Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс "Сиқырлы бояулар әлемінде"»
«Сиқырлы бояулар әлемінде»
интеллектуалдық танымдық сайыс
Күні: 14.12.2016 ж.
Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.
Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу. Түрі: дәстүрлі емес Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу. Көрнекілігі: слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер. Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!
Бүгінгі сурет сабағынан 3- сынып оқушылары арасындағы «Сиқырлы бояулар әлемінде» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер.
Ойынға қатысушыларды сұрақтар қою арқылы анықтайтын боламыз. Олай болса, бастайық.
Натюрморт дегеніміз не? ( жансыз заттарды бейнелеу)
Натюрморт қандай мағына береді? ( өлі табиғат немесе қозғалмайтын зат)
Суретті ең алдымен неден бастайды? (компоновка)
Гуашь дегеніміз не? (ең тығыз,қою жағылатын бояу)
Акварель дегеніміз не? (Суды көп қосып жағылатын мөлдір бояу)
Интерьер дегеніміз не? ( ғимараттың ішкі көрінісі)
Көлеңке нешеге бөлінеді? ( Меншікті, түспе)
Меншікті көлеңке дегеніміз не? (Заттың жарық түспейтін бөлігі)
Түспе көлеңке дегеніміз не? (Заттың жерге түскен көлеңкесі)
Жылт дегеніміз не? (жарықтың заттың үстіне түскен ең ашық жері)
Суретшінің өзін-өзі салуы.(Автопортрет)
Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)
Сайысымызға қатысушылар белгілі болды. Осылайша төрт адамнан үш топқа бөлемін.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық!