kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бейнелеу ?неріні? т?рлері мен жанрлары» та?ырыбында 5-6 сыныптар?а ?ткізілетін ?йірме ж?мысыны? ба?дарламасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 ?азіргі  та?да н?тижеге ба?дарлан?ан білім беруді? негізі ?р баланы? жеке т?л?а ретінде бейімділігін аны?тап, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыта білуде жатыр. Сонды?тан мектептегі ?йірмелерді? ?зекті м?селесі: о?ушыларды? о?у –танымды? ?рекетінде шы?армашылы? дербестігін дамытатын саба?тар ?йымдастыру,  тиімді ?діс-т?сілдерін пайдалану, ?зіндік ж?мыс істеу біліктерін ?алыптасыру, іздену аясын ке?ейту.

  О?ушы о?у процесінде ал?ан білімін, ?йірмеде іс ж?зінде ?олданып, ?нерге деген шы?армашылы? ?абілетін іскерлігін дамытады.

  Б?л ба?дарламаны? ма?саты біріншіден мектеп ?абыр?асынан бастап бейнелеу ?неріні? тарихымен  сан тарма?тарымен таныстыруда бейнелеу ?неріні? т?рлеріне, орындалу т?сіліне байланысты жанрларына т?сінік бере отырып сурет салу?а ?абілетті, дарынды балалар?а ба?ыт беру, оларды? ?здігінен ізденіп, ж?мыстар ж?ргізуіне, шеберлік де?гейін арттыру, ынта ы?ыласын молайту?а, ?семдік пен с?лулы?та к?ріп, ба?алай білуге ?йрету, ж?мысты ?з бетінші орындау?а баулу. Дарынды о?ушыны? жетістікке жетуіне, ?з жолдарын д?л табу?а, ?ылым?а жетелеу ар?ылы ?здеріні? ?абілеттерін ашуына к?мектесу ?рбір ?йірме жетекшісіні? парызы. Екіншіден к?сіптік ба?дар беру.

  Саба?тар теориялы? ж?не практикалы? саба? т?рінде ?теді. Ба?дарлама

5 тараудан т?рады, 68 са?ат?а жоспарлан?ан. Аптасына 2 са?ат. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бейнелеу ?неріні? т?рлері мен жанрлары» та?ырыбында 5-6 сыныптар?а ?ткізілетін ?йірме ж?мысыны? ба?дарламасы.»

«Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары» тақырыбында 5-6 сыныптарға өткізілетін үйірме жұмысының бағдарламасы.



Алғы сөз .

Қазіргі таңда нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі әр баланың жеке тұлға ретінде бейімділігін анықтап, шығармашылық қабілеттерін дамыта білуде жатыр. Сондықтан мектептегі үйірмелердің өзекті мәселесі: оқушылардың оқу –танымдық әрекетінде шығармашылық дербестігін дамытатын сабақтар ұйымдастыру, тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану, өзіндік жұмыс істеу біліктерін қалыптасыру, іздену аясын кеңейту.

Оқушы оқу процесінде алған білімін, үйірмеде іс жүзінде қолданып, өнерге деген шығармашылық қабілетін іскерлігін дамытады.

Бұл бағдарламаның мақсаты біріншіден мектеп қабырғасынан бастап бейнелеу өнерінің тарихымен сан тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне, орындалу тәсіліне байланысты жанрларына түсінік бере отырып сурет салуға қабілетті, дарынды балаларға бағыт беру, олардың өздігінен ізденіп, жұмыстар жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттыру, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықта көріп, бағалай білуге үйрету, жұмысты өз бетінші орындауға баулу. Дарынды оқушының жетістікке жетуіне, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуына көмектесу әрбір үйірме жетекшісінің парызы. Екіншіден кәсіптік бағдар беру.

Сабақтар теориялық және практикалық сабақ түрінде өтеді. Бағдарлама

5 тараудан тұрады, 68 сағатқа жоспарланған. Аптасына 2 сағат.


Бейнелеу өнерінің түрлері:

Кіріспе -2 сағат

Графика -18 сағат

Кескіндеме -18 сағат

Сәндік қолданбалы қолөнер -16 сағат

Мүсін өнері -6 сағат

Сәулет өнері -6 сағат

Жылдық қайталау -2 сағат


Әрбір өнер түрлерімен танысып болған соң шығармашылық жұмыстың көрмесі ұйымдастырылады. . Сабақта оқытудың жаңа технологиясын басшылыққа алып әдебиеттерді пайдалану керек.



Бейнелеу өнерінің түрлерімен жанрлары

р/с

Тақырыптар

Сағат саны

1

Оқушыларға өнер туралы, адам өмірінде өнердің алатын орны жайлы мағлұмат беру

1

2

Бейнелеу өнері Қазақстан жеріндегі бейнелеу өнерінің тарихы « Таңбалы тас», «Балбал тастар» әңгіме өткізу

1

3

График суретшілер

1

4

Графика және оның түрлері, құрал жабдықтар. Сызық. Долбар салу.

2

5

Геометриялық денелер. Қарапайым натюрморт

2

6

Геометриялық денелер .Штрихпен жұмыс (аяқтау)

2

7

Композиция «Менің бөлмем»

2

8

Перспектива туралы ұғым . Кеңістік перспективасы, схемалық әдіс

2

9

Тақырыптық графикалық жұмыс «Көшеде»

2

10

Гравюра, офорт, монотопия жайлы ұғымдар.


2

11

Портрет салу

2

12

Көрме. Графикадан істелген жұмыстар

1

13

Кескіндеме (живопись) Қазақстанның кескіндеме өнері. Ә.Қастеев

1

14

Қазақстандағы кескіндеме шеберлері жайлы музейлерге саяхат.(Шығарамалар арқылы)

1

15

Кескіндеме өнерінің жанрлары

2

16

Натюрморт (Көкөністер)

4

17

Табиғатты бейнелеу «Ауыл табиғаты»

4

18

Бояудың сиқырлығы «Жыл мезгілдері»

2

19

Портрет «Менің досым»

2

20

Шағылысу. Көк фондағы заттар Натюрморт «Ыдыстар» Көрме.

2

21

Сәндік қолданбалы қолөнер

1

22

Ұлттық қолөнер тарихы

1

23

Ою-өрнек түрлері . Жобалық сурет «Сырмақ»

2

24

Дизаин өнері белгі жасау «Суретшілер мектебі»

2

25

Коллаж «Үй жануарлары»

4

26

Аппликация «Түн»

2

27

Ұлттық киім үлгілері

1

28

Зергерлік , ұста жайлы.

1

29

Көрме

2

30

Мүсін өнері.

1

31

Қазақстан жеріндегі мүсіндер тарихы

1

32

Рельеф . Ою өрнек (Ағашқа ою салу)

2

33

Мүсіндеу «Құлыншақ». Көрме

2

34

Сәулет өнері Қазақстандағы орта ғасыр сәулет өнері

1

35

Қазақстандағы жаңа дәуір сәулет өнері

1

36

Жобалық сурет «Менің болашақтағы үйім»

2

37

Мозайка жоба « Өнер мектебі»

2

38

Жылдық көрме ұйымдастыру: «Мен не білдім, не үйрендім?»

2




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Н.Өтепбаев «Сурет- бейнелеу өнерінің негізі»

  2. Ә.Х. Марғұлан « Қазақ халқының қол өнері» (Сәндікке) 1-2 том. Алматы 1989 ж

  3. И. Щипанов «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер».

  4. Қ.Болатбаев «Өнер»

  5. В. Хлебникова Живопись Графика Москва 2004г

  6. Республикалық әдістемелік журнал «Бейнелеу өнері және сызу»

  7. Энциклопедический словарь юнного художника –М. Педагогика, 1983

  8. Ә. Төлебиев « Сурет салуды үйрен» Алматы 1989ж

  9. Изобразительное искуство Казахстана 20 век- Алматы 2001

  10. К. Тельжанов Государственный музей искуств Казахской ССР. Альбом репродукции, 1981 г

  11. Н.Қошқарбеков Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары. Алматы 2007ж

  12. Бейнелеу өнерінің оқыту әдістемелері

  13. Бейнелеу өнері оқулықтары.










Қасенов М.М

Бейнелеу өнері, сызу пәні мұғалімі

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыбастау орта мектебі

Бейнелеу өнері пәні мектепте


Бейнелеу өнерінің әрбір сабағы оқушының шығармашылығын дамытатын көркем өнерді түсіндіруге, көркем өнер ісінде практикалық дағдыларды қалыптастыруға , сезу, көру қабілетін дамытуға, түстерді орналастыру, кеңестікті елестете білуге заттардың түр -түсін, қалпымен көлемін жобалай білуге бағытталуы тиіс.

Сабақ үстінде әр баланың салған суретіне, оны салу техникасына сурет мәтініне көңіл бөлемін.

Бейнелеу өнері пәні мектепте негізгі эстетикалылық тәрбие берудің негізгі құралы. Сурет; сызу баланың бүкіл өмірінде құрылыста, техникада, ғылымда өте қажет нәрселер болып табылады. Ең бастысы шәкіртерімді әдемілікті көре білуге, түрлі түсті бояуларды түсініп, түйсініп дұрыс қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ұмтыламын. Сабақ барысында дидактикалық ұстанымдарды берік сақтап, жеңілден ауырға қарап біртіндеп ауысамын. Әрбір сабақ оқушының жеке көзқарасына дүние танымына әсер етеді.

Бейнелеу өнері пәні сабағында:


Мұғалімнің қызметі



ОҚУШЫНЫҢ ҚЫЗЫМЕТІ



























Заман талабына сай сабақта оқытудың жаңа технологиясын қолданамын.







Мысалы: 4 – сынып


«Күз - табиғат көрінісі» тақырыбында өткен сабақта «Нені дамыту керек?» деген сұраққа жауап іздестіре отыра оқушының сезім түйсігін, қабылдауын, зейінін, еске ұстауын, ұғынуын, ойлау, қиялдау болжау қабілетін, ерік қайратын, дағдысын, жауапкершілігін дамытуды алдыма мақсат еттім. Бірінші далада күз көрінісін көре отырып сезімін тудыру, дала сары түске боялады, Алтын күз аталады. Өлең оқылады, суретшілер шығармалары көрсетіледі, бала қабылдайды.

Олар сурет сала отырып, табиғат көрінісін ұғынады, есте сақтайды. Қоршаған орта, кеңістік табиғаттың , құбылмалы өзгерісі жайлы мағлұмат беріп, өзіне ұнаған көріністі қағаз бетіне үйлесімді етіп бейнелеуге ерік қайратын дамытады. Бақылау барысында табиғат көрінісін оқушылар көріп ұғынып, көркем ойлауға жаттығады.

Оқушының жұмысын талдай отыра, оқушының қалай жұмыс істегені, білімді қалай пайдаланғаны бағаланады.

Бейнелеу өнері сабағында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясының стратегияларын сабақта қолдану оқушы шығармашылығын шыңдайды.

Мысалы: «Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу» (3 сынып) сабағында жұмыстар төмендегі мақсатта жүргізілді:

  1. Қызығушылығын ояту: ертегіні оқу

  2. Ой қозғау: ұнаған кейіпкер, ұнамаған кейіпкерге бейнелі мінездеме бергізу.

  3. Кубизм әдісін пайланып 6 сұрақ қою.

  4. 5 жолды өлең Өзім жазған ертегі

5. Өзім саламын . Жұмысын талдайды. Өзара пікір алысады.

Бөлімді қайталау сабақтары кезінде: Ұжымдық топтап оқыту әдісін , ойындар технологиясын, іскерлік ойындарды, бейнелеу өнері бойынша анкета сұрақтарын терминдермен жұмыс, қызықты тапсырмалармен сөзжұмбақтар жүйелі қолданып, оқушының зейінін арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі кезде білім жүйесінде өзекті мәселе оқушының білім сапасын жоғарлату. Бұл үшін білім сапасы деңгейін анықтау, талдау, саралау қажет. Әрбір тоқсан сайын білім сапасына мониторинг жүргізіп, қортып отырамын.

Мектепте 1-4 сыныптарды «Қылқалам» , 5-9 сыныптарда «Жас суретші» үйірме жұмысын жүргіземін. Үйірме жұмысында дарынды балалармен жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік бар. Әр тоқсанның аяғында, жылдың соңында « Үйірменің үйретері көп» тақырыппен көрме ұйымдастырып, оқушылар өздерінің салған жұмыстарын көпшілікке таныстырады. Нәтижеге бағытталған білім басты қағидам болғандықтан оқушыларымның жетістігі: аудандық білім бөлімі тарапынан өткізілген байқаулар: « Өртке қарсы қызмет» тақырыбында көрмеден мақтау қағазымен , дипломмен 2004 жылы Ә.Қастеевтің туғанына 100 жыл толуына байланысты А.Рүстембекова, Айзат Байдаулетова дипломмен марапатталды.

А.Рүстембекованың «Ауыл табиғаты» тақырыбына салынған суретті «Ізгілік» газетінде жарияланды. 2- оқушының жұмысы облыстың суретші оқушылардың катологына кірді.

3-ші халықаралық балалар суреті байқауының «Прошлое, настоящее и будущее в творчестве детей» тақырыбында Электорсталь қаласында өткен байқауға қатысқан Қасенов Олжас алғыс хат алды.

Оқушылар аудандық білім бөлімі тарапынан өткізілген жарыстарға үнемі қатысып,жүлделі орын алуда.

Мұғалім үнемі шығармашылық жұмыс жүргізіп отыру керек.Жұмысым аудандық , облыстық байқауларға қатысып, облыстың суретші мұғалімдердің каталогына кірді.

Ауданның облыстағы күндеріне үнемі көрме апарамын.

Мектеп ішін, пән кабинеттерін безендіріп отырамын.

Оқушылармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесі:

1. Білім сапасы

2. Байқаулар

3. Сурет көрмелері

4. Алтын медаль, ерекше аттестат

5. Оқуға түсуі

Өнер біздің қоғамда адамдардың оның ішінде әсіресе жастарды рухани эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құралы болып табылады. Сондықтан біздер бейнелеу өнері пәні мұғалімдері оқушыларды көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге күш жігерімізді салайық .


Қасенов Мұқаметқали

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыбастау орта мектебі

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Касенов Мухаметкали Маушевич

Дата: 09.06.2016

Номер свидетельства: 333669


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства