kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

   О?ытуда?ы Кембридж т?сіліні? теориялы? негіздері о?ушыларды? ойлауын дамыту оларды? б?рын?ы ал?ан білімдері мен жа?а немесе сыныпта?ы дерек к?здерінен, м??алімнен, о?улы?тан ж?не достарынан ал?ан білімдерімен астастырыла ж?зеге асады деген т?жырым?а негізделеді[1:6].

Б?л астастырылуды? негізінде е? алдымен сыныпта?ы ынтыма?тасты? атмосферасы жататынды?ына «мектептегі т?жірибе» кезінде к?зімді жеткіздім. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптастыру»

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Автор – Аралбаева Актолкин Габбасовна

Бейнелеу өнері, сызу, технология пәндері мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Х.Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп


Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді[1:6].

Бұл астастырылудың негізінде ең алдымен сыныптағы ынтымақтастық атмосферасы жататындығына «мектептегі тәжірибе» кезінде көзімді жеткіздім.

Жаңа білім алу үдерісі мұғалімнен сыныптағы оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды талап етеді. Осы кезекте ойыма белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің: «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» - деген сөздері оралды. Ал, баланың білімге деген құштарлығын ояту үшін оңтайлы орта, қолдау қажет екені сөзсіз. Сол себепті мектептегі тәжірибе кезеңінде жұмысымды орта мерзімдік жоспарыма сәйкес 5 «а» - сыныбымен танысудан бастадым. Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі алған тәжірибеме сүйене отырып, 5 «а»-сыныбы оқушылармен кездесу сағатын ұйымдастырдым. Оқушыларға өз мақсатым мен жұмыс бағытымды түсіндіріп, алдағы төрт апта ішінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өткізуді жоспарлап отырғанымды түсіндірдім. Оқушылар менің ұсынысымды қуана қабылдады. Балаларға ынтымақтастықта жұмыстану үшін алдымен топ жасақтап, оның ережесін шығару керектігін айттым. Олар ойлана келе топты «Болашақ» деп атаймыз деген келісімге келді. Топтың ұраны мен ережесін бірлесе отырып шығардық. Сыныптағы А есімді белсенді оқушы «Болашаққа ақ ниетпен бастаймыз, ұйымшылдық ережесін сақтаймыз» деген ұранды құрастырды. Оқушыларға «ақ ниет, ұйымшылдық» дегенді қалай түсінесіздер?» - деген сауал тастадым. Олардан бір-бірімізге адал, мейірімді болу керекпіз, тату болу керекпіз деген жауап алдым. Енді топтасып жұмыстану үшін, топ ережелерін құрастырдық. Балалар «Тәртіп, бірлік, сыйластық, жауапкершілік, тиянақтылық» деген ержелерді таңдап алды. Оқушылардың сыныптағы психологиялық ахуалын байқау мақсатында топтық тапсырма бердім. Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қойып, жауабын бірлесе табуды тапсырдым. Оқушылар бірлесіп жақсы жұмыстанды. Бірақ та баланың айналасында бір шалалық жүрмей ме, кенеттен І есімді қыз бен Ә есімді ұл бала қақтығысып қалды. Алдымен сабыр сақтауға шақырып, мәселенің неден ушыққанын сұрадым. Оқушылар ол екеуінің үнемі кикілжіңге келіп қалатынын айтты. Қыз баланың мінезі ашуланшақ болса, ұл бала жыбырлақ. Екеуіне жаңа ғана айтылған ережені қайта түсіндіріп, олар бірлесіп жұмыстану үшін өздері шығарған ережені сақтау керектігін түсіндірдім. Сабақ соңында топ ережесін қағаз бетіне түсірдік. Балалар алма ағашын бейнелейік деген ұсыныс тастады. Плипчарт бетіне қарындашпен белгілеп бердім де, өздеріне бояуды тапсырдым. Ұл балалар алма ағашын бояса, қыз балалар жапырақтар мен алманы ойып шығарды. Әр жапыраққа оқушылардың есімін, алмаларға ережелерді жаздық. Бір оқушы «Апай, сіздің атыңыз жазылмай қалды» - деп, бір жапыраққа есімімді жазып, үстіңгі жағына қарай іліп қойды. Ішімнен балардың көңіліне жол таба білдім, олар мені де өз топтарына қосты деген ойға келіп, марқайып қалдым. Ендігі жерде «Балалар, біз мына алма ағашындағы жапырақтармыз, біз тату болсақ қана алма ағашы гүлдеп, жеміс береді. Ал ол жемістер біздің – ережелеріміз. Сондықтан бұл ережелерді сақтап жүрсек қана табысқа қол жеткіземіз» - деп, ой тастадым (1-сурет).

Келесі сабақтарымда алғашқы күнгідей кейкілжің орын алған жоқ, топтағы оқушылар салғырттық танытып, жұмысқа қатыспай отырса, өзге топтан қалып қоясыңдар, сондықтан бірлесіп, бірігіп жұмыс жасаңдар деп ынталандырып отырдым. Оңтайлы сәтін тауып, сынып оқушыларын мультимедиялық кабинетке апарып, тренеріміз ұсынған «Настоящая команда» мультиролигін көрсеттім. Оқушылар жақсы әсер алды, көңілденіп, бір-біріне күлімдей қарап сабақтарына бара жатты.

Бұл сыныптың оқушылары маған бұрыннан таныс болғанымен табысты нәтижеге жету үшін олардың мінез-құлық ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын, білім-білік дағдысын әлі де зерттей түсу керекпін деген ойға келдім. Сынып жетекшісімен кездесіп, оқушылардың проблемалары жөнінде кеңестік. Ә есімді баланың үнемі оқу құралдарының болмайтындығы, сондықтан өзге оқушыларды жиі мазалайтындығы туралы білдім. Ауылдық жерде әр оқушының әлеуметтік жағдайы көпшілікке аян. Ә есімді оқушы аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан. Ата-анасының да жайынан хабардар болғандықтан, оларды мазаламай, оқушыға қажет оқу құралдарын өзім бердім. Сөйтіп бұл мәселенің де бір шешімін уақытша болса да таптым деп ойлаймын.

Оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені [1:32]. Ал осы кешеннің ең алғашқы тетігі ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру екендігін түсініп, өз сабақтарымды сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатудан бастадым. Ол үшін төмендегідей тренингтер мен әдіс-тәсілдерді қолдандым:

  • «Шаттық шеңбері»

  • «Жылы тілектер» (2-сурет)

  • «Сақинамды силаймын»

  • Музыка әуені

Оқушылар бір-біріне жағымды тілек айтып, сабақ барысында ауызбіршілікте жұмыстана алды.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру тек қана жайлы көңіл-күй орнатумен ғана шектелмей, сабақ барысында сындарлы оқытудың жеті модулімен ықпалдаса жүзеге асып отырылуы тиісті.

Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше[1:39]. Ал Мерсер мен Литлтон болса (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті[1:39]. Осы тұжырымдамаларды басшылыққа ала отырып, ынтымақтастық атмосферасын ұтымды ұйымдастырудың тағы бір маңызды тетігі – сыныптағы диалогтік оқытуды оңтайлы қолдану деп білдім. Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Барнс пен Мерсердің айтуынша, мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде... оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, белгілі бір мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялар мен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінік қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады[1:40].

Сондықтан да сабақтарымда оқыту формаларының жұптық, топтық оқыту түрлерін таңдадым. Бірінші сабағымда топ тұмарын құрастыруға, екінші сабағымда «Киім үлгісін» ойлап табуда (3-сурет), үшінші сабағымда топтарға мәтін үлестіріп, «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы арқылы, төртінші сабағымда бірлесіп анықтама ойлап табуда оқушыларға бір-бірін оқытуға, үйретуге мүмкіндік туғыздым.

Сынып оқушылары бірлесіп жұмыстанған кезінде өздерін жайлы сезіне алды. Тапсырманы бөлісіп орындау көп жағдайда табысты нәтижеге әкеліп отырды. Топта, жұпта жұмыстану барысында бала бойындағы көптеген қабілеттерді ашуына, сыни тұрғыдан ойлап үйренуіне, көшбасшылық қабілетін дамытуына үлкен ықпал тигізетінін байқадым.

Қиындық келтірген – кейбір оқушылардың жауапкершілігінің төмендігі мен салғырттығы болды. Бұл оқушылардың есімін түртіп алып, болашақта кедергіні жою үшін жұмыстану керекпін деген тоқтамға келдім. Мысалы, жауапкершілігі төмен оқушыларды жұптастырып тапсырма беру, басқа да тиімді стратегияларды тауып, жұмыстану керекпін деп ойлаймын.

Сонымен мектептегі тәжірибе кезеңі аяқталып, екінші бетпе-бет кезеңінде бас қостық. 4 - топ тыңдаушылары мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар бойынша, соның ішінде ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру тақырыбында бірлескен таныстырылым жасадық. (4-сурет) Әр тыңдаушы өз тәжірибесінде туындаған проблемаларын ортаға салып, одан шығу жолдарын бірлесе қарастырдық. «Тапсырманы орындау кезінде сізде қандай қиындықтар болды?» – деген сұраққа топ тыңдаушылары:

  • Топтастыру кезінде оқытуда кедергісі бар оқушылардың, ұяң, аз сөйлейтін балалардың бір топқа түсуі;

  • Кейбір сыныптағы психологиялық ахуалдың төмендігі;

  • Оқушылардың көшбасшылық қабілетінің аздығы;

  • Кейбір оқушылардың енжарлығы, менмендігі туралы сөз болды. Бұл мәселелерден шығу жодарын бірлесе қарастыра отырып, түрлі ұсыныстар айтылды. Мысалы:

  • Жұптарға тілек айтқызу;

  • «Мұнара» постері;

  • «Экипаж» стратегиясы т.б.

Маған осы әдіс-тәсілдердің ішінен Қ есімді тыңдаушы ұсынған «Экипаж» стратегиясы қатты ұнады. Сыныпты төрт топқа бөліп, оларға «Сайлау», «Барлығы», «Делегат», «Сенім» деген атау беріледі. Тапсырмаға жауап беру кезінде «Сайлау» тобынан мұғалім сайлаған оқушы, «Барлығы» тобынан оқушылар түгел, «Делегат» тобынан өздері сайлаған өкіл, «Сенім» тобынан топ көшбасшысы тағайындаған оқушы жауап береді. Жауапты бағалау да осы жүйе бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс-тәсілдің маңыздылығы оқушыға сенім арту, қолдау көрсету, көшбасшылыққа үйрету болып табылады деген тұжырым жасадық. Топ тыңдаушылары осы тапсырмаға қатысты таныстырылымды «Ынтымақта өткен сабақ – нәтижелі сабақ» деген мағыналы сөзбен аяқтадық және тыңдаушылар ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру – бұл оқушы мен оқушының және мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас ынтымақстастығы деген анықтама бердік. Бұл ынтымақтастықты ұйымдастырушы басты тұлға – мұғалім. Сондықтан да біз өзімізге жүктеліп отырған жұмыстың үлкен жауапкершілік талап ететіндігін түсінуіміз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші базалық деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

2. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (негізгі) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ынтыма?тасты? атмосферасын ?алыптастыру

Автор: Аралбаева А?тол?ын Габбасовна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321096


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства