kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЖА?АРТЫЛ?АН "К?РКЕМ Е?БЕК" П?НІМЕН ТАНЫС БОЛАЙЫ?!

Нажмите, чтобы узнать подробности

ЖА?АРТЫЛ?АН П?Н "К?РКЕМ Е?БЕК" ДЕП АТАЛАДЫ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЖА?АРТЫЛ?АН "К?РКЕМ Е?БЕК" П?НІМЕН ТАНЫС БОЛАЙЫ?!»

Жаңартылған «Көркем еңбек» пәнімен таныс болайық!


СҚО Айыртау ауданы

Саумалкөл қазақ орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Жукенова Махаббат Тулетаевна

Жеке өз басым қаймақ қосылған бүлдіргенді жақсы көремін, алайда, неге екені белгісіз, балық құрттарды жақсы көреді. Сондықтан да, балыққа бара жатқанда өзімнің жақсы көретінімді емес, балықтың жақсы көретінін ойлап барамын.  Дейл Карнеги

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында 2016 жылының 1-қыркүйегінде 1 сыныпқа «Көркем еңбек» пәні енгелі тұр. «Бейнелеу өнері» пәні жаңаша «Көркем еңбек» деп аталады. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат берілген.

Бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы аясында әзірленген осы «Бейнелеу өнері бағдарламасы» бойынша 18.07-22.07.2016ж. аралығында Айыртау ауданымыздан алты әріптесіммен жаңартылған «Көркем еңбек» пәні бағдарламасымен Петропавл қаласында «Педагогикалық шеберлік орталығы» ұйымдастырған бір апталық курста біліктілігімізді арттырып қайттық. Көріп үйренгеніміз, ойға түйгеніміз көп болды.

«Бейнелеу өнері» пәнінің білім беру бағдарламасы арқылы оқушылар өз бойында осы пәннің өзіне тән білім, білік, және дағдыларын дамытатын болады.

«Бейнелеу өнері» пәнін оқытудағы мақсаты көркемөнерді оқытумен байланысты үдерістен көрініс табады, оның құрамына идеяларды зерттеу және әзірлеу, өнер туындыларының суретін салу және жасау, сонымен қатар, идеялармен бірге алынған нәтижелерге де шолу жасау, талдау және бағалау да кіреді. Оқушылар бұл дағдыларды суретшілердің, қолөнер шеберлерінің және дизайнерлердің жұмыстары арқылы өз жұмысын жасайды.

Бейнелеу өнері мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың креативті ойлауын дамыту және түсініктерін нығайту мақсатында пәнді сындарлы зерделеуге ынталандыратын шығармашылықты дамытуға арналған мүмкіндіктерді арттыру.

«Бейнелеу өнері» пәнінің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары үшке бөлінеді.

  • 1-бөлім: Идеяларды зерттеу және дамыту;

  • 2-бөлім: Жасау және дайындау;

  • 3-бөлім: Таныстырылым, талдау және бағалау

Оқу бағдарламасы спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым жатыр.

Себебі оқушылар сыныптан сыныпқа көшу барысында олардың түсініктері қалыптасып, дағдылары шындалған сайын, сурет салу қабілеттеріне деген сенімі артады.

1-сынып

Өз жұмысы туралы қарапайым түсініктеме жасайды.

2-сынып

Өз жұмысын жақсарту туралы қарапайым пікірлер, қысқаша түсініктеме жасау.

3-сынып

Өзінің және өзгелердің жұмысы туралы сындарлы ұсыныс жасау және қабылдау; өз жұмысын жақсарту үшін идея ұсыну және түсіндіру;

4-сынып

Өз жұмысы мен басқалардың жұмысын жақсарту үшін сындарлы пікір қабылдау және негізделген ұсыныс енгізеді;

Оқушылардың «Бейнелеу өнері» пәнін оқытудағы үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқытудың бір бөлігі ретінде күнде қолданылады. Ішкі жиынтық бағалау әр тоқсанның соңында және оқу жылының соңында оқушылардың үлгерімін бағалау үшін қолданылады.

«Бейнелеу өнері» пәні оқушылардың қызығушылықтарын арттыратын пән. Бұл сабақта тек бояу, қылқалам, қарындаштармен жұмыс жасамайды. Сонымен қатар саусақтың ұшымен, алақанмен , алақанның қырымен, әртүрлі жемістер, құм т.б құралдармен шығармашылықтарын арттыра алады. Аталған курс тренері Уалиева Гульзира Серікқызына айтар алғысымыз шексіз болды. Өйткені курс соңында онлайн тест тапсырып 30 әріптесім бұл сынақтан сүрінбей өтті. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. . Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ЖА?АРТЫЛ?АН "К?РКЕМ Е?БЕК" П?НІМЕН ТАНЫС БОЛАЙЫ?!

Автор: ЖУКЕНОВА МАХАББАТ ТУЛЕТАЕВНА

Дата: 15.08.2016

Номер свидетельства: 339441


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства