XVII ғ. аяқ кезеңімен XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі-сыртқы дамуындағыы басты оқиғаларменн танысып талдау жасау;
- Ірі тарихи тұлғалар – Жәңірхан, Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б жайлы кең мағлуматтар беру: - Ұлы Отан соғысының негізгі шешуші шайқастарының хронологиялық жүйесімен таныса отырып, қазақ халқының майдандағы ерлігін ашып көрсету;
1-сабақ.XVII ғ. аяғыXVIII ғасырдың бас кезіндегі саяси жағдай. (Тәуке хан. «Жеті жарғы») Жәңгір хан.
- Есім ханның тұсында ойраттардың шабуылы жиілей түсті.
- Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы ант және оның бұзылуы.Саяси билік жолындағы күрестер.
1635 ж - Жоңғар мемлекетінің құрылуы.
Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы жиілей түсіп, бір шайқаста Жәңгір хан тұтқынға түсті.
Құжат:«....қара қалмақтар Қазақ ордасының адамдарын қырып салып, олардан Есімнің ұлы Жәңгір ханзаданы тұтқындады....» ( қазақстан тарихы 2 том)
Тұтқыннан кейінгі жылдардағы жеке басының батырлығы, қайсарлығы және әкесінің абыройы оның беделін көтере түсті.
1643-1647 ж – жаңа қазақ-жоңғар соғыстары басталды.
1643ж - Орбулақ шайқасы.
Батыр қонтайшы Тянь – шаньның оңтүстік сілемдеріндегі жерлердің бір бөлігін басып алды.
Жәңгір хан – Жалаңтөс Әмірден және Тянь-Шань қырғыздарынан көмек сұрады.
Анықтама: Жалаңтөс Бахадур – (1576-1656)
Бухара хандығының әйгілі қайраткері, Самарқанд сарайларын салғызушы, қаланың билеушісі, әскер басы.
Тегі: Кіші жүз – Әлім – төртқара руынан .Нұрата таулары (Бұхара) маңына көшіп барған, ұрпақтары әлі күнге дейін сонда.1625ж-ойраттармен болған шайқаста құрметті «аталық» атағына ие болған. Шир – Дорда (қасбетінде) Жалаңтөс есімі қалдырылған.
Әскердің ара-қатынасы:
Қазақ жасақтары – 500
Жоңғарлар – 50 мың
1 шайқас ороп-
2 шайқас- (қосымша күш келген соң) тау аңғарында.
Жеңістің себебтері:
Жәңгір ханның жер жағдайын өте шебер пайдаланып, әскерді тиімді пайдалаануы, түрлі рулардың басын біріктіруі,Жалаңтқсмен қырғыздардың көмекке келуі.
Жәңгір «Салқам» хан айбатты.1647 ж- уақытша бейбітшілік орнады.
1650 ж бас кезі – жоңғар шапқыншыдлығының жаңа бірлігі – Жәңгірдің майданда қайтыс болуы.
2 сабақ. Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығындағы саяси жағдай
1680 ж – Тәуке хан тағына отырды.Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан, аумағы жөнінен қазақтың барлық үш жүзіне билік еткен қазақ хандарының ең соңғысы.
Ішкі – саяси қайта құрылулар.
Хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстінділіген нығайтуға тырысты.
«Билер кеңесі»
Ерекше жағдайларда аса маңызды мәселелержді шешуге ғана шақырылды.
Тәуке хан
Билер кеңесі өтетін жері Би төбе (Түркістан), Мартөбе (Сайрам), Күлтөбе (Сырдария обл.Ангрен)
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйе.
Шешімі - міндетті түрде жүзеге асты, шешім өзгертірілмеді (келесі жиынға дейін)
Тәуке хан өз саясатында би-батырлар тірегін кеңейтуге тырысты. Әз-тәуке хандық хадық өкімет билігін орталықтандырды.
ХАН
Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз
«Жеті жарғы» -XVII ғасыр аяғында қабылданды.
Қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары әкімшілік – саясат жүйесі, неке және отбасы, жазалау т.б – болған құқықтық жүйелерді толықтырып жасалған алғашқы жаба заң жинағы.
1718ж-Тәуке ханның қайтыс болуы. Қайып хан елбасын құрай алмады. Үш жүздің жерінде әр хан өз билігін жүргізді.Сұлтандар арасында алауыздықтар күшейді.Ұлттық бірлік әлсіреді.
Жоңғар шапқыншылығының үдеу себептері
а) 1722ж- Цинь императоры Канси қайтыс болып, Цеван Рабдан біраз уақытқа Қытай мен байланысын тұрақтандырып, бар күшін қазақ жеріне қарсы шабуылға жұмылдырды.
ә) Қазақ сұлтандарының арасындағы алауыздықты, елдің бытыраңқы жағдайын пайдалана білді.
б) 1719ж- ақпанда Ертістің жоғары бөлігінде Ямышев тұз маңында орыстардан жоңғар тұтқынына түскен Иоген Ренат Густав деген шведтің шпин-юнкері(артелерия сержанты) жоңғар елінде бір неше зауыттар салып зеңберек пен мылтықпен жабдықтады. Жоңғарлар шикізат үшін Алтайға көз тікті.
в) Соғыстағы (Қытай-Цинь) мол тәжрибесі болды.
- 1723ж – Цеван Рабдан бастаған 7 салалы жоңғар әскерлерінің жойқын шабуылы.
Әр рудың, тайпаның жекеленген топтары жаудың күшін тоқтата алмады.
- Қорғансыз халық – Шыршық, Хаджент, Сайрам, Самарқанд,
- Тобыл губерниясына, Орынборға қарай ауакөшті.
- Жетісу жері қатты ойрандалды.
- Халықтың 3/2бөлігі өлім құшағына енді.
- «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
- «Елім-ай»
І.Есенберлин – «Жанталас»
Сыртқы саясаты
Орта азиямен сауданы дамытты.
1687-1688ж. Тәуке хан Бұхара ханы Субханкулимен Ташкент жайлы келіссөз жүргізді.
1686-1693ж – Сібірге бес елшілік жіберді екі ел арасындағы саяси және сауда қатынастары кеңейтілді. (І Петр)
Қазақ- ойрат қатынастары шиеленісті. Галдан Бошокту (1670-1697); Цеван Рабдан (1697-1727) тұсында екі ел арасы қатты шиеленісті.
Жоңғарлар – Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам,Созақ қалалары үшін жанталаса шайқасты.
1711-1712; 1714; 1717ж. шайқастар ерекше болды.
1718 жылы – Үш жүзге билігі толық тараған қазақ хандарының соңғысы Тәуке хан қайтыс болды.
4-сабақ. Билердің саяси қызметі.Ордабасы кездесуі.
«Би» - бұрынғы бек сөзінің (ноян, әмір) өзгерген түрі. Бұл сөз ХV ғ. бұрын кездескен.
Билердің ықпалы өздері басқаратын рулардың адам санының басым және қуатты болуымен де, тегінің ежелден келе жатқындығы және айбындылығымен де айқындалады.
Қазақ билерінің құқықтары - өздерінің қол астындағы рулар шегінде сот, әкімшілік әскери билік тек билердің қолында болды.
«Ұлтқа жатпайтын» текті Шыңғыс ұрпақтарына қарағанда билер, былайша айтқанда, «Ұлттық» ақсүйектер, әлуметтік қарасүйек тобының бетке шығарлары саналды.
Ең ықпалды рубасылары хан жанындағы «билер кеңесіне» кірген.
ХVІІІ ғ. би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметтің маңыздылығы жағыныан Ресей, Хиуа, Жоңғария, Цинь империясында белгілі болған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Олар «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан:
Ел басына күн туғанда елді бірлікке, тірлікке шақырып – Ордабасы кездесуін өткізді.
- Ордабасы – Шымкенттен Қаратауға қарай-28 шақырымдай жер.
- Ордабасы - ел бірлігініңбастауы.
- Ордабасы – қазақ жасақтарының қаһармандық, ерлік шайқастарының бастауы.
- Ордабасы – қазақ халқының Ұлы Отан соғысының үлкен бір белесі.
Әбілқайыр – қазақ жасақтарының бас сардары.
Жоңғарларға қарсы азаттық күрес. Ұлы Отан соғысы.
1726ж. – Әбілқайыр бастаған қазақ қолы Сарысудың орта ағысында жоңғарларға алғашқы ірі тойтарыс ұйымдастырды.
«Қарасиыр» деген жерде қазақтар үлкен жеңіске жетіп ол жерде тарихи атау – «қалмақ қырылған» қалыптасты.
Қазақстанның солт.-батыс бөлігі азат етілді. Қауіп қатер әлі де жойылған жоқ.
1729 ж. Көктем-Балқаш көлінің оңтүстігінде Итішпес көлі маңында атақты «Аңырақай» шайқасы болды.
Аңырақай атауының шығу жолы.
Аңырақай – қалмақтардың аңырауы, боздауы.
Аңыра – жоңғар батыры есімі.
Аңырақ – тау арасынан ескен жел.
«Бұлантымен Аңырақайдағы жеңістер болмаса Қазақ ордасыосыдан бір ғасырдай бұрын құрып кеткен Ноғай ордасының кебін киері анық болатын. Алаш руының ғұмырын ұзартқан, оған ең қажетті кезінде тыныс берген аса елеулі оқиға болды.»
(М.Мағауин)
Аңырақай жеңісінен кейін Алты алаштың игі жақсылары жау шектеп, халық қалжырап тұрған қиын заманда теріс таңдау жасады.
«....Сөйтіп ең қажет кезінде ел басшысыз қалды.» (М.Мағауин)