Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы өнерпаздар! Бүгін бейнелеу өнері пәнінен 4 сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып сурет әлемінде» атты сайысына қош келдіңіздер! Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен таныс болайық.
1.
2.
3.
Ортамызда 4 топ сайысқа түскелі тұр.
I топ. «Колорит»
II топ. «Акварель»
III топ. «Қылқалам»
IV топ. «Этюд»
Музыкалық сәлем жолдау
Өнерпазды жарау аттай баптасын
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын
Өнерімен танылып оқушылар
Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, - дей отырып, сайысымыздың түрлерімен таныстырып өтейін.
Таныстыру. (Топтың аты, ұраны,эмблемасы)
Сұрақ-жауап.(Төрт топқа бірдей сұрақ қойылады.)
«Кім жылдам, кім тапқыр?» (Қиылған суреттерді құрастырып,сол шығарманың атауын және авторын дұрыс айту)
«Адасқан әріптер».(Орны ауысқан әріптерді табу)
«Сезімтал саусақтар» (Қөздері байлаулы оқушы берілген затты ұстап қөріп, нобайын қағазға түсіреді)
Геометриялық фигураларды бояу
1 кезең. Таныстыру.
Өнер десе өртеніп жанып тұрар
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер
Кез келді өзін-өзі таныстырар, дей келе кезекті таныстыруға берейік. Әр топ өздерін таныстырады.
2-кезең. Сұрақ-жауап. I топқа
Суға еритін бояу түрі?( Акварель, гуашь)
Карандаш дегеніміз не?(Сырты ағаштан,іші графиттен жасалған жазу,сызу құралы )
Кемпірқосақтың түсі нешеу, ретімен атап бер ( 7-қызыл, тоқсары, сары, жасыл, көгілдір, көк, сиякөк)
II топқа
Адам келбетін бейнелейтін жанр?(Портрет )
Түстер неше түрге бөлінеді? (2. Жылы және суық )
Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?( 6. Графика, кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, сәндік қолданбалы өнер, дизайн )
III топқа
Жан-жануарларды бейнелейтін көркем шығарма?(Анималистік жанр )
Табиғат көнісін бейнелейтін көркем шығарма? (Пейзаж )
Түстер неше топқа бөлінеді? (2. Ахроматикалық және хроматикалық )
IV топқа
1. Теңіз, көл тақырыбына салынған көркем шығарма?(Маринистік жанр )
2.Палитра дегеніміз не?(Бояу езетін тақтайша )
3.Қазақтың тұңғыш суретшісі және алғаш кәсіби суретшісі кім? (Шоқан Уалиханов, Әбілхан Қастеев )
3-кезең. «Кім шапшаң, кім тапқыр?»
Кім жылдам табады
Заттардың бейнесін
Бір-бірімен суреттер табу керек үйлесім
Быт-шыт болып шашылған,
Құрайды екен кім жылдам? – деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім тапқыр?» кезеңіне де келіп жеттік.Олай болса қиылған суреттерді құрастырып, сол шығарманың атауын, өнер түрін, жанрын атап беру.
Музыкалық сәлем жолдау
4-кезең «Адасқан әріптер»I топқа
Лызық, жейпаз, кафигра, лақамқыл
II топқа. Ырқон, ұрс, лысаж, шөгіріш
III топқа. Ырса, терсу, киясөк, шызсығ
IV топқа. Ражн,ревакаль ренө, надашрак
5-кезең. Геометриялық фигураларды атап, онда жазылған түстерді тауып, бояуларды қосып түс табу.
Көрермендермен ойын ойнау «Қай сынып өнер туралы көп мақал-мәтел біледі ?»
6-кезең. «Сезімтал саусақтар» Әр топтан шыққан бір сайыскерге зат беріледі. Байлаулы көзбен заттың пішінін сипалап, суретін салады
Қорытынды.
Жас мұраты білім, тәлім талабы
Өнер оқу жастық қару жарағы – демекші бүгінгі өнер туралы «Ғажайып сурет әлемінде» атты сайысымызды аяқтап, әділқазыларға сөз берейік.
Музыкалық сәлем жолдау
Жеңген топты анықтап, марапаттау. Музыкалық сәлем жолдау.