Енді б?гінгі композиция саба?ыны? негізгі та?ырыбы– батик техникасына назар аударамыз. Батик – мата бетіне салынатын сурет. Батик –жазу техникасы Шы?ыс елдерінде: ?ытай, Жапония ж?не ?ндістанда д?ниеге келген. Кейінгі онжылды?та Индонезияда же?іл текстилдік ?нерк?сіпті? ?ркендеуіне байланысты батик ?нері де жа?сы дамы?ан. Мысалы: мына слайд?а назар аударса?, батик техникасы маталарда, орамалдарда, галстуктерде, жап?ыштарда ?олданылады екен. «Батик» ма?ынасы тамшы немесе н?ктемен бояу дегенді білдіреді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Бүгінгі композиция сабағы бойынша батик техникасымен сурет салуды үйренеміз. Алдымен жалпы композиция туралы, оның әдістері жөнінде түсінік алайық.
Композиция – шығарманың негізі десекте болады. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым. Мысалы: жазушы өз ойын айшықты тілмен айта білсе, сазгер – әуен ырғағымен, ал суретші– өрнек, форма, бояу үйлестігімен жеткізеді. Яғни, кез келген суретші өз ойын баршаға ұғынықты, тартымды жеткізу үшін суреттің композициялық жүйелеу мәселесіне көп көңіл аударады. Суретші өз туындысында тақырып идеясын анық көрсетуге және тақырыпты айқындау үшін қосымша элементтермен толықтырады.
Композицияның әртүрлі әдістері болады. Мысалы: мына өрнектер ырғақты әдіспен бейнеленген. Бұл ырғақты өрнектер қайталану әдісімен бейнеленген. Бұндай ырғақты өрнектер біздің ұлттық бұйымдарда: кілем, сырмақ, ши бұйымдарында көп кездеседі. Ал, енді белгілі бір қозғалыстағы судың толқынына ұқсаған ирек өрнектер, бір-біріне ілескен бейнелер динамикалық әдістегі композиция деп аталады.
Егер екі бейне бір-біріне қарама-қарсы бейнеленсе, бұл – статикалық әдістегі композиция деп аталады. Мысалы: дөңгелек немесе геометриялық фигуралар ортасына тепе-тең орналасқан өрнектерді симметриялық әдістегі композиция деп білуге болады. Ал, енді жоғарыда айтылған, тепе-теңдік, ырғақты, қозғалысты, қарама-қарсы бейнелер, композициясын қолданбай-ақ, бейнелердің қағаздың бір жақ бөлігіне орналасуы – ассимметрия деп аталады. Бірақ бұлбейнелердің дұрыс орналасуы мен бояу түсінің үйлесімді боялуы композицияның орнықты, жүйелі екенін көрсетеді. Біз барлығымызда композиция сабағында белгілі бір тақырыпта сурет сала аламыз және жоғарыда айтылған композициялық әдістерді қолданып та жүрміз. Егер осы композициялық әдістерді сабақта қолданып, түсіне отырып салсақ, тақырыпты сурет салудың белгілі бір бағыттағы нақты идеясын жеткізуді және бейнелеу өнерінен сауатты сурет салуды үйренгендерің көрінеді.
Ол үшін композиция ережесін үнемі есте сақтауымыз керек. (Көрнекілікке назар аудару).
Енді бүгінгі композиция сабағының негізгі тақырыбы – батик техникасына назар аударамыз. Батик – мата бетіне салынатын сурет. Батик – жазу техникасы Шығыс елдерінде: Қытай, Жапония және Үндістанда дүниеге келген. Кейінгі онжылдықта Индонезияда жеңіл текстилдік өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты батик өнері де жақсы дамыған.
Қытай елінің батиктері
Қытай батиктері
Қытай жібектері VІІІ ғасырда Ұлы Жібек жолы арқылы әлемнің көптеген елдеріне саудаға шықты. Бұл маталар жібек құртынан жасалған. Құндылығы – алтынмен пара-пар болған.
Сакура – жапон батиктері
САКУРАНЫҢ ГҮЛДЕУІН ЖАПОН ХАЛҚЫ АСЫҒА КҮТЕДІ. БҰЛ КЕЗЕҢДІ “ХАНАМИ” ДЕП АТАЙДЫ. ХАНАМИ - ШИЕ АҒАШЫНЫҢ ГҮЛДЕНУ УАҚЫТЫ.
ХАНАМИ КЕЗЕҢІНДЕ САЯБАҚТАРДА АЯҚ АЛЫП ЖҮРУ МҮМКІН БОЛМАЙДЫ. САКУРА АСТЫНДА АС ІШІП ОТЫРҒАНДА, ЫДЫСҚА ГҮЛ ЖАПЫРАҒЫ ТҮССЕ, КЕЛЕР ЖЫЛ МОЛШЫЛЫҚҚА, ТАБЫСҚА, СӘТТІЛІКТЕРГЕ ТОЛЫ БОЛАДЫ ДЕП БОЛЖАҒАН.
СОНДЫҚТАН САКУРА ГҮЛІН ЖАПОНИЯНЫҢ СИМВОЛЫ РЕТІНДЕ КӨРЕ АЛАМЫЗ. ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР МЕН ӘШЕКЕЙЛЕРІНДЕ САКУРАНЫҢ БЕЙНЕЛЕНГЕНІ КӨРІНЕДІ.
Мысалы: мына слайдқа назар аударсақ, батик техникасы маталарда, орамалдарда, галстуктерде, жапқыштарда қолданылады екен. «Батик» мағынасы тамшы немесе нүктемен бояу дегенді білдіреді. Үлгі суретте көргеніміздей, батик композициясы алуан түрлі гүлдер мен құстар және картиналы батиктердікөреміз. Батик жазу кезіндегі шығармашылықтың негізі – гаммалық үйлесімділік. Батик – арнайы аналинді бояулармен салынады және бұл бояу мата бетіне тез жайылғыш келеді. Батик кішкентай тамшылармен боялып салынады. Бұл әдіс қызық, әрі күрделі. Батик жазылуына қарай ыстық, суық,аралас болып бөлінеді екен.
Гүлді батиктер
ГҮЛДі батиктер
Орамал батиктер
Орамал батиктер
Галстук батиктер
Жапқыш және киімдердегі батиктер
Суретті батиктер: пейзаж, натюрморт
СУРЕТТІ БАТИКТЕР
Біз бүгінгі сабақта батиктің қарапайым түрі – суық батик техникасымен жазуды үйренеміз. Алдын-ала салынған батик эскиздерімізді, дайындалған мата астына қойып суретін қарандашпен көшірдік. Осыдан соң батиктің арнайы сұйықтығымен немесе ақ желіммен салынған суретімізді жиектедік. Бұл әдістердің барлығы алдын-ала дайындалады. Енді, бүгінгі сабақтың негізгі жұмысы – батикті жазу техникасын үйрену. Батиктің үлгі суреттерін, көргеніміздей, ұқыпты және бояу түстерін аз мөлшерде нүктелеп жазу қажеттігін ескереміз. Бір-біріне жақын түстерді бірыңғай бояған дұрыс, бұл біздің жұмысымыздың таза, ұқыпты, мөлдір болып шығуына әсер етеді. Егер біз батик техникасын жазуды ретімен дұрыс орындасақ, келесі үлгідегідей батик композициямыз әдемі дұрыс шығады.