kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын сызу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын салу туралы оқушылардың білімін қалыптастыру

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын сызу»

Көктүбек орта мектебі














Тақырыбы:



( ашық сабақ )



9- сынып





Пән мұғалімі : Даутбеков М.С.







2015-2016 оқу жылы



Бекітемін:_____________

Директордың оқу ісі

Жөніндегі орынбасары : Г.Р.Алғалиева


Пәні: сызу Сыныбы: 9 мерзімі :05.12.2015

Сабақтың тақырыбы: Нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын салу

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын салу туралы оқушылардың білімін қалыптастыру
2. Дамытушылық: оқушылардың сызбаны оқу біліктілігін, сызу дағдысын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,сурет-сызбалар,журналдар,үлгі беттері,таратпа материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылардың түгендеу құрал –жабдығын тексеру.
2. Сынып тазалығына көңіл аудару, тақтаны әзірлеу.
3. Оқушыларды шеңберге тұрғызу тілектер айтқызу, геометриялық денеледің пішіндер кескінделген қағазды алу арқылы топқа бөлу.

Текше және алтықырлы призма топтары болып екіге бөлеміз.

Топ басшыларын сайлау оларға топ мүшелерін бағалайтын бағалау парағын беру.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

« Сиқырлы сандық » ойыны арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойу.

1.Сызу аспаптарын ата?

2.Сызба сызықтарының неше түрі бар?

3.Проекциялау дегеніміз не?

4.Техникалық сурет деп нені айтамыз?

5.Центрлік проекциялау дегеніміз не?

6.Жуан тұтас сызығы сызбада қайда қолданылады?

7.Масштаб деген не?

8.Геометриялық денелерді атап беріңіз?

Енді балалар біз сандықша ішіндегі сұрақтарға жауап бердік жаңа тақырып өту үшін бізге жасырын сызба сұрақтары берілген кәне жауап берейік.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Тетіктің бетінде орналасқан нүктенің проекциясын салу кезінде ол нүктенің қандай бетте немесе беттің қандай элементіндеорналасқандығын білу қажет.Сонан кейін оның проекция жазықтығына немесе пішінінің басқа элементіне қарағандағы геометриялық орнын анықтап аламыз.Кез келген тетікті геометриялық денелердің жиынтығы ретінде қарастыра отырып, нүктенің проекциясын табуға болады.

А нүктесі көріністе а фронталь проекциясының алдында берілетін мысалды қарастырайық.А нүктесін басқа проекцияларын табу керек.Сызба бойынша нүктенің жоғарғы параллепипедтің алдыңғы жағында тұрғандығын анықтаймыз.(126-сурет)

А нүктесінің горизонталь проекциясын салу үшін үстіңгі көріністен жақтың горизонталь проекциясын салу керек, сонан кейін а-тен нүкте орналасқан жақтың горизонталь проекциясымен қиылысқанша проекциялық байланыс сызығы жүргізіледі.Қиылысудың а нүктесі А нүктесінің горизонталь проекциясы болады.

Графикалық жұмыс

1.Нәрселердің сызбаларының екі проекциясы берілген А мен В нүктелерінің проекциялары жататын бетті белгіле. ( 127 сурет)



V.Қорытынды

Тест шешу Тест сұрақтары

  1. А 2 пішімдегі қағаз өлшемдерін көрсет

а/297*420; ә/420*594; б/594*841

  1. өлшемдері 297*420 мм пішімнің шартты белгісін көрсет

а/А 3; ә/А 1; б/А 2

  1. Сызбадағы көрінетін контурларды қандай сызықпен көрсетеміз?

а/тұтас жіңішке; ә/ұзілме; б/тұтас жуан

  1. Сызбадағы көрінбейтін сызықтарды қалай көрсетеміз?

а/жіңішке үзілмелі коснүктелі;

ә/жіңішке нүктелі үзілме;

б/үзілме

  1. Шығару және өлшем сызықтарын қандай сызықтармен көрсетеміз?

а/жіңішке үзілмелі нүктелі;

ә/жуан тұтас;

б/жіңішке тұтас

  1. Ось сызығын қандай сызықпен көрсетеміз?

а/жіңішке үзілмелі нүктелі;

ә/жіңішке тұтас;

б/үзілме

  1. Пішімнің қай жерінде негізгі жазу жазылады?

а/астынғы сол жағында;

ә/үстінгі сол жағында;

б/астынғы оң жағында

  1. Нақты масштабты көрсет

а/М1:2 ә/М1:1 б/М2:1

  1. М2,5:1 қандай масштабты көрсетеді?

а/ үлкейту; ә/кішірейту; б/нақты

  1. Жазықтыққа 90*жасайтын проекцияны қалай атаймыз?

а/центрлік; ә/қиғаш бұрышты; б/тік бұрышты

VI.Оқушыларды бағалау.

Топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топ мүшерерін бағалайды
VII.Үйге тапсырма беру

127- сурет аксонометриялық проекциясын А4 форматына орындап келу


















Сабақтан бір сәттік көріністер




Бағалау парағы

Топтың аты:_________________________________


Сабақ кезеңдері





Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

« Сиқырлы сандық»

Жасырын

сызба сұрақтары

Жаңа сабақ

графикалық

жұмыс

Тест сұрақтары

Қортынды баға

1







2







3







4










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын сызу

Автор: Дауытбеков Мұхит Серікбекұлы

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 386058


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства