Просмотр содержимого документа
«?стаз аты-биік ?рі м??гілік»
Қармақшы аудандық оқушылар үйі
тақырыбында ашық тәрбие сағаты
«Сән тігін» үйірмесінің жетекшісі Аяшова Мейраш Әбдіхалыққызы
Жосалы кенті 2013 жыл
Қармақшы аудандық оқушылар үйінің «Сән тігін» үйірмесінің жетекшісі Аяшова Мейраш Әбдіхалыққызының ұйымдастыруымен өткізілген «Ұстазым мәңгілік, Жадымда жүрер жаңғырып»
Сабақтың мақсаты: 1) Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету. 2) Жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету. 3) Ұстаз мамандығының қыр мен сырын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету. 4) Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, мерекеде тамаша көңіл-күй сыйлау үшін бар өнерлерін ортаға салу.
Сабатың түрі:Ертегі сабақ
Көрнекілігі: Ертегі желісі бойынша безендіру
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім. а) Ұйымдастыру жұмыстары
ІІ.Негізгі бөлім. І. Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтау. 2. Ертегі желісі бойынша оқушылар өнерін тамашалау. 3. Ұстаздар лебізін тыңдап, сабақты қорытындылау.
Мұғалім: Армыссыздар, ардақты ұстаздар! Барша адамның сауатын ашып, білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған – ұлағатты ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! . Біздер үшін ұстаздар мерекесі – үлкен мереке. «Ұстаз» деген ұлы есімді естігенде әр адам сезімге беріледі. Ұлағатты ұстаз болмағанда, сол ұстаздың ұлағатты «өмір» деген үлкен айдынға бастар сабағы болмағанда, бүгінгі жетістікке жету бәрімізге оңайға түспес еді. Ұстаз зердесі – елдің таусылмас қазынасы.Бүгінгі мерекелеріңізге арнайы дайындалған «Сән-тігін» үйірмесінің «Ұстазым мәңгілік, Жадымда қалар жаңғырып» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Тәрбие сағаты «Алтын сақа» ертегісінің желісі бойынша жүргізіледі. Ендеше бәріңізді балалық шақты еске алып, ертегі көруге шақырамыз. . (Шал қолында қамшы қой жайып жүреді). Шал: Шек, әй, кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды, қой бақтым, қоңырауан тақтым, сиыр бақтым, сидаң қақтым, ешкі бақтым, еңіреп бақтым деген осы екен ғой. Уһ, шаршадым деп, малдас құрып отыра кетеді, артынан келген мыстан кемпір, шалды қылқындырады.
Мыстан: Уһ, бәлем, ұсталдың ба?
Шал: Ойбай, ойбай, жіберші, жаным шығып барады.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір қора қой беремін.
Мыстан: Жоқ, мен оған риза емеспін.
Шал: Бір үйір жылқы беремін.
Мыстан: Жоқ, оған да риза емеспін.Жалғыз балаң Кенжебекті бересің. Әйтпесе сені жібермеймін.
Шал: Жалғыз баламды саған қалай беремін.Басқа нәрсе сұрасаң барымды берейін, бірақ баламды сұрай көрме, мен олай жасай алмаймын.
Мыстан: Жоқ, маған балаңнан басқа ешнәрсенің керегі жоқ.
Шал: Жарайды, келістім. Баламның алтын сақасы бар, саған соны беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде оны ұстап ал.
Мыстан кемпір алтын сақаның қасында отырады. Бала келеді.
Бала: Апа, апа, анау алтын сақаны маған қарай лақтырып жіберіңізші?
Мыстан: Ой, балам, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал дейді. (бала сақаны ала бергенде мыстан оны ұстап алып кетеді. Осы кезде ауылдың қыздары бала Кенжебекті іздеп шығады)
Қыздар: Кенжебек!
Кенжебек қайдасың?
Біз сені іздеп жүрміз.(Осы кезде ортаға Мыстан қарғып шығып, қыздарды қорқытады, қыздар шыңғырып отыра қалады).
Мыстан:Сендерге Кенжебек керек болса, менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда бірінші шартым, менің көңілімді көтеріңдер. Жақсы ән тыңдағым келіп отыр, ән саласыңдар ма?
Қыздар: Айтамыз, апа айтамыз.
Ән: Бақытты балалық шақ
Қыздар:Апа, енді Кенжебекті жіберіңізші.Ұстаздар мерекесіне баруымыз керек. Ұстазымыз іздеп қалады, апа жіберіңізші.
Мыстан: Немене, ұстаз дейсіңдер ма, ол не тағы?
Қыздар: Апа, ұста емес, ұстаз.
Мыстан: Ұстаз деген кім ол? Ол сендерге қандай жақсылық жасап еді?
Қыздар:
1-оқушы: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы өсиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухты бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға.
2-оқушы: Ұстаз – мектептің айнасы, бәйтерегі. Егеменді Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – Ұстаз. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі ұстаздардың қолында.
3-оқушы: Ұстаз – ізгілікке жол сілтеуші. Ұстаздың негізгі мақсаты – оқушыға терең білім беріп, жан-жақты тәрбиелеп санасын жетілдіру болса, шәкірттің міндеті – жақсы оқып, тәрбиелі де тәртіпті болу.
4-оқушы: Ұстаз – барлық жаңалықтардан құлағдар, оны оқушыларға жеткізіп түсіндіруші. Біз ата-анамызды қалай құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу парызымыз.
5–оқушы: Ұстаздық – ұлы іс! Ұстаздық ету – өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау .Ұстаздық – ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.
Мыстан: Оу, өздерің көп нәрсе біледі екенсіңдер ғой.
Қыздар: Апа, енді Кенжебекті жіберіңізші.
Мыстан: Жоқ , өздерің өнерлі сияқтысыңдар, менің билегім келіп тұр.
Қыздар:Жарайды апа, ұстаздарымыздың мерекесіне арналған өнерлерімізді көріп тамашалаңыз.
Би: Қазақ биі
Қыздар: Апа, енді жібересіз ба?
Мыстан:Жоқ, қу қыздар, мені алдай алмайсыңдар.Ұстаздар мерекесіне айтатын өлеңдеріңді маған айтпай кетейін деп тұрсыңдар я. Жоқ, келіспеймін.
Қыздар: Жарайды, апа. Бірақ Кенжебекті жібересіз ғой я.
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа, Апа енді жіберіңізші
Мыстан: Жоқ
Қыздар: Апа, мына ұялы телефонды алыңыз.Мұнымен әлемнің барлық жерімен сөйлесе аласыз. Кинода көруге болады, хатта жазуға болады.
Мыстан: (Қане, әкелші, көрейін деп, телефонды алып, бұрышқа қарай барып тұрғанда қыздар Кенжебекті алып қашады. Соңынан мыстан айқайлайды.)
Әй;Әй тоқтаңдар! (Ұялы телефонмен)
Алло, алло, Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ қайдасыңдар, ұстаңдар аналарды.(Ешкім келмеген соң айқайлап жылайды. Мұны көрген қыздар қайтып келеді)
Қыздар: Апа жыламаңыз, біз сізге көмектесеміз.
Мыстан: Қалай көмектесесіңдер. Мен сендер сияқты мектепке баруды білмеймін,ұстаздар мені жақсы көрмейді,мектепке киіп баратын киімімде жоқ.
Қыздар: Сіз ешнәрсені уайымдамаңыз. Біз сізге көмектесеміз.
Мыстан: Мен сендер сияқты ән салып, би-билеп өнерлі болғым келеді.
Қыздар: Апа сізді оқушылар үйіне алып барамыз. Ол жерде сіз әнде салуды үйренесіз.
Биде билеуді үйренесіз. Суретте саласыз. Киімде тігесіз.
Апа керек десеңіз ағылшыншада сөйлей аласыз, есепте шығарсыз. Шешендік өнерді де меңгересіз. Біздегі ұстаздар ешқандай уақытпен санаспайды. Мысалы қосымша білім беру орталығындағы ұстаздардың еңбегін көріп таңғаласың. Дұрыс айтасың, ол ұстаздар кешке дейін біздің аға-апаларымызды алдағы ҰБТ-ға дайындайды.
(Мыстанды киіндіру үшін сахна сыртына алып кетеді)
Қыздар: Аружан өз жұмысын аяқтағанша Жансая сен би-билеп берсеңші.
Би: Кукарелла
(Мыстан кемпірді киіндіріп, сахнаға алып шығады)
Мыстан: Айнаға қарап : Ой мынау расындада мен бе, әлі сене алмай тұрмын. Қыздар рахмет, мынау керемет көйлек екен.
Қыздар: Енді біз сізді апа демейміз, енді біз дос боламыз.
Кәне енді кетейік ұстаздарымыз күтіп қалған болар.
(Мыстанды ертіп ұстаздарға келеді)
1–оқушы: Армыссыздар ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған – ұлағатты ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!
2-оқушы: Жандары ізгілікке толы, жаны жайсаң, қымбатты ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Мыстан: Қыздар, мынау отырған әдемі адамдар кімдер.
Қыздар күліп, бұлар біздің ардақты ұстаздарымыз. Мыстан: Ұстаздарда ұстаз алдынан өткен бе? Қыздар: Жақсы сұрақ екен, бұл сұрақтың жауабын ұстаздарымыздан сұрасақ қайтеді. 1- оқушы: Құрметті Нұршат апай! Сіздің көп жылдық қызметіңізде есіңізде сақталып қалған шәкірттеріңіз бар ма?
2 - оқушы: Ардақты Төлеш ағай! Сізде кішкене шәкірт болып мектеп табалдырығын аттадыңыз.Шәкірттік өміріңізден әңгімелеп берсеңіз.
3-оқушы: Индира апай! Сіздер ұстаздық жолды таңдадыңыздар. Мұғалімдік, бұл – ең қиын әрі қызықты мамандық. Осы мамандақты таңдау сыры туралы айтып берсеңіздер.
4- оқушы: Қадірлі Сания апай! Ұстаздарыңыздың арасында жадыңызда қалған, есіңізге жиі түсетін ұстазыңыз бар ма және ол несімен есіңізде қалды.
5- оқушы: Аяулы Мархабат апай! Ұстаз қай кезде ренжиді?
1 – оқушы: Ұлағатты ұстаздар! Сіздердің әрқайсыларыңыз біздерге қымбатсыздар! 2 -оқушы: Бүгінгі төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! 3–оқушы: Құрметті біздің сүйікті ұстаздарымыз! Сіздерге арналған ән-шашуымызды қабыл алыңыздар.
Ән: Ұстазым
Қорытынды:
Мұғалім: Балалар рахмет. Ұстаз шәкіртін саналы, білімді, тәрбиелі азамат ретінде танығысы келеді.Адами қасиеттерің зор болып, білім биігінен көрініңдер. Ұстаз атына кір келтірмей, ұстаз сенімінен шыға беріңдер.
Ал, құрметті ұстаздар!
Сіздерге «Бүгінгі күн құшақтарыңыз гүлге толсын» дей отырып, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Мерейлеріңіз үстем болсын. Шәкірттеріңіздің шын көңілдерімен дайындаған мерекелік ертегісін келіп тамашалағандарыңызға рахмет.