ?ата? тілдік нормасы бар, стильдік тарма?тары саралан?ан, жалпы халы?ты? тілден ?лтты? де?гейге к?терілген тіл. Бізді? ана тіліміз - ?аза? тілі: - т?пкі т?рін са?та?ан т?ркі туыстас байыр?ы тіл; - ежелден жазба м?дениеті бар тіл; - ?деби тіл, жергілікті тіл (диалекті), с?йлеу тілі, ?арапайым с?йлеу тілі т?різді формалары бар; - демографиялы? тірегі мы?ты ?лтты? тіл; - ??рылым-??рылысы кемелденген тіл; - егеменді ?аза?стан Республикасы ?з ?ам?орлы?ына ал?ан мемлекеттік тіл.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жанашырлы?-жан?а ?уат»

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі. Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады. Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады.

Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі: - түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл; - ежелден жазба мәдениеті бар тіл; - әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар; - демографиялық тірегі мықты ұлттық тіл; - құрылым-құрылысы кемелденген тіл; - егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жанашырлы?-жан?а ?уат

Автор: Дауитова Куляйхан Абделиевна

Дата: 13.01.2016

Номер свидетельства: 276364


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства