орта ?асырларда?ы ж?не ?азіргі заман с?улет ?нері, стильдері, архитектуралы? ??рылыс ж?йелеріні? ерекшеліктерін аша отырып, айырмашылы?ын айта отырып, оларды? тарихта?ы алатын орнын аны?тау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?з ?иялы?да?ы ?ала (С?улет ?неріне саяхат)»
Сыныбы: 3а, 3б
Күні:
Сабақтың тақырыбы:«Өз қиялыңдағы қала».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сәулет өнерімен таныстыру; аралас техникадағы графикалық және
конструктивтік дағдылар мен біліктерді дамыту; стильдендіру ұғымын
дамыту.
Дамытушылық: қағаз пластикасының сәндік тәсілдерін түсіндіру.
Тәрбиелік: ұжымда жұмыс істеу білігін тәрбиелеу.
Типі: аралас
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сөздік, практикалық
Көрнекіліктер: суреттер, қағаз пластикасы үлгілері.
Оқушылар үшін: альбомдық парақтар, өшіргіш, жай қарындаштар, сызғыш, қайшы, желім, қатырмақағаз, қылқалам, гуашь, су құюға арналған ыдыс.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушылардың оқу құралдарын дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қала тамаша бір кілем сияқты: әйгілі есткерткіштері – өрнектері де, жүргізіліп жатқан құрылыс – байланыстырушысы. Өмір бойы бір көшемен күнде жүрсең де, оның тарихын білмеуің де, оның әдемілігін елемеуің де мүмкін.
Әрине, кез келген үй ғажап сәулет үлгісі емес. Алайда оған да сәулетші таланты, ойы мен еңбегі жұмсалған. Әр үй, әр көшенің ерекше келбеті, өзіндік стилі болады.
Сәулетті стиль дегеніміз не? Стиль – шығармашышылық пішіндердің үйлестігі. Адамзат өркениетінің әрбір даму сатысына тән сәулет стилі қалыптасқан. Ол белгілі бір тарихи кезеңнен, оның негізгі ерекшеліктері мен сипаттарынан хабар береді. Сәулет есткерткіштері өзі жасалған тұстағы адамдар өмірінде қандай нәрсе маңызды болғанын көрсетеді. Олар нені шынайы сұлулық пен өнер деп түсінгендігінен, өмір салтынан хабар береді.
Сурет көшірмелеріне көз жіберсең, сәулет стилі түрлерінің айырмашылығын байқайсың. Антикалық стиль бойынша салынған ғимараттар құрылымы қарапайым болғанымен, пішіні көркем, әрбір бөлшегіне дейін мұқият ойластырылған, салмақтылыққа, нәзіктікке толы.
Готика – аспанмен таласқан мұнаралар мен күмбездерді, сәулеттті бағандарды, олардың қақпаларына дейін сүйір етіп беру арқылы бар екпінмен көкке ұмтылу әсерін бейнелеу.
Барокко стилінде көлденең және тік сызықтар қолданылмай, жеңіл толқынды сызықтар үйлесім табады. Толқын иірімдері біртіндеп дөңестеніп, ғимараттар терең ізденіспен, шеберлікпен жасалған сәнді элементтермен көмкеріледі сәулет ғимараттары таңғаларлық көркем, сәнді болады.
ХХ ғасырдағы бүкіл сәулет өнеріне негіз болған модерн стилі ғимаратты жобалаудың жаңа қағидаларына жол салды. Бұл стильде тиімділік жағы басты өлшем етіп алынған. Үйді алатын болсақ, ең алдымен ол адамға қолайлы, оның өмір салтына, жұмысына, демалысына сай болуы керек.
Хай-тек – заманауи стиль. Бұл жоғары технологиялар стилі болып табылады. Онда көлемді әйнектер металл конструкцияларымен үйлесіп келеді.
Машықтық жұмыс: Қолда бар материалмен қала макетін жасау
ІҮ. Бекіту сұрақтары:
Сәулетті стиль дегеніміз не?
Антикалық стиль дегеніміз не?
Готика дегеніміз не?
Барокко стилі қалай жасалады?
Хай-тек стилі дегеніміз не?
Ү.Қорытындылау: Дұрыс әрі нақты орындалған жұмыстарды атап өту.