kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласындағы жаңартулар мен басқарудың құзырлылық амалдары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы»

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы

Қазақстандық білім беру жүйесі жаңа заман талабына сай жаңаруда. Білім мен ғылым салаларындағы  елеулі өзгерістер жиырма бірінші ғасырда табысты болу үшін әрбір азаматқа қажетті білім мен дағдыларды,  қазақ тілін дамытудың да жаңаша жолдарын меңгеруді талап етеді.

Қазақ тілін оқытуда отандық және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Тілдік дағдыларды дамыту қазақ тілі сабақтарында еркін қарым- қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырса, оқушы кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері  мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Жаңартылған оқу бағдарламасының маңыздылығы оқу бағдарламасының спиральдік қағидаты болып табылады. Мұндағы негізі басымдықтар оқушылар сыныптан сыныпқа өту кезінде  тілдік дағдылар бойынша меңгерген білімдері мен дағдыларын бекітіп, қайталанып тексеріліп, яғни сынып жоғарылаған сайын әр дағды элементтері бойынша  оқу мақсаттары күрделеніп отырады.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы білім беру бағдарламасының да мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту арқылы ана тілін қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тілдік нормаларды сақтап, дұрыс қолдана білуге және сауатты жазуға үйрету. Осы орайда орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізіліп жатыр. Бағдарламаның мақсаты –  «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Мұғалімдер ықшам сабақтарды жоспарлау мен өткізу барысында қазақ тілін оқытудағы белсенді оқудың әдіс- тәсілдерін кірістіре отырып, оларды оқу мақсатына сай тиімді пайдалана білді, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар әзірледі.

Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдер аясындағы «Табиғи әдіс», «Тыңдау – көру – орындау», «Тіл үйренушілер қоғамдастығы» әдіс- тәсілдері, графикалық органайзерлер мұғалімдердің қызығушылығын тудырып, топтық жұмыста қолдана отырып, тиімділігін зерделеді. Қысқа мерзімді жоспарлар жасау барысында  мұғалімдер осы және басқа да белсенді оқу әдістерін шеберлікпен қолданып, ықшамсабақтар кезінде әріптестерімен бөлісті, талқыға салды.

Қорыта айтқанда,  жаңа бағдарлама бойынша ұстаздар қауымына қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті жүктелген.  Бүгінгі білім беру жүйесіне енгізіліп жатырған жаңалықтар мен инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана нәтижеге ие бола алады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Баяндама Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы

Автор: Нұрсұлтанов Серікбай Батиканұлы

Дата: 28.01.2018

Номер свидетельства: 453141


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства