Просмотр содержимого документа
«Кел,бізбен бірге сурет салайық!»
Триз технологиясы
ӨТТШТ -өнер тапқыштық тапсырмаларды шешутеориясы
Бейнелеу өнері мұғалімдері: Динсламова А.Ө.
Жолмағанбет Р.Б.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:ойлану - ең ізгі жол;еліктеу – ең жеңіл жол;тәжірибе жолы – ең ауыр жол.
ТРИЗ – (Теория решения изобретательских задач)
ӨТТШТ -өнер тапқыштық тапсырмаларды шешутеориясы
Генрих Саулович Альтшуллер(15. 10. 1926 – 24.09.1998 ж)
Ташкент қаласында туылған ғалым.
Өмірінің 50 жылын осы ТРИЗ технологиясына аранаған өнертапқыш, инженер, ғалым, жазушы. 1931жылы Баку қаласына көшіп келген.
Әке-шешесі журналист болған.
1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек 1970 жылы пайда болады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі- балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен , балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.
ТРИЗ мақсаты – балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлануға үйрету.
ТРИЗ технология бағдарламасы. Бұл технология әр түрлі интелектуалды тапсырмалардан ,қызықты жаттығулардан тұрады. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең тиімді құрал болып табылады. ТРИЗ - техника,ғылым,өнер,жарнама,педагогика саласында тәжірбиеден өткен шығармашылық технологиясы;
ТРИЗ – әр жастағы адамдар,әртүрлі мамандық иелеріне түсінікті білімдер жүйесі;
Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану.
мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3 негізгі мақсат қарастырылған. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету.
ТРИЗ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.
ТРИЗ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашылық тапсырмаларды шешуге қолайлы.
ТРИЗ технологиясының әдіс –тәсілдері және жаттығулары
Ертегілер құрастыру балалардың қиялын дамытады. Бала ойдан оқып, ойлауға шебер. Баланы ертегі ойлауға баулу үшін «Жалғастыр» ойынын ойнатып жіберуге де болады. Бір бала ертегіні бастайды,қалғандары кезектесе отырып өз ойлары бойынша жалғастырып кете береді. Ең соңында барлығы сол бойынша айтылған ойларын айтылған ретімен ертегіні айтып шығады.
ТРИЗ –бен жұмыс жасайтын тәрбиешінің ерекше кезеңі-бұл ертегілермен жұмыс,яғни ертегілердегі мәселелерді шешу,арнайы әдістер арқылы жаңа ертегілер ойлап табу. Ертегілерден жасалған коллаж. Таныс ертегілердің арқасында жаңа ертегіні ойлап шығару.
ТРИЗ –бен жұмыс жасайтын тәрбиешінің ерекше кезеңі-бұл ертегілермен жұмыс,яғни ертегілердегі мәселелерді шешу,арнайы әдістер арқылы жаңа ертегілер ойлап табу. Ертегілерден жасалған коллаж. Таныс ертегілердің арқасында жаңа ертегіні ойлап шығару.
Балалардың шығармашылығын дамыту жолында-Сурет салу-Мүсіндеу-Жапсырма-Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі. Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады. Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді,жіптерді картоп қималарын,трафареттерді,балауыз шамымен,қайшы, сәбіз, тіс пастасы мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады. «Бақ-бақ гүлі» тақырыбы бойынша іс-әрекетті ұйымдастыру үшін ең бірінші қайнатылған азық –түлік бояғыш заты керек.Одан кейін түс қағаз желімі қажет.
Бүкіл параққа түс қағаз желімін жағып тіс щеткасы мен бояуды алып Бақ-бақ гүлін саламыз.Ал шөптерді салу үшін, тағыда тіс щеткасын жасыл бояуға батырып алып саусақ пен тіс щеткасының тістерін қағу арқылы шашыратамыз.Соңында керемет «Бақ-бақ» гүлі өскен алаңқайды бейнелей аламыз. Түтікшелерді қолданып, үрлеу арқылы бейнелеуге болады.
Біріншіден бала жалығып кетпейді:Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады. Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды. Мектепке дейінгі балалардың креативті қабілеттерін дамыту- ТРИЗ
ТРИЗ-дің мақсаты-тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін-өзі тануға,қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады. Мектепке дейінгі балалар үшін Триз дегеніміз- ойынға,әрекетке балалардың барлығын жұмылдыру жүйесі..
Ой есептерін шешудің алгоритмі
Балалармен жұмыстың негізі болып педагогикалық ізденіс болып табылады.Тәрбиеші дайын білімді беріп,шынайлықты бірден аша салмай,ізденуге баулу керек.Егер бала сұрақ қойса бірден дайын жауап бере салмай,өзінің бұл туралы не ойлайтынын сұрау қажет.
«Ия-жоқ» ойыны. Мысалы: тәрбиеші «аққу» сөзін жасырады,ал балалар сұрақ қояды (ол тірі ме? Ол құс па,әлде аң ба? Ол ұша ма? Көлде мекендейді ме?) ал тәрбиеші балалар жауабын тапқанша тек қана «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді.
Қарама-қайшылықтарды шешу әдісі.
Біздің өміріміз қарама-қайшылықтардан тұрады. Өмірде «жақсы» деп қабылдаған заттың,құбылыстың екінші «жаман», «жағымсыз», «тиімсіз» жақтары да болатындығын біз тек оны зерттегенде ғана аңғарамыз. Мысалы: теледидар көрудің пайдалы әрі зиянды жақтары бар екенін жас бала біле бермейді. Қарама-қайшылықтарды шешуде «жақсы», «жаман» ұғымдарын дәйекті түрде дәлелдей алу талап етіледі. Бұл балалар үшін жеңіл тапсырма емес. Дегенмен оған баулуға болады. Ұсынылып отырған жаттығулар заттар мен құбылыстарды, оқиғаларды әр қырынан қарап зерттеуді үйретеді. Ол тапсырмалар төмендегіше болуы мүмкін.
Қуыршақ ойнаудың пайдасы мен зияны.
Дәрі ішудің пайдасы мен зияны.
Қатты қойылған музыка.
Шоколад жеу
«Қара-ақ» ойыны. Тәрбиеші ақ үйдің суретін көрсеткенде,балалар ұсынылған заттың жақсы жақтарын айтады.Ал,қара үйдің суретін көрсеткенде сол заттың жаман жақтарын айтады. Мысалы: ( «Кітап» «жақсы»-кітаптан көп нәрсені үйренесің ; «жаман» -кітаптар тез жыртылады, тез кірлейді т.с.с.)Сол сияқты «дәрі, кәмпит, гүл т.б. сөздерді алуға болады. «Теріс қарай» ойыны. Бұл ойын доппен ойналады.Тәрбиеші балаға допты лақтыра отырып,бір сөз айтады,ал бала сол сөзге теріс сөз айту қажет.Мысалы: пайдалы-пайдасыз,кіру-шығу,жинау-шашу,.. т.с.с.
ТРИЗ –бен жұмыс жасайтын тәрбиешінің ерекше кезеңі-бұл ертегілермен жұмыс,яғни ертегілердегі мәселелерді шешу,арнайы әдістер арқылы жаңа ертегілер ойлап табу. Ертегілерден жасалған коллаж. Таныс ертегілердің арқасында жаңа ертегіні ойлап шығару.
Мысалы: «Бауырсақ», «Алтын жұмыртқа», «Қызыл телпек», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінің кейіпкерлері жолға шығып, бәрі сиқырлы орманның ішінде кездесіп қалады.Ол сиқырлы орманда зұлым сиқыршы басшылық етеді және де ешкімді өзінің орманынан шығармайды екен. Енді кейіпкерлер бірігіп орманнан шығатын амал ойлайды. Әрі қарай тәрбиеші мен балалардың бірлескен әрекеті басталады.Бұл тәсіл балаларда үйреншікті түсініктерін басып, жаңадан қиялдауға мүмкіндік тудырады.
«Тірі» тамшылар мен бояулардан жасалған ертегі. Балалар ақ бетке бояуды тамызу арқылы жасалған тамшыға қарай отырып, «бұл неге ұқсайды? Мен бұдан не жасай аламын?» деген сұрақтарға жауап беру керек. Содан соң оны салып болып,сол тамшысы жөнінде ертегі құрастыруға болады. ТРИЗ әдістемесінде сол сияқты тарихи тақырыптардағы әңгімелесулерді де қолдануға болады. Мысалы: «Киімдердің бұрыңғы түрлеріне саяхат» , «Ыдыс–аяқ қалай пайда болды?»т.б. Балалармен серуенге шыққан уақытта баланың қиялын шарықтататын тәсілдерді көптеп қолданған жөн: табиғаттың заңын өзгерту, заттарды әсерлету.
Мысалы: тәрбиеші балаларға: «Мына ағашты тірілтейікші,оның анасы кім? Оның достары кім? Ол желмен не деп сыбырласады? т.с.с. Немесе: Сен осы өсімдіктердің қайсысының орнында болғын келеді? Сен не туралы армандар едің? Сен нелерден қорқар едің? т.с.с.
«Ой жаттығуларына» қатынасу арқылы балалар ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдану дағдыларын тез игеріп алып кетеді. «Ой жаттығулары» комплексі. 1-жаттығу.а) Сөздерді сол қалпында қайтала. (6 сөзден көп болмау) Терезе,кеме,қалам,қол,сағат. ә) Ас үйіңді еске түсір.Онда кірместен көрінетін заттарды атап шық. б)Артық сөзді тап-Нан,шай, машина,ет. Неге? 2-жаттығу.(Серуеннен соң) а)Далада қанша топ болды? ә) Балабақшаның қасында машиналар болды ма? Қандай түсті? б) Кішкентай бала сүйреген адамдар болды ма? в) Қасымыздан велосипед теуіп өткен адамдар болды ма? г) Талдың басында құстар болды ма? т.б.
3-жаттығу.а) Сөздердің барлығы бір әріптен басталатын сөйлем ойлап айт. ә)Сөз тізбегін құр. Кітап- қағаз-ағаш-жапырақ-шай-су т.с.с. 4-жаттығу. Ой жылдамдығын тексеру. Сұрақтарға тез жауап беру керек. 1. 2 қолда қанша саусақ,ал 4 қолда ше? 2. 2 мүйізді, сүт береді? 3. Мамықтай жұмсақ,үйінде тұрады? 5-жаттығу.Жүйелілік. а)Аталғаннан артық сөзді тап. Орындық,үстел,жылан, ат, қосаяқ, (астыртын жүйесі-аяқ) Бидон,шөл,теңіз, аквариум, шөлмек (астыртын жүйесі- су) ә) Осы салаға келетіндей сөздер ойлап тап.
Орман – аңшы,қасқыр,ағаштар, жалғыз аяқ жол. Теңіз- балықшы,балық, ау, су, шағала. Қала- машина, көшелер,ғимараттар, адамдар. Қорытындылайтын болсақ , іс-әрекет барысында ТРИЗ тәсілін қолдану арқасында балаларда ешқандай психологиялық кідіріс болмайды. Олар жаңаның,белгісіздің алдындағы қорқынышты алып тастап, оны кезекті шешілетін мәселе түрінде қабылдауға үйренеді. Яғни ТРИЗ-дің негізінде балалар кез-келген қиындықты шешуге дайын тұрады.
Ойыншықтарды сипаттау
Доп пластмассадан
жасалған
Доптың түсі көк
Доп – ойыншық
Пішіні дөңгелек
Допты қолмен
ұстауға болады
Доп кішкентай
Тақырыбы: Сағат Мақсаты: Тапсырманы түсініп, нақты орындауға үйрету Керекті құралдар: Түрлі сағаттар Барысы: Жұмбақ жасыру Ғұмыр бойы санайды, Адам емес алайда. (Сағат) Сұрақ: Ол не? Жауап: Сағат Сұрақ: Сағат не үшін керек? Жауап: Ерте тұру үшін, уақытты білу үшін. Сұрақ: Сағаттың ішінде тықылдап тұрған кім, не? Жауап: Шығыршықты тіс Сұрақ: Сағаттың тағы нелері болады? Жауап: Тілі, цифрлары болады. Сұрақ: Тағы да неде, кімде тіл болады? Жауап: жануарларда, құстарда, жыланда, адамда. Сұрақ: Сағаттың қандай түрлері болады? Жауап: Қолға тағатын сағат, ілінетін сағат, төртбұрышты, дөңгелек, сопақ, қара, ақ сағаттар болады. Тапсырма: Керегеде ілінетін сағаттың суретін салыңдар Сұрақ: Бұрын сағат болмай тұрғанда адамдар уақытты қалай білген? Жауап: Күнге қарап, әтештің шақыруынан білген. Құм сағаттар болған. Сұрақ: Егер сағат болмаса адамдар не істер еді? Жауап: Қол телефонның бетіне қарауға болады. Сұрақ: Сағат не үшін шырылдайды? Жауап: Ұйқыдан ояту үшін, дәрі ішу үшін.
-Ойнауға,тағыда орындыққа шығып биіктегі затты алуға болады
-Орындық неден тұрады?
-Отырғыштан,арқасынан және аяқтарынан.
-Тағы да ненің(кімнің) арқасы және аяқтары болады?
-Адамдарда,аң,жануарларда
-Қызыл,жасыл,сары,темір,ағаш,үлкен,кіші.
Тапсырма:
Орындықтың суретін салыңдар( балалар тапсырманы орындайды)
-Орындық пен үстелдің ұқсастығы бар ма? Несімен ұқсайды?
-Екуі де ағаштан жасалған,4 аяғы бар,екуіне де отырады,сурет салса болады.
-Орындық пен үстел жасалмас бұрын не болып еді?
-Тақтайша,ағаш.
«Сиқырлы орман»
Түрлі-түсті қарындашпен үлкен ақ қағаз бетіне бірнеше ағаштың және бірнеше түсініксіз кішкентай фигуралар сызықтар, не нүктелер саламыз. Енді балалармен бірігіп осы суретті аяқтауға кірісеміз. Ол түсініксіз бейнелердің қандай сурет болып шығатынын балалардың қиялы біледі. Мүмкін бұл көбелек шығар, немесе гүл шығар, мүмкін құстар не аңдар шығар. Балалар сурет сала отырып қиялдайды, ненің суретін салғанын қазақша айтады. Сурет салып біткеннен кейін балалар мұғаліммен бірге сурет бойынша орман тұрғындары жайлы әңгіме немесе ертегі құрастыруға тырысады.
Қорытынды:Қорытындылай келе, мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту – басты міндет болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңде – жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін- өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің балық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым- қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді .