- Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңдар. Балалар сабағымызды мына өлең жолдарынан бастаймыз.Мен айтамын,сендер менің соңымнан қайталайсыңдар. Сабаққа біз даярмыз Жалқаулықты қоямыз Үздік оқып әрқашан Кілең бестік аламыз. Қолымызды жаттықтырып, Бейнелеу сабағын бастаймыз - Өте жақсы балалар, орнымызға отырамыз. - Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сызықтық перспектива түсінігі» - Балалар үстелдің үстіне барлық қажетті құрал – жабдықтарды шығарып қояйық. Жұмыс орнында артық нәрсе жатпауы керек. Жұмыс орнында тек керекті құрал – жабдықтар ғана болуы тиіс. - Бейнелеу сабағына керек құрал – жабдықтармен қатар, біз ең бастысы қауіпсіздік ережесін білу керекпіз. - Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер? Балалар техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері бар: Жұмысты мұғалімнің рұқсатымен бастау керек. Құралдарды керек уақытта қолдан. Жарамсыз және қатардан шыққан құралдарды қолданба. Жұмыс барысында құралдарды мұғалімнің үлгісі бойынша пайдалан. Жұмыс орыныңды таза күйінде ұста. Жұмыс уақытында сөйлеме және қозғалма. Оқушылар біз сендермен құмыраның суретін саламыз. -Сендер қандай құмыраларды білесіңдер? Электронды сергіту сәті. Ендеше бәріміз мына бейнероликке назар аударамыз. Барлығымыз түрлі-түсті қарындаштарымызды аламыз.Мына тақтадағы суретке қарап,құмыраны саламыз. -Жарайсыңдар,сендер суретті жақсы салдыңдар. -Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық? -Ненің суретін салдық? -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? - Өте жақсы, балалар. Бүгінгі сабаққа барлықтарын белсене қатысып отырдыңдар, жарайсыңдар! - Сау болыңдар балалар! Салған суреттерінен көрме ұйымдастырамын,өз-өзін бағалау тәсілі қолданамын. «Менің бөлмем» тақырыбында сызықтық перспектива заңдылығына бағыну арқылы сурет салу. |