kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?з ?иялы?да?ы ?ала

Нажмите, чтобы узнать подробности

саба? бейнелеу ?нері п?ніне арнал?ан. ма?саты о?ушылар?а ?имараттарды таныстыру, жіппен ж?мыс жасату, ?иялдарын ?штастыру. саба? ?з ма?сатына жетті. о?ушылар берілген тапсырманы жа?сы орындап шы?ты. практикалы? тапсырма: жіпті ?са?тап ?ию ар?ылы, салын?ан суретке жабыстыру керек. б?л саба? о?ушылар?а ?те ?атты ?нады. сонымен ?атар с?зж?мба? шешті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?з ?иялы?да?ы ?ала»

Дайындаған: бейнелеу өнері пәні мұғалімі: Нұрғазина Меруерт Естайқызы

Сыныбы: 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өз қиялыңдағы қала (Сәулет өнеріне саяхат)
Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы және қазіргі заман сәулет өнері, стильдері, архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, айырмашылығын айта отырып, олардың тарихтағы алатын орнын анықтау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері, тарихы туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғындыру

Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту. жаңа терминдерді ұғындыру.
Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі заманғы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың түpi: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: жарыс, топқа бөліп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, карточка, плакат, бояулар. Пәнаралық байланыс: тарих, архитектура.

Сабақтың құрылысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Сабақты пысықтау.
4. Жаңа сабақ.
5. Сабақты пысықтау.
6. Қорытындылау.
7. Оқушылардың білімін бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. оқушылармен амандасу
2. класты түгендеу
3. психологиялық дайындық

4. құралдарын түгендеу
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлемін.
Бейнелеу өнеріндегі негізгі түстер атауымен атаймын, олар -
1 топ - көк түс
2 топ - қызыл түс
3 топ - сары түс
Қораптан карточкалар алынып, әрбір топтың жетекшісі сұрақтарды өздері таңдап алып, тобымен бipre дайындалады. Қай топ дайын болса, сол топ жауап береді. Дайындалуға 2 - 3 минут уақыт беріледі. Топ жетекшісінде бағалау парағы бар, сол бойынша жауап берген оқушыларды бағалап отырады. дұрыс жауапқа 5 ұпай. қате жауапқа ұпай қойылмайды.
Әр топ 2 сұрақтан алады
1. Пейзаж өнері деген не? Слайд - табиғат көрінісін бейнелеу
2. Перспектива деген не? жақындағы заттар үлкен, ал алыстаған сайын кішірек болып көрінеді
3. Перспектива түрлерін ата. Сызықтық және ауа
4. Табиғат деген не? Бізді қоршаған орта
5. Акварель қандай бояу. Суға тез еритін
6. Гуашь қандай бояу. Суға жақсы езіліп қою жағылатын
7. Жылы түстерді ата. сары, жасыл, қызыл
8. Суық түстерді ата. көк, күлгін, сұр.

ІІІ. Сабақты пысықтау/дайындық
3 - топқа қойылатын сұрақтар. оқушылар қол көтеріп жауап береді.
1. Адам өмірінде баспана қандай рөл атқарады?
2. Сәулет дегеніміз не?
3. Баспана қандай қасиеттерге ие болу керек?
4. Сен қандай сәулет ескерткішін білесің?
5. Мына ғимараттардың қалай аталатынын еске түсір. қай қалада орналасқан?
Слайдта көрсету(Астана, Алматы қалаларының ғимараттары)
Ал енді сұрақтарға дұрыс жауап берген топтардың ұпайлары. ұпай қойылады
ІҮ. Жаңа сабақ:
Жоспар:
1. Сәулет өнері тарихы.
2. Сәулет стильдері.
3. Европа ескерткіштері туралы мәлімет.
4. Орта Азия мен Шығыс сәулет өнері
5. Қазіргі заман сәулет өнері.

Сәулет өнері тарихы.
Слайдтағы ғимараттарды көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіру.
бүгінгі салынып жатқан ғимараттар ерте кезеңдегі ғимараттарға мүлде ұқсамайды. бұл ғимараттар европа елінің сәулет өнері.
Египет, Грекия, Рим сияқты ежелгі мемлекеттерде қарапайым адамдар тұратын үйлер арзан және сапасыз тұрғызылған, сондықтан біздің заманымызға дейін жетпеген. Ал мыңдаған адамдардың еңбегімен салынған ғимараттар - храмдар, кітапханалар, салтанатты сарайлар берік сапалы материалдардан салынғандықтан, олардың көпшілігі күні бүгінге дейін сақталған.
Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындыларды СТИЛЬ деп аталады
Ал енді Грекия мен Рим сәулет стилімен танысайық.- антикалық дәуір деп атайды
Ғимараттардың шатыры мүсіндермен, қабырғаға сылағы кеппей салынатын суреттер - фреска, мозайкалар(түсті минерал қосып балқытылған шыны сынықтары) Ең әйгілі құрылыстардың бірі - Парфенон храмы. 5 ғасырдың ортасында Афиныдағы Акропль қыратында тұрғызылған грек храмы. периметрі бойынша биіктігі 10 метрлік 46 баған қоршап тұрған.
Көне Римнің батпақтан құрғап қалған орталығында қаланың басты алаңы - Форум салынды. мұнда жиындар өткізіліп, императорлар сайланды.
Римнің ең әйгілі құрлысы КОЛИЗЕЙ б. д. д 1 ғ салынған. 50000 мыңнан астам көрермен сиятын болған. 4 қабаттан тұратын. аренада гладиаторлар, жабайы аңдар айқасы көрсетілетін болған. колизейдің ашылу салтанатында 5000 жабайы аң көрсетілген.
Сонымен бірге Римде АКВЕДУКТАРЫ осы кезге дейін сақталған.(қалаға таза тау суын жеткізетін аркалы көпірлер)
Сонымен қатар Римде моншалар салынған - термдер деп аталған. Каракалланың термдері өте әйгілі болған, 2500 аса адам жуына алатын. сәнді сарайларға ұқсаған.



Сабақты пысықтау

Үш топ берілген әдемі ертегідегі үйлерді шынайы өалыпқа келтіреді. Үш топқ жеке жеке жұмыс беріледі. Боялмаған суретті жіптерді ұсақтап қиып жабыстыру арқылы әсемдеп аяқтайды.
Ә) треннинг. Сөйлемді аяқта:
1. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі...... әмірі бойынша тұрғызылған (Әмір Темір)
2. Калиозей қайда орналасқан
3. Бәйтеректің биіктігі қанша метр?
4. Хан шатыр қандай ғимарат?
5. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі....... орналасқан. (Түркістан)
6. Кесененің ішінде үлкен..... бар (қазан)

ҮІ. Қорытындылау.
оқушылардың жұмыстарын өқарап ең әдемі жасаған топты марапаттап тиісті бағаларын қоямын.
Сонымен біз балалар сәулет өнеріне саяхатты өттік, сендерге ұнады ма осы саяхат, несімен ұнады қандай қызық деректер білдіңдер?
ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Сонымен балалар мен бағалау парағын алып, әр топтағы оқушының жұмысына байланысты жеке бағалар қоямын. Жеңген топқа орын беру.








1. Пейзаж өнері деген не?



2. Перспектива деген не?



3. Перспектива түрлерін ата.


4. Табиғат деген не?



5. Акварель қандай бояу.


6. Гуашь қандай бояу.


7. Жылы түстерді ата.


8. Суық түстерді ата.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?з ?иялы?да?ы ?ала

Автор: Н?р?азина меруерт Естай?ызы

Дата: 17.02.2016

Номер свидетельства: 294589


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства