Просмотр содержимого документа
«Программа факультативного курса по ИЗО "Жас суретші"»
«Жас суретші»
факультативті курсына бағдарлама
Түсінік хат
Бұл бағдарлама ата-ана және оқушының сұранысы бойынша жас ерекшелігін ескере отырып, 5- сынып оқушысына жасалған. Аптасына 1 рет өтілетін сабақ негізінде және жылдық уақыт мөлшері - 34 сағатты құрайды.Бұл бағдарламаны құру барысында оқушылардың өнер туындыларын түсіне алатын қабілеттерін дамытуда күрделенген тақырыптар алдым.Мектеп бағдарламасынан тысқары,күрделенген, кеңейтілген тақырыптар алынды.Сонымен бірге талғампаздықты, үйреншікті нәрселерден сұлулықты таба білу қабілетіне ие болу, көргенін есте ұстау және қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап талдауға, білгенін жинақтауға үйренеді. Бағдарлама оқушының 5-сыныпта игерген білім жүйесін, практикалық бейнелеу және өнерді қабылдау жұмыстары арқылы жүйелі түрде жалғастыруға, тиянақты бекітуге құрылды. Ұсынылып отырған бағдарламаның мазмұны, қазіргі кезеңде республикалық қазақ мектептерінде оқу-тәрбие жұмыстарына қойылып отырған негізгі мақсат-міндеттерімен, талаптарымен ұштастырыла жасалған. Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушының әсемдік талғамын, көркемдік іскерлік және ісмерлік қабілетін дамыту арқылы, оларға имандылық, ізгілік-эстетикалық, көркемдік тәрбие береді. Оқушы заттың пропорциясын, ондағы дақтар арақатынасын іздестіре алуы, неғұрлым әсерлі бояу шешімдерін таба білуді үйренеді. Әрбір дара тұлға, көркем іс-әрекеттердің түрлеріне бейімдеп қоршаған орта мен табиғаттағы түрлі-түстер мен формаларды танып, қабылдау қабілеттері қалыптасады. Оқушының қоршаған өмір шындығы, заттар пішіні, құрылысы, табиғат дүниесінің құбылыстары, адамдар мен жан-жануарлар өмірінің ерекшеліктері, туған жер сұлулығы туралы түсініктерін қалыптастыруға және олардың бейнелеу өнері саласындағы алғашқы көркемдік таным өрісін, білім шеңберін кеңейте отырып, бейнелеу жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде игеруін қамтамасыз етуге құрылған. Бейнелеу өнері сабағында оқушының практикалық білімі мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білу, олардың шындық пен өнердегі байқағыштығын, шығармашылық ынтасын, өнерге деген қызығушылығын арттырады. Қоршаған шындық объектілерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру, белсенді шығармашылық жұмыс оқушыларды еңбекке баулиды және табиғат сұлулығын қорғай білуге тәрбиелейді.
Оқу курсының мақсаттары: Мен бұл бағдарламаны құрғандағы мақсатым;- жас суретшінің дұрыс жолмен дамуына алғашқы түрткі жасау, көркем шығармашылықтың түрлі салаларында шеберлікті, жұмыс істеу техникасын бастапқы меңгеру үшін мүмкіндігінше жан-жақты материал бере отырып, оқушының өнерге деген құштарлығын арттыру. - Өзімізді қоршаған дүниені танып білудің, шығармашылық толғанысты және әсемдікті түсіну қабілетін дамыту. - Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту арқылы өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. - Қылқалам, акварель бояуымен айналыса отырып оқушының практикалық дағдыларын меңгертіп қана қоймай, шығармашылық ойларын жүзеге асыру. - Өнерге деген қызығушылығын арттырып, эстетикалық танымын қалыптастыру, дамыту.
Міндеттері: - Сурет салу барысында оқушылардың байқағыштық әдістерін қалыптастыру.
- Үйлесімдік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіру.
- Адамгершіліктің ізгі қасиеттерін сіңіруге көмектесу, өнерге деген қызығуы мен сүйіспеншілігін ояту, шығармашылық ойлау қабілетін арттыру.
- Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары және мәнерлік «тілінің» ерекшеліктері туралы түсінікті тереңдете дамыту.
- Композициялық тұтастық. Табиғат әлеміндегі және бейнелеу өнеріндегі бояу түстері. Түстер үйлесімі, колорит.
- Табиғат дүниесінің құбылыстарын эстетикалық қабылдау (объектілердің кеңістікте орналасуы, заттар пішіні мен бояу түстері, жыл маусымдарындағы көңіл күй өзгерісі, өсімдіктер,жан-жануарлар дүниесі).
- Адам өмірі және оған қажетті заттар мен мүліктер (пішінін, атқаратын міндетін, адам өміріндегі орнын байқап талдай білу және бейнелеу).
- Бейнелеу өнеріне тән терминдер мен түсініктерді, атауларды ұғыну
Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар: Міндетті деңгей: -Бірнеше көрнекті өнер шеберлерінің аты-жөнін, олардың атақты шығармаларының аттарын білу; - Бейнелеу өнерінің жанрларының көркемдік бейнелі тілін, көркем образдарының жасалу жолдарын; -Екі-үш халық өнері орталықтарының атын, орнын және шығаратын өнімдерінің сипатын білу; -Табиғат сұлулығын көре, сезіне білуі, сонымен бірге өз көргендерін, алған әсерлерін ауызша айта және суреттей, бейнелей білуі; -Бейнелеу өнері шығармаларының образдық мазмұнын ашуға (ауызша) қажетті түсініктемелер мен терминдерді дұрыс пайдалана білуі және мәнерлі сөз тіркестерін таңдай білуге; Мүмкіндік деңгей: - Шығармашылық жағынан өз қабілетін көрсете білу; - Кез- келген тақырыпта ойын қағаз бетіне түсіре білу; - Баяу түрлерін ұқыпты қолдана білу; - Екі-үш халық өнері орталықтарының атын, орнын және шығаратын өнімдерінің сипатын білу;
Күтілетін нәтиже: - Оқушы өз алдына мақсат қоя алады; - Сыныпта, басқа ортада өзін дұрыс ұстап белсенділік таныта алады; - Басқалардың пікірімен санаса алады;
Нәтижені бағалайтын құралдар: - Оқушының жұмыстарын жинақтау, көрме ұйымдастыру, аудандық, облыстық байқауларға жіберу;
«Жас суретші» курсы бойынша оқу материалының тақырыптық бөлінуі ( Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
№
Мазмұны
Сағат саны
1
Талапкер суретші және шығармашылық
6
2
Қағаз пластикасы
6
3
Плакат өнері
4
4
Шрифт
3
5
Қабырға газеті
5
6
Декорациялық - көркемдеу өнері
6
7
Мүсіндеу өнері
4
Оқу курсының тақырыптарының мазмұны. Талапкер суретші және шығармашылық бөлімінде оқушыға болашақ мамандықты таңдауына ықпал ете отырып, ішкі эстетикалық қажетсінуді қанағаттандыру шығармашылық жағынан өз қабілетін көрсете білуге үйретемін. Бұл бөлімде гравирлеудің жаңа әдіс-тәсілімен, монотипия, матриц өнерлерімен таныстырамын. Қағаз пластикасы бөлімінде оқушылардың қағаздан жасаған «мүсіндері» әрине нақты аумақты бере алмайды. Оқушы аумақтық әсерін туғызуға жылтыр қағазды түрліше кесілген, бүгілген немесе ойып кесілген қиындыларын үйлестірумен, түрлі силуэттерді, көлеңкелі театр кейіпкерлерін алдынан, қырынан тағы басқа қиылыстырумен қол жеткізеді. Плакат өнері бөлімінде талапкер суретшілер жасаған плакаттар көрнекі үгітте үлкен роль атқару керек. Плакаттар тақырыбы мектептің міндеттерімен шектелмей, жас азаматтар өмірінің бар саласын қамтуы керек. Плакаттар әдебиет, ғылым, өнер, спорт, денсаулық мәселелеріне арналуы мүмкін. Плакатшылардың алдында тұрған міндетті талап: -әрқашан жаңа, бірегей, ұтымды, көрермендердің көңілін аударатындай болуы керек. Шрифт бөлімінде оқушы шрифттік композиция жасау жұмысына кірісе отырып ең алдымен бір немесе бірнеше шрифтерді іріктеп алып мәтінге сәйкес табу керек. Бұл жағдайда біріншіден, текстің идеялық бағыты, екіншіден оның нақты мазмұны мен атқаратын қызметі, үшіншіден композициялық элементтер – қағаз форматы, сөйлем жолының көлемі, әріп пен фонның қажнтті түр-түсі айқындаушы факторлар болып табылады. Қабырға газеті бөлімінде көркемдеуші суретші шрифтердің түрліше графикаларын еркін игеріп, пропорцияны, тепе-теңдікті, түстер үйлесімін және басқа көркем бейнелеу құралдарын жақсы сезіне білуге үйренеді. Үйірме мүшелері қоғамдық немесе мәдени шараларға қатысып отырады. Белгілі бір тақырыпта карикатура салып үйренеді. Декорациялық көркемдеу өнері бөлімінде оқушы өз алдына қойған мақсаттарын жете ойлап, соған орай өз композицияларын жасаулары тиіс. Стенділерде сахнаны безендіргенде, көрмеде композицияның идеялық және көркемдік жағынан дұрыс құрылуы көрме экспонаттарымен оларға түсінік беретін материалдарды терең ойластырып орналастыру керек. Стендіге қойылған барлық материалдар біртұтас, бірегей композицияға құрылып, стенді тақырыбын көркемдік құралдар арқылы ашатындай болуы қажет. Мүсіндеу өнері бөлімінде аумақтық формалармен жұмыс істеу туралы оқушы табиғатпен серіктесе отырып, таңданарлық және ғажайып нәрселерді дүниеге әкелуіді үйренеді. Яғни тамырлардан, бұтақшалардан жасалатын мүсіндік этюдтер туындайды. Мұнда папье-машье, жануарлар мүсіні, табиғи заттардан мүсін құрастыруды үйренеді. Қорыта келгенде практика жүзінде жүргізілген сабақ барысында оқушылардың меңгеретін дағдылары артады. Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы, эстетикалық талғамы, интеллектуалды белсенділігі жоғары жеке тұлға қалыптасады. Пәнаралық байланыс Бейнелеуді оқушылар басқа пәндерде де қолданады. Мысалы, технология сабағында нәрсені жасау үшін суретті қолданады. Биология сабағында ағзалардың, сызуда тетікбөлшектердің техникалық , физика сабағында әр түрлі тізбектердің суреттерін салады. 1. Бейнелеу және технология. Оқушылар бұйымды жасамастан бұрын алдымен жобалық суретін салады. Сурет бойынша бұйымды жасау бейнелеу және технология пәндерінің байланысын аңғартады. 2. Бейнелеу өнері және сызу. Екі пән мазмұны жағынан әр түрлі. Бірақсызу пәні мен бейнелеу өнері пәні бірдей міндеттерді қарастырады. Сызу сабағында оқушылар нәрселердің сызбасын оның кеңістіктегі кескініне сүйене отырып орындайды. Бейнелеу өнері сабағында нәрселерді әр қырынан бейнелеу жиі кездеседі. Осыдан кеңістіктегі заттарды көз алдына елестете бейнелеудің маңызы зор. 3. Бейнелеу өнері және физика. Оқушылар мектепте ғылыми білімнің негізін физика сабағында алады. Физика сабағында оқушылар механизмдер мен машиналардың, автоматтандырылған құралдардың құрылысы мен қозғалысын оқып танысса, бейнелеу арқылы олардың жобасын орындайды. 4. Бейнелеу өнері және география. География сабағында оқушылар көптеген графикалық жұмыстар орындайды. Оған схемалық суреттер жатады. Мысалы оқушылар мер қыртыстарының суретін салып қажетті мәліметтер алады.
Оқушыларға ұсынылатын ізденіс жұмыстары.
-Бағдарламада жазықтықты бейнелеу жұмысы барлық оқу проблемаларын қамтиды, сондықтан оған көбірек көңіл бөлу және іздену. -Бейненің көрінісін тепе-теңдігін сезіне білу. Бейнеленген объектілердің суреттегі өзара қатынасын, жарық пен бояу түстері гаммасын, сюжеттің мазмұнын түсіну, іздену. -Адам бейнесінің түр-тұлғасын, мінез-құлқын, жас ерекшелігін суретте көрсете білу әдісін меңгеру, іздену. -Сәндік-қолданбалы өнер туындыларының жасалу жолдарымен және композициялық ерекшеліктерімен танысу. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: Білу: -сызықтық және ауадағы көрініс заңдылықтарын -графикалық материалдарды қолдана білу; -акварель мен гуашькесікіндемесі техникасын; Сипаттау: -қиял элементтері бар композиция тудыра отырып қағазбетіне сипаттау; -өмір шындығын шығармашылық ой елегінен өткізе отырып сипаттау; -табиғаттағы кеңістікте өзара байланысты талдау тәсілдерін сипаттау; Айыра білу: -жарық пен көлеңкенің түрлі түстерге әсерін айыра білу; -шығармадағы басты және қосалқы нәрсені ажырата, айыра білу; -бейнелеу өнеріндегі жанрларды айыра білу;
Түсіндіру; -өнер шығармаларын талдай және түсіндіре алуды; -натурадағы зат пішінінің ерекшеліктерін көрсете және түсіндіре алуды; Қолдана білу: -халық өнері мотивін берілген тапсырмалар бойынша әшекейлеу; -эскиз жасау жұмыстарын орындай, қолдана білу; Анықтай білу: -жазықтықтардың ішкі құрылымын анықтай алуды; -перспективалық ара-қашықтықтарды анықтай білу;
Оқушылардың білімдері мен біліктерін бағалау Жас суретші» курсында оқушылардың білімдері мен біліктері әр тараудың соңында бағаланады. Оқушылардың әр жұмыстарына нақты 5 немесе 4 деген баға қойылмайды. Әр тарауды оқып бітіргеннен кейін олардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып бағаланады.
Практикалық сабақтар «Жас суретші» оқушыларға бейнелеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін меңгертуді, дағдыларын дамытуды, сонымен қатар көркемдік бейне жасаудың көп қырлы мүмкіндіктерін көрсетуді мақсат етеді. Бағдарлама көркем бейнелеудің барлық оқу мәселелері негізінде құрылды. Бейнеленген жұмыс әдемі шығуы үшін және практикалық жұмыс барысында қателіктер жібермес үшін мыналарды есте сақтау керек: Олар; - бейненің композициялық құрылымы; - заттар пішіні, пропорциясы, құрылысы; - кеңістік туралы ұғым; - бояулар мен бояу түстері; Бағдарламадағы практикалық жұмыстар графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қолданбалы жұмыстар сияқты сабақ түрлері арқылы жүзеге асырылады. Курс осы аталған оқу мәселелерінің барлығын қамтиды. Мұнда заттың өзіне қарап сурет салуға, табиғат пен өмірдегі көргендерін жатқа немесе елестету арқылы бейнелеуге, бейнелеудің дәстүрлі емес тәсілдерімен сурет салуға бағытталған мүмкіндіктер қарастырылған.Оқу бағдарламасындағы кейбір тақырыптарды бір сағатта бейнелеу мүмкін емес, сондықтан бір тақырыпты бірнеше сабақ өткізу жоспарланды. Бағдарламада кескіндеме өнерінің натюрморт, пейзаж, портрет, анималистік, ертегі жанрларында және әр түрлі тақырыпта суреттер салу қарастырылды. Бағдарлама мазмұны тек сабақ барысында сыныпта меңгерілуі тиіс. Үйге алдағы сабаққа қажетті көмекші материалдар дайындауды, белгілі бір құбылысты бақылауды тапсыру немесе өткен сабақ тақырыбына байланысты оқушының кейбір оқу проблемаларын өз бетінше толық меңгеруіне көмек жасайтын тапсырмалар беріледі.
Пән бойынша оқу-әдістемелік кешеннің тізімі 1. Галян Г.В. Веселые уроки волшебника карандаша; 2. Я рисую цветы и пейзаж. – Ростов но Дону: ООО «Удача», 2. Журнал. Искусство рисования и живописи. Москва: ЗАО 3. Болатбаев Қ., Ибрагимов Ұ. Б. Бейнелеу өнері: Жалпы б. б. мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. –2-басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2005.- 160 бет, суретті 4. Айдарова З. А 31 Бейнелеу өнері: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық / 3-басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2011. – 112бет. Мұғалімге арналған әдебиеттер тізімі 1. Рожкова Е.Е. и Макоед Л.Л Р63 Изобрзительное искусство. VI класс. М., «Просвещение»,1968 2. Щипанов А.С.Щ 84 Юным любителям кисти и резца; Книга для учащихся ст. классов. – 2-е изд., и перераб. – М.: Просвещение, 1981 – 419-6 с., ил. 3. Шпикалова Т.Я.Ш 83 Изобразительное искусство во ІІ классе: Пособие для учителей. – М.: Просвещение,1984 – 207 с.ил. 4. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал Бейнелеу өнері және сызу мектепте және ЖОО-да оқыту 5. В.В. Алексеева Что такое искусство? Москва «Советский художник» 1991 6. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал Бейнелеу өнері және музыка,сызу мектепте колледжде және ЖОО-да оқыту 7. Болатбаев Қ., т. б.Өнер. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 8. Мектептегі өнерРеспубликалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал 9. Платонова Н. И.П 37 Искусство: Энциклопедия / М.: ЗАО «РОСМЭН-ПРЕСС», 2007. – 43 с.: ил. – (Энциклопедия) 10. Ачилов И. Ш.А 97 Анатомия головы человека и построение ее в рисунке. – Алма-Ата:Рауан, 1990 – 112 с. 11. Р. В. Иванович .Искусство видеть. М. «Знание» 1972 12. Школа изобразительного искусство. Издательство «Искусство» Москва, 1966г