kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Си?ырлы ала?андар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?сініктеме

К?ркем   ?нер шы?армашылы?ы бойынша ?осымша білім беруді? «Си?ырлыала?андар» білім беру ба?дарламасы  5 – 7 жаста?ы балалар?а арнал?ан.

?нер ??ралдары ар?ылы (к?ркем ?нер шы?армашылы?ы) эстетикалы? т?рбиелеуге м?мкіндік береді:

  • Адамды бас?а адамдар?а рухани таза ?ылады;
  • М?дделерді? ба?ыттылы?ын ?алыптастырады;
  • ?демілік за?дылы?тары бойынша ойлар шы?ару ?абілеттілігін дамытады.

Б?гінгі та?да білім беру б?л тек ?ана білім, шеберлік, біліктілік ж?йелерін ме?геруі

?ана емес, сондай а? баланы? м?дени ??ндылы?тарды ме?геруіні? ретке келтірілген т?сілі. Кішкентай ша?тарында барлы? балалар дарынды бол?ысы келеді. ?рбір балада дамуы мен рухани ж?не ?негелі м?дениетпен бірігуінде ?мірде ж?не к?сіби шы?армашылы?та іске асырылуы м?мкін ?леуетті м?мкіндіктері бар. Осындай ?абілеттіктер ?леуетін ашу ма?ызды. Балалы? ша?та к?ркем ?нер шы?армашылы?ыны? ?р т?рімен айналысу интеллектуалды ?абілетті?  дамуына, сонымен ?атар назар салуды?, ба?ылауды?, ?абылдауды?, елестетуді?, есте са?тауды? дамуына м?мкіндік береді.

Ба?дарламаны? ?зектілігі:

Білім беруге дейінгі кезе? – к?бінесе адамны? алда?ы уа?ытта?ы ?мір жолын, баланы? бастап?ы ?леуметтенуін, оны м?дениет ?леміне араластыруды, жалпы адами ??ндылы?тарды, ?мір с?ру салаларымен, я?ни ?о?аммен, таби?атпен ж?не ішкі жеке «МЕН» –мен бастап?ы ?арым – ?атынастарды ?алыптастыруды аны?тайтын т?л?а дамуыны? бастауы. ?азіргі заман психологтарыны? пайымдауы бойынша, б?л баланы? рухани ?алыптасуы кезе?і. Д?л 5 – 7 жасында балалар а?паратты же?іл ?абылдайды ж?не оларды? а?ыл -  ойыоларды ?орша?ан ?лемінен ал?ан білімдерін ?за? са?тайды. Д?л осы жаста балаларда к?птеген жылдарынан кейін ?з жемісін беретін ?асиеттерді ояту?а ж?не дамыту?а болады.

К?ркем ?нер шы?армашылы?ы бойынша ?осымша білім беруді? білім беру ба?дарламасы балада келесідей ?айырымдылы?, мейірімділік, оны ?орша?ан адамдар?а ??рметтеу ж?не сыйлау, ?иыншылы?тар?а т?теп беру ?абілетін, оны е?бек етуге ?йрету, баланы? ?мірде болып жат?ан ?рбір ?демілік ??былыстарына назар аударуына ж?рдемдеседі, онда ?зіне т?н та??ажайыпты ойлап шы?ару?а ж?не оны са?тау?а деген талпынысты  т?рбиелейтін ?асиеттерді ?алыптастыру?а к?мектеседі.

?осымша білім беру балалар?а арнал?ан мектепке дейінгі білім беру мекемесіні? ба?дарламасын ке?ейтеді ж?не молайтады.

Балаларды? к?ркем ?нер шы?армашылы?ын дамыту міндеттерін ж?зеге асыру келесідейжа?дайларда іске асырылады:

  • ?абылдауды, бейнелік елестетуді, елестету ж?не шы?армашылы?ын дамыту

?шін ?р т?рлі тал?амдарды беретін балаларды? к?ркем ?нер –шы?армашылы? ?ызметін т?рбиелеу – білім беру ж?мысымен ?зара байланысы.

  • А?и?атты, жеке к?ркем ?нер шы?армашылы?ын, бейнелік, ассоциациялы? ойлау мен елестеуді ана??рлым тере? эстетикалы? ??ыну?а м?мкіндік беретін ?нерді? ?р т?рі мен к?ркем ?нер шы?армашылы? ?ызметіні? алуан т?рлерін біріктіру.
  • Балалар шы?армашылы?ыны? н?тижелеріне ??рметті ?арым – ?атынас жасау.
  • Ата – аналармен бірлескен к?рмелерді?, т?рбиеленушілер ж?мыстарыны?, жеке ж?не ?жымды? ж?мыстарыны? к?рмелерін  ?йымдастыру.
  • Бала – ба?шаны? отбасымен ты?ыз ?зара байланысы ж?не ?зара ?рекеті.

Ба?дарламаны ?зірлеуде жалпы дидактиканы? келесідей ?а?идаттары ескерілген.

Барлы? педагогикалы? ?рдістерді? сенсорлы? дамыту?а ж?не балалар т?жірибесін байыту?а, оларды к?ркем ?нер ?ызметіні? ?р т?рі бойынша сенсорлы? ?абілеттерін ?алыптастыру?а ба?ытталуы.

  • Шы?армашыл т?л?аны ?алыптастыруды? ма?ызды факторы ретіндегі о?ыту мен шы?армашылы? ?зара байланысыны? ?а?идаты.
  • Балалармен бейнені жасау ?шін ?ажетті к?ркем ?нер м?нерлігіні? олар?а ?ол жетімді ??ралдарын иеленуі.
  • Балаларды? к?ркем ?нер шы?армашылы? ?ызметіні? ?р т?рлерін біріктіру ?а?идаты (бейнелеу, к?ркем ?нер, с?здік).

Біріктіруді? негізі болып: ?нер мен к?ркем ?нер ?ызметіні? ?р т?рінде ?абылданатын ж?не к?рінетін а?и?ат заты мен ??былысыны? бейнесі табылады.

Ба?дарламаны? та?ы бір ерекшелігі ?йымдастырыл?ан о?у іс–?рекетінде ?олданылатын техникалар ?олданылмайды. Я?ни ба?дарламада бас?а технологиялар ?олданылады. Атап ?тсек граттаж, квиллинг, ?йнек бетіне сурет салу (витраж).

Граттаж -  ?а?аз бетіне суретті ?ырып салу ар?ылы салынатын сурет технологиясы.

?йнек бетіне сурет салу (витраж), я?ни арнайы бояу т?рі ар?ылы ?йнек бетіне сурет салу.

Квиллинг-   ?а?азды жі?ішке ?рі ?зыншалап ?иып, оны шиыршы?тап (спираль т?різді), т?рлі форма?а келтіріп жасайтын ?ол?нер ж?мысы.

Ма?саты:

?німділік ?ызмет ар?ылы ?олды? сауса? моторикасын дамыту.

Міндеттері:

  1. Балаларда жеке ?абілеттері мен жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, шы?армашылы? ?ызметіне деген ?ызы?ушылы?ын ояту.
  2. Балаларды? шы?армашылы? ж?не к?ркем ?нер ?абілеттерін дамыту, шы?армашылы? т?л?асын ?алыптастыру.
  3. К?ркем ?нер с?зіні?, ?уеніні? ж?не бейнелеу ?неріні? біріктірілуі.
  4. Балаларды? ?зін – ?зі ?алыптастыру?а м?мкіндік беретін эмоциялы? к??іл -  к?йді ??ру.
  5. Балаларды ??ралдармен ж?мыс жасауды ?йреншікті емес техникалар?а ?йрету.
  6. Сауса? моторикасын дамыту.

Ба?дарламаны? к?тілетін н?тижелері:

Мектеп жасына дейінгі баланы? ?леуметтік дамыту саласында:

  • Ар – ?яттылы? – талпынушылы?, жауапкершілік, е?бекке ?абілеттілік, сыпайылы?, тіл табыстылы?, мейірімділік;
  • ?рекеттері мен жа?дайларды ба?алай білушілік;
  • ?арым – ?атынас жасауда?ы белсенділік: барлы? саба? ?стінде педагог берген барлы? тапсырмалар?а ?атысу, ?з ?алауымен жауап беруге ж?не досына комектесуге, м??алім ж?не балалармен ??гіме ??ру?а белсенді араласу, ойын – диалогтарда кез келген р?лді о?ай алу;
  • ?ОІ? ?стінде еркіндік сезімін білдіру;
  • Балалармен ж?не педагогтармен ?арым – ?атынас жасау?а кіру.

Басты назар ?ОІ? ?стінде ма?ал – м?телдерді, жа?ылтпаштарды, ертектерден ?зінділерді пайдалану?а б?лінеді. ?осымша білім беруді? атал?ан ба?дарламасыны? ше?берінде саба?тарды д?ст?рлі емес ??ралдармен ж?мыс жасауда ?йреншіксіз техникалар ?олданылады.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Си?ырлы ала?андар»

Түсініктеме



Шығармашылық – әрбір заман және болашақ адамына

қажетті тұлғаның біріктірілген қызметі



Көркем өнер шығармашылығы бойынша қосымша білім берудің «Сиқырлыалақандар» білім беру бағдарламасы 5 – 7 жастағы балаларға арналған.

Өнер құралдары арқылы (көркем өнер шығармашылығы) эстетикалық тәрбиелеуге мүмкіндік береді:

  • Адамды басқа адамдарға рухани таза қылады;

  • Мүдделердің бағыттылығын қалыптастырады;

  • Әдемілік заңдылықтары бойынша ойлар шығару қабілеттілігін дамытады.

Бүгінгі таңда білім беру бұл тек қана білім, шеберлік, біліктілік жүйелерін меңгеруі

ғана емес, сондай ақ баланың мәдени құндылықтарды меңгеруінің ретке келтірілген тәсілі. Кішкентай шақтарында барлық балалар дарынды болғысы келеді. Әрбір балада дамуы мен рухани және өнегелі мәдениетпен бірігуінде өмірде және кәсіби шығармашылықта іске асырылуы мүмкін әлеуетті мүмкіндіктері бар. Осындай қабілеттіктер әлеуетін ашу маңызды. Балалық шақта көркем өнер шығармашылығының әр түрімен айналысу интеллектуалды қабілеттің дамуына, сонымен қатар назар салудың, бақылаудың, қабылдаудың, елестетудің, есте сақтаудың дамуына мүмкіндік береді.

Бағдарламаның өзектілігі:

Білім беруге дейінгі кезең – көбінесе адамның алдағы уақыттағы өмір жолын, баланың бастапқы әлеуметтенуін, оны мәдениет әлеміне араластыруды, жалпы адами құндылықтарды, өмір сүру салаларымен, яғни қоғаммен, табиғатпен және ішкі жеке «МЕН» –мен бастапқы қарым – қатынастарды қалыптастыруды анықтайтын тұлға дамуының бастауы. Қазіргі заман психологтарының пайымдауы бойынша, бұл сәбидің рухани қалыптасуы кезеңі. Дәл 5 – 7 жасында балалар ақпаратты жеңіл қабылдайды және олардың ақыл - ой оларды қоршаған әлемінен алған білімдерін ұзақ сақтайды. Дәл осы жаста балаларда көптеген жылдарынан кейін өз жемісін беретін қасиеттерді оятуға және дамытуға болады.

Көркем өнер шығармашылығы бойынша қосымша білім берудің білім беру бағдарламасы сәбиде келесідей қайырымдылық, мейірімділік, оны қоршаған адамдарға құрметтеу және сыйлау, қиыншылықтарға төтеп беру қабілетін, оны еңбек етуге үйрету, сәбидің өмірде болып жатқан әрбір әдемілік құбылыстарына назар аударуына жәрдемдеседі, онда өзіне тән таңғажайыпты ойлап шығаруға және оны сақтауға деген талпынысты тәрбиелейтін қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.

Қосымша білім беру балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің бағдарламасын кеңейтеді және молайтады.

Балалардың көркем өнер шығармашылығын дамыту міндеттерін жүзеге асыру келесідейжағдайларда іске асырылады:

  • Қабылдауды, бейнелік елестетуді, елестету және шығармашылығын дамыту

үшін әр түрлі талғамдарды беретін балалардың көркем өнер –шығармашылық қызметінің тәрбиелеу – білім беру жұмысымен өзара байланысы.

  • Ақиқатты, жеке көркем өнер шығармашылығын, бейнелік, ассоциациялық ойлау мен елестеуді анағұрлым терең эстетикалық ұғынуға мүмкіндік беретін өнердің әр түрі мен көркем өнер шығармашылық қызметінің алуан түрлерін біріктіру.

  • Балалар шығармашылығының нәтижелеріне құрметті қарым – қатынас жасау.

  • Ата – аналармен бірлескен көрмелердің, тәрбиеленушілер жұмыстарының, жеке және ұжымдық жқмыстарының көрмелерін қйымдастыру.

  • Бала – бақшаның отбасымен тығыз өзара байланысы және өзара әрекеті.

Бағдарламаны әзірлеуде жалпы дидактиканың келесідей қағидаттары ескерілген:

Барлық педагогикалық үрдістердің сенсорлық дамытуға және балалар тәжірибесін байытуға, оларды көркем өнер қызметінің әр түрі бойынша сенсорлық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталуы.

  • Шығармашыл тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы ретіндегі оқыту мен шығармашылық өзара байланысының қағидаты.

  • Балалармен бейнені жасау үшін қажетті көркем өнер мәнерлігінің оларға қол жетімді құралдарын иеленуі.

  • Балалардың көркем өнер шығармашылық қызметінің әр түрлерін біріктіру қағидаты (бейнелеу, көркем өнер сөздік).

Біріктірудің негізі болып: өнер мен көркем өнер қызметінің әр түрінде қабылданатын және көрінетін ақиқат заты мен құбылысының бейнесі табылады.

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі ұйымдастырылған оқу іс–әрекетінде қолданылатын техникалар қолданылмайды. Яғни бағдарламада басқа технологиялар қолданылады. Атап отсек граттаж, квиллинг, әйнек бетіне сурет салу (витраж).

Граттаж - қағаз бетіне суретті қырып салу арқылы салынатын сурет технологиясы.

Әйнек бетіне сурет салу (витраж), яғни арнайы бояу түрі арқылы әйнек бетіне сурет салу.

Квиллинг- қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы.

Мақсаты:

Өнімділік қызмет арқылы қолдың саусақ моторикасын дамыту.

Міндеттері:

  1. Балаларда жеке қабілеттері мен жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, шығармашылық қызметіне деген қызығушылығын ояту.

  2. Балалардың шығармашылық және көркем өнер қабілеттерін дамыту, шығармашылық тұлғасын қалыптастыру.

  3. Көркем өнер сөзінің, әуенінің және бейнелеу өнерінің біріктірілуі.

  4. Балалардың өзін – өзі қалыптастыруға мүмкіндік беретін эмоциялық көңіл - күйді құру.

  5. Балаларды құралдармен жұмыс жасауды үйреншікті емес техникаларға үйрету.

  6. Саусақ моторикасын дамыту.

Бағдарламаның ерекшелігі:

  1. Бағдарлама нақты әдістермен негізделген:

  • Жеке – бағытталушылық– оның маңыздылығы педагогтың бала тұлғасын: оның интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін әлемге, адамдарға, өз – өзіне деген қарым – қатынасын дамыту үшін жағдай жасауға бағытталуынан тұрады.

  • Коммуникациялық – білім беру үрдісі сойлеу арқылы құрылады. Оқыту үрдісінде келесідей: диалог, әңгіме құру және т.б. баланың коммуникациялық қасиеттерін дамытатын нысандар басым болады.

  • Шығармашылық– шығармашылық бала тұлғасын дамытудың маңызды құралы ретінде қарастырылады. Білім беру үрдісінің міндетті түрдегі шарты – бұл мектепалды жастағы балалардың жеке қызметін байытуға бағытталған шығармашылық ізденіс пен жасап шығару атмосферасын құру.

  1. Бағдарлама педагогтардың, балалар мен олардың ата – аналарының серіктесуі, достасуы қағидаты арқылы құрылған.

  2. Бағдарлама сезім мүшелерінің: балаларды фантазиялау, елестету, интеллект дамиды; шығармашылық қабілеттері шоғырланады, өзара әрекеттесуі арқылы орын алатын көркем өнер – эстетикалық қызметінің әр түрін кешенді түрде меңгеруді қарастырады.

Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

Мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік дамыту саласында:

  • Ар – ұяттылық – талпынушылық, жауапкершілік, еңбекке қабілеттілік, сыпайылық, тіл табыстылық, мейірімділік;

  • Әрекеттері мен жағдайларды бағалай білушілік;

  • Қарым – қатынас жасаудағы белсенділік: барлық сабақ үстінде педагог берген барлық тапсырмаларға қатысу, өз қалауымен жауап беруге және досына комектесуге, мұғалім және балалармен әңгіме құруға белсенді араласу, ойын – диалогтарда кез келген рөлді оңай алу;

  • ҰОІӘ үстінде еркіндік сезімін білдіру;

  • Балалармен және педагогтармен қарым – қатынас жасауға кіру.

Баланың интеллектуалды дамыту саласында:

  • Түстану, есте сақтау және кез келген қызмет түрінің мақсатын өндіре білушілік;

  • Қызметтің бір түрінен екіншісіне, бір кезеңнен екінші бір кезеңге назарды аудара білушілік;

  • Ақыл – ой қызметінің үдерісінде назарды ұзақ мерзімге дейін сақтау қабілеттілігі;

  • Бейнелерді бейнелеу шығармашылығы, граттаж, әйнек бетіне сурет салу (витраж), фломастермен үрлеу арқылы сурет салудың әр түрлі әдістерін қолданудың шығармашылық қабілеттері.

Нәтижелерді тексеру әдістері келесідей анықталды:

  1. Тәжірибелік тапсырмалармен;

  2. Шығармашылық жұмыстарымен;

  3. Шығармашылық жұмыстарды көрмеге қою;

  4. Ауқымды іс – шаралармен;

Бағдарлама мазмұны. Оқыту сағаттарын бөлу.

Көркем өнер шығармашылығы бойынша сабақтар күрделі құрылымнан тұрмайды. Олардың ұзақтығы 25 – 30 минуттан тұрады, сабаққа міндетті түрде әңгіме құру, тәрбиеші әңгімесі балалардың білімі мен тәжірибесін белсендіру үшін сұрақтармен жүргізілуі тиіс. Әңгіме ҰОІӘ үшін арнайы таңдалып алынған заттарды көрсету арқылы жүргізіледі. Барлық негізгі техникалық әдістер мен біліктіліктер И.А.Лыкованың баспасымен жүзеге асырылады.

Басты назар ҰОІӘ үстінде мақал – мәтелдерді, жаңылтпаштарды, ертектерден үзінділерді пайдалануға бөлінеді. Қосымша білім берудің аталған бағдарламасының шеңберінде сабақтарды дәстүрлі емес құралдармен жұмыс жасауда үйреншіксіз техникалар қолданылады.

Көркем өнер шығармашылығын дамыту бойынша аталған бағдарламаның мазмұны:

  • Қағазбен жұмыс

  • Табиғи материалдармен жұмыс

  • Түрлі – түсті бояулармен жұмыс (гуашь, түсбояқ, фломастер, түрлі түсті желімдер)


«Сиқырлы алақандар»

балалар шығармашылығы студиясы жұмысында қолданылатын жұмыс техникалары


  1. Әйнек бетіне сурет салу (витраж)

  2. Табиғи материалдардан жасалатын ұсақ – түйектер

  3. Коллаж

  4. Граттаж технологиясы

  5. Фломастермен үрлеп сурет салу

  6. Квиллинг



Оқу сағаттарын бөлу



Р/с



Бөлімі

Қазан, қараша, желтоқсан

Қаңтар, ақпан

Наурыз, сәуір, мамыр


Барлығы

1

Әйнек бетіне сурет салу (витраж)

1

2

2

5

2

Табиғи материалдардан жасалатын ұсақ – түйектер

3

-

3

6

3

Коллаж

-

2

2

4

4

Граттаж

2

1

2

5

5

Фломастермен үрлеп сурет салу


2

2

1

5

6

Квиллинг

3

2

2

7

Барлық сағат саны

32


Бағдарлама бойынша ҰОІӘ-нің нысаны мен түрі көбінесе жалпы қабылданған әдістеме бойынша классикалық түрге сәйкес келеді. Балаларды сабақта ұйымдастыру әдісі әрбір ҰОІӘ-нің қойылған мақсаты мен міндеттеріне тәуелді. ҰОІӘ де балаларды ұйымдастырудың негізгі әдістері пайдаланылады: фронтальды, топтық, жеке.
















Тақырыптық жоспар


Тақырып

Сағат саны

1

«Күзгі жапырақтар»

1

2

«Күзгі ағаштар»

1

3

«Кемпірқосақ»

1

4

«Құмыра»

1

5

«Үйрек»

1

6

«Балапандар»

1

7

«Бөлме өсімдіктері»

1

8

«Ұзын мұртша»

1

9

«Түнгі қала»

1

10

«Көліктер»

1

11

«Аяққап»

1

12

«Сиқырлы алақан»

1

13

«Аққала»

1

14

«Жаңа жыл келе жатыр!»

1

15

«Мерекелік отшау»

1

16

«Жаңа жыл шыршасы»

1

17

«Шаңғы тепкен қонжық»

1

18

«Үй»

1

19

«Құстар»

1

20

«Кешкі қала»

1

21

«Ханшайым»

1

22

«Көңілді күн»

1

23

«Гүл шоғыры»

1

24

«Жайлау»

1

25

«Қаз»

1

26

«Бағдаршам»

1

27

«Мейірімді ара»

1

28

«Гүл жамылған дала»

1

29

«Сәукеле»

1

30

«Менің сүйікті ертегім»

1

31

«Көрікті көктем»

1

32

«Ең жақсы жқмыстардан көрме» (қорытынды сабақ)

1

Барлық сағат саны

32















«Сиқырлы алақандар» бағдарламасы бойынша

саусақ ойындары


Мақсаты: Саусақ ойындары балабақша жасындағы балалардың ой –қиялын, елестетуге сезімдерін дамытуда, саусақ қимылдарын жетілдіруде көп көмектеседі.


«Салат» - саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз,

Үккіштен үгіп майдалаймыз.

Қанттан сеуіп дәмдейміз

Қаймақ құйып сәндейміз

Міне, дайын нәр тағам –

Дәруменге байыған


Түсіндірмесі:

  1. Оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды.

  2. Екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары төмен өозғайды.

  3. Саусақтардың ұшымен «қант себеді»

  4. Қолды жқдырыққа түйген күйі (қаймақ құйған сияқты) қол білезігін жоғары төмен өозғайды.

  5. Екі қолын алдына жайып көрсетеді.

  6. Алақанмен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді.


«Қолтырауын» - саусақ ойыны

Қолтырауын қонақ күтуде

Тістері тура шегедей

  • Бұл жерден қой өтпеді ме?

Деп сұрадым ойын білмекке

Ал ол болса тымпиып жатыр

Көзін қысып қылқиып жатыр


Түсіндірмесі:

  1. Екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады.

  2. Саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сол алақанның үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете «қолтырауынның аузын ашқан сияқты» ашып жабады.

  3. Қолдары төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді.

  4. Алақандарын бір біріне ысқылайды.

  5. Көздерін қысады.


«Кім келді?» - саусақ ойыны

Қане, қане кім келді?

Біз, біз, біз!

Апа, апа, бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Әке, әке бұл сізбе?

Иә, иә, иә!

Ағатайым, бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Қарындасым, бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Біздер тату жанұя

Иә, иә, иә

Түсіндірмесі:

  1. Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

  2. Екі қолдағы бас бармақтарды қосып, қалған саусақ ұштарын бір мезгілде соғады.

  3. Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

  4. Сұқ саусақтардың ұштарын соғады.

  5. Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

  6. Ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады.

  7. Екі қолдың бас бармақтарын ұштарын соғады.

  8. Аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады.

  9. Екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады.

  10. Кішкене саусақтардың ұштарын соғады.

  11. Барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады.

  12. Алақандарымен шапалақтайды.


«Үкі» - саусақ ойыны


Орманда қараңғы

Бәрі бәрі ұйқыда

Үкі ғана ұйықтамапты

Маңғазданып отыр қатты

Әрі бері отырды да

Қараңғыға қанат қақаты


Түсіндірмесі:

  1. Екі қолды білезіктерін біріктіре саусақтарды жан жаққа ашады (орман)

  2. Алақандарын беттестіре жақтарына таянып «ұйқыға кетеді»

  3. Бас бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре дөңгелетіп көздеріне қояды (үкінің көзі)

  4. Қолдарын артқа жинап, кеуделерін көтереді (маңғаз үкі)

  5. Қолдарын жан жаққа жая қшып, басқа орынға ауысады.


«Доп» - саусақойыны


Он, тоғыз,

Сегіз, жеті,

Төрт, үш,

Екі, бір.

Доп ойнайық,

Кел жүгір!

Тек білейік

Анық нақ:

Допты қашқан

Кім қумақ?


Түсіндірмесі:

  1. Алақандарымен шапалақтайды

  2. Отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады

  3. Алақандарымен шапалақтайды

  4. Отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады

  5. Алақандарымен шапалақтайды

  6. Қолдың біресе ішімен, біресе сыртымен көздерін жабады

  7. Әр сөз ырғағымен шапалақтайды

  8. Әр сөз ырғағымен аяқтарын топылдатады

  9. Отыра қалады

«Сөздер» - саусақ ойыны


Бір, екі деп санаймыз

Әріптен сөз құраймыз

Күн шуақты сөз екен

Мысық құлақты сөз екен

Сиыр мүйізді сөз екен

Қарбыз жолақты сөз екен


Түсіндірмесі:

  1. Саусақтарды біртіндеп бүгіп санайды, кері ашып санайды

  2. Барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақанында екінші қолдың алақан сыртынан беттестіреді (күн жасайды)

  3. Бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақ пен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды

  4. Сұқ саусақ пен кішкентай саусақты тік ұстай «мүйіз» жасайды, (бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтар біріктіріле түгілген)

  5. Екі қолдың барлық саусақтардың ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды.


«Шаян мен мысық» - саусақ ойыны


Тасасында көпірдің

Кәрі шаян тұрыпты

Көпірден өткен мысықтың

Құйрығынан жұлыпты

«Құтқарыңдар,

Мяу – мяу – мяу!

Босатыңдар шаяннан»

Қане, кім бар, келіңдер!

Мысыққа көмек беріңдер!


Түсіндірмесі:

  1. Сол қолды шынтақтан бүге, алақандарды төмен қарата алдын ұстап «көпір» жасайды, «көпірдің» астына оң қол саусақтарын төмен қарата бос ұстай «көп аяқты шаян сияқты» жыбырлайды.

  2. Алға созылған оң қолдың үстімен төмен қарай сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын жүгіртеді.

  3. Иықтын төмен «жүгірген» саусақтар қолдың басына келгенде кішкентай саусақты оң қолдың жұдырығында қысып ұстап қалады.

  4. Сол қолдың күшкентай саусағы оң қолдың жұдырығында қысылған күйі 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарды бас бармақпен бірлесе қайта ашып мияулаған мысықтың аузын бейнелейді.

  5. Сол қолдың кішкентай саусағын қыса ұстаған оң қолдың саусақтарын біртіндеп ашады.

  6. Екі қолды бірінің үстіне бірін қоя екі қолдағы барлық саусақтарды тез –тез «жүгіртеді»

  7. Сөздің айтылу ырғағында сәйкес алақандарын шапалақтайды, соңғы сөзге аяқтарын шапалақтайды.






«Қызық - ай» - саусақ ойыны


Күлкілі, әрі қызық – ай!

Қой қағып тұр қақпаны

Теуіп және сүзіп- ай

Қой қағып тұр қақпаны

Күлкілі, әрі қызық – ай!

Қой қағып тұр қақпаны

Аша алмады бұзып – ай

Басын ауыртып тапқаны

Күлкілі, әрі қызық – ай!

Қой қағып тұр қақпаны

Соғар қойдың өзін – ай

Табылар ма жан қане!


Түсіндірме:

  1. Екі қолды жая иықтарын көтерді, бастарын шайқайды

  2. Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады

  3. Аяқтарын топылдатып, «мүйіз» жасайды

  4. Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады

  5. Екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды

  6. Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады

  7. Жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды

  8. Екі қолымен бастарын сипалайды, иықтарын көтереді

  9. Екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды

  10. Сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады

  11. Қабағын түйіп, сұқ саусағын көрсетеді

  12. Екі қолды жая иықтарын көтереді


«Өрмекші» - саусақ ойыны


Күні бойы еңбекпен

Өрмекші өрмек тоқыды

Нөсер тек кенет селдеткен

Еңбегін оның жоқ қылды

Күн шықты қайта жарқырап

Құрғады тез – ақ төңірек

Өрмекші өрмек тоқуға

Кірісті дереу, тезірек


Түсіндірмесі:

  1. Оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)

  2. Саусақтарын сыртылдатады

  3. Оң алақанымен сол алақанының үстінен тез «сырғанап» түседі

  4. Барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртынан беттестіреді («күн жасайды»)

  5. Екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иеді

  6. Барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез тез кезектіресе бір біріне соғады.





«Сәлем» - саусақ ойыны


Сәлемдесем ардайым

Үйде және көшеде

Тіпті «сәлем» - деймін мен

Тауыққа көрші үйдегі

Сәлемет пе

Шуақты күн көкте!

Сәлемет пе.

Нұрлы аспан көкпенбек!

Сәлемет пе.

Самал жел желпіген!

Сәлемет пе.

Кішкентай түбіртек!

Сәлем, таң жаңа атқан!

Сәлем күн арайлы!

Сәлемге еріну!

Бізде әсте болмайды.


Түсіндірмесе:

  1. Екі қолдарын айқастыра кеуделерін қояды

  2. Екі қолдарын алға жаяды

  3. «Қанаттарын» (екі қолдарын сәл көтеріп, қайта түсіріп) қағып тұрады

  4. Бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына беттестіре, саусақтарды жан жаққа аша «күн» жасайды

  5. Екі қолды жоғары соза аспанды көрсетеді

  6. Екі қолды жоғары көтере екі жағына кезек теңселтеді

  7. Екі қолды төмен түсіре, қол бастарын бір бірінің үстіне қойып алдына ұстайды

  8. Оң жаққа оң қолын жаяды

  9. Сол жаққа сол қолын жаяды

  10. Оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстай оңға, солға кезектіре шайқайды.





















Көркем өнер еңбегі бойынша қосымша білім беретін педагогтіңіс – әрекет журналы


Айы

Іс шара

Қазан

Балалар шығармашылығы студиясында айналысатын балалар тобы құрамының тәрбиешілерінмен бірлесе құрылуы

Қараша

Күз мейрамына қатысты көрмені қйымдастыру, балалар шығармашылығы көрмесін безендіру бойынша бірлескен жұмыс

Желтоқсан

Балаларды ұсақ моторика дамыту бойынша педагогтар үшін ұсынымдар

Қаңтар

Сабақтарда және үйде қолайлы атмосфера мәселелері бойынша психологпен кеңес

Ақпан

Көрмені ұйымдастыру, аналар мен әкелерге арналған сыйлықтарды тәрбиешілермен талқылау

Наурыз

Ашық есіктер күні

Сәуір

Балаларды тексеру және нәтижелерін талқылау бойынша психологпен кеңес

Мамыр

«Гүлдер және балалар» көрмесін ұйымдастыру



«Сиқырлы алақандар»

балалар шығармашылығы студиясының тәрбиеленушілері жұмыстарының сайыстары, көрмелері


Көрмелер – үлкендердің балалармен қарым қатынас жасау түрі. Алынған әсерлерді талқылай отырып, балалар мен үлкендер өз қызығушылықтарымен, біліктіліктерімен бөліседі.

Балалар жұмысын көрмелерге іріктеу дәстүрлі емес түрде жүргізіледі. Бұл ең жақсы жұмыстар болмайды. Егер де сәби өз талпынысымен кешегіге қарағанда жақсы нәтижелерге қол жеткізсе, онда оған шағын мереке, жалпы көпшіліктік құттықтаулар ұйымдастырыалып, жұмыстар көрмеге қойылады. Балада шығармашылыққа деген ынта пайда болады.

Балалар жұмысын қарастыру және талқылау үрдісінде көптеген жаңа идеялар туындайды.

«Мен жақсы көретін ертегім», «Біз Қазақстан өлкесінде тұрамыз», «туған қала макеті» (қала тарихықазіргі және болашақ қаласы), «Болашақты жасайық» тақырыбына ой – қиялдар (фантазия).

«Гүлдер және балалар» көрмесі.

Отбасы шығармашылығының фестивалі (балалардың ата – аналармен бірлесе жасаған шығармашылық жұмыстары, декоративті – ертегілі заттардың көрмесі)











Қолданылған әдебиеттер


  1. В.С.Выготский «Психология искусства» 1968.


  1. И.А.Лыкова «Изобразительная деятельность в детском саду». «КАРАПУЗ - ДИДАКТИКА». Москва 2007.


  1. Л. П.Губанова, Л.Н.Бахарева «Бейнелеу өнері». «Алматы» 2008.


  1. М.И.Нүсіпбекова «Бейнелеу өнері». «Аруна» 2002.


  1. Т.С.Камарова «Занятия по изобразительной деятельности». «Мозайка - Синтез» Москва, 2011.


  1. Тәжімұратов Ә. «Шебердің қолы отрақ», «Алматы» 1977.


  1. Ш.Ж.Тоқтабаева, р.У.Каримова «Қазақтың сәндік – қолданбалы өнерінің шетелдегі жәдігері». «Таймс» 2008.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Си?ырлы ала?андар

Автор: Каратаева Альбина Бекжановна

Дата: 01.02.2016

Номер свидетельства: 286150


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства