Сабақтың мақсат пен міндеттері: коллажды көркем шығармашылықтың бір түрі ретінде түсіндіру; пішіндерді өзгерту мен бөліктерді түрлендірудің сәндік тәсілдерін түсіндіру; материалдың бет˗ бедерін пайдалану мүмкіндіктерін көрсетіп беру; саусақ қимылдарын жетілдіру, қайшымен, желіммен жұмыс істеуге үйрету; тағат тауып отыруға, тазалыққа баулу;
Сабаққа қажетті материалдар:
Картон, түрлі түсті қағаз, жылтыр журналдан алынған қиындылар, фольга, жылтырақтар, ПВА және жай желім, қайшы, қара қарындаш, өшіргіш.
Сабақ жүргізу барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
« Шығыс ертегілері» тақырыбына байланысты оқушылармен шағын әңгімелесу
Жаңа тақырыпты хабарлау
Өзіндік жұмыс (өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлеріне жапсырма жасау)
Сабақты қорытындылау( бағалау)
Шағын көрме
Ал оқушылар сендер ертегілер туралы көп білесіңдер гой, мне біздің бүгінгі сабағымыз да осы ертегі кейіпкерлеріне байланысты болмақ. Ертегілер әр ұлттың тіліне, дініне, халқына байланысты ерекшеленеді. Ал біз бүгін қызықты да, сүйкімді кеціпкерлерімен ерекшеленетін «шығыс ертегілеріне» тоқталамыз. Шығыс ертегілерне «мың бір түн», «алладин» және т.б ертегілерді жатқызуға болады. Сонымен қатар шығыс елі өзінің сәулет өнерімен де ерекші сұлу жер болып саналады.
Біздің сабағымыздың ерекшелігі коллаж тәсілімен жұмыс жасаймыз.
Коллаж жапсыру арқылы орындалатын жұмыс. Коллаж: стильдеу, жалпылау болып бөлінеді.
Стильдеу нысананың түпнұсқалық ерекшеліктерін әдейі ұқсатып жасау.
Жалпылау нысананың өзі сынды бірнеше нысанаға ортақ қасиеттерін көрсету.
Енді жұмысымзды бастайық.
Жұмысқа арқау болатын параққа белгі саламыз. Сызықтар барынша жұқа және үзік болғаны дұрыс.
Материалдарды таңдаймыз және коллаждың негізгі элементтерін қиып аламыз.
Элементтерді желімнің көмегімен қағазға жабыстырамыз. Жеңіл материалдар үшін кеңсе желімін, ал ауыр материалдарды жабыстыру үшін ПВА желімін пайдаланамыз.
Коллажды түрлі бөлшекермен безендіреміз. Ол үшін мата, түрлі түсті қағаз, сондай ақ арнайы жылтырақтар жапсырылатын глиттерді пайдалануға болады.
Жұмыстарымызды аяқтаған соң көрме жасаймыз сондықтан әдемілеп жасайық.
Сабақты қорытындылау( оқушыларды бағалау)
Үйге тапсырма: жапсырмалау арқылы шығармашылық жұмыс жасап келу.