Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кеңестік дәуірдегі халқымыз басынан кешірген оқиғаларды саралап,талдай отырып,оқушылардың тарихи оқиғаларға баға бере алу дағдысын дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық, ізденіс дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыру,еркін ойын айта білу мен сөйлеу мәдениетіне баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларға сол кездегі қазақ халқының басына төнген, ауыр қасіретен шығудың жолын іздеген, ел азаматтарының істерін үлгі ете отырып патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: қайталау, білімді жинақтау,қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, стикер,постер ,маркер,суреттер,БҮҮ,,
Пәнаралық байланыс: әдебиет,география,дүние жүзі
Сабақтың әдісі; топпен жұмыс,сұрақ-жауап,ой бөлісу
Сабақтың барысы;
I Ұйымдастыру
Сыныпты үш топқа бөлу
1 . «Қызығушылығын ояту»
Интерактивті тақтада бірнеше фотосуреттерді көрсете отырып сұрақтар қойылады.
2. «Миға шабуыл»
1. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру қай жылы ,қай съезде жарияланды?
2.Қазақ АКСР-інде ұжымдастыру ,жоспар бойынша қалай жүргізілуі тиіс еді?
3.Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін жергілікті белсенділерге қосымша қанша жұмысшы тартылды?
4.Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 ж. қандай декрет шығарды?
5. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағытында тағы қандай міндет қойылды?
22 3.Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау ( слайд жасап келу)
I топ Тұрар Рыскулов
II топ Репрессияға ұшыраған қазақ зиялылары
III топ 1930-жылдардағы Қазақстандағы лагерьлер
4.Постермен жұмыс. Дәлелде
І топ Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру .
ІІ топ Асырасілтеушілік зардаптары.
ІІІ топ Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.
5 «Ой шақыру сұрақтары»
«Сәйкестендіру кестесі» І топ
1 | 1928ж. | Республика қайраткерлерінің бір тобы Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков,Қ Қуанышев БК (б)П өлкелік комитетіне, тікелей Ф.Голощекинге ашықхат жазды. |
2 | 1929-1933ж | Қазақстандағы барлық қожалықтардың 2% ұжымдастырылған болатын. |
3 | 1932ж.ақпанында | Ұжымдастырудың көрсеткіші 50% болды. |
4 | 1932ж. шілдеде | Қазақстан жөніндегі БМСБ 9805 іс қарап,22933 адам жөнінде шешім қабылдаған. |
5 | 1930ж 1 сәуірінде | Шу аумағында 400 киіз үй «қала үлгісіндегі поселкі» болып тігілді |
ІІ топ « Уақыт сырын ашу»
1920-30 ж Декреттер,қаулылар
1 | 1920 ж. 26 –тамыз | |
2 | 1925 ж. Желтоқсанда | |
3 | 1927ж. ХV cъезі | |
4 | 1920ж. 4 қазан | |
5 | 1925ж. Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі | |
ІІІ топ « Кестеде жетіспейтін ақпараттарды толтыр»
1 | Орталық Комитет Қазақ АКСР-де ұжымдастыруды негізінен | |
2 | | кедейлерді ұрып соғу,оларды суық су құйып азаптау,қыс кезінде суық қамбарлар мен қоймаларға күзетпен қамап қою орын алды. |
3 | Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау Торғай уезінің ауылдарында | |
4 | Кулактарды жою науқаны ,берілген нұсқасы бойынша | |
5 | | Халықтың 40 % қырылды. |
6 | Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жылдары республика аумағында | |
Дұрыс жауаптары
5 «Ой шақыру сұрақтары»
І топ «Сәйкестендіру кестесі»
1 | 1928ж. | Қазақстандағы барлық қожалықтардың 2% ұжымдастырылған болатын. |
2 | 1929-1933ж | Қазақстан жөніндегі БМСБ 9805 іс қарап,22933 адам жөнінде шешім қабылдаған. |
3 | 1932ж.ақпанында | Шу аумағында 400 киіз үй «қала үлгісіндегі поселкі» болып тігілді |
4 | 1932ж. шілдеде | Республика қайраткерлерінің бір тобы Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков,Қ Қуанышев БК (б)П өлкелік комитетіне, тікелей Ф.Голощекинге ашықхат жазды. |
5 | 1930ж 1 сәуірінде | Ұжымдастырудың көрсеткіші 50% болды. |
ІІ топ « Уақыт сырын ашу»
1920-30 ж Декреттер,қаулылар
1 | 1920 ж. 26 –тамыз | Қаз.АКСР құру туралы Декрет шығарды |
2 | 1925 ж. желтоқсанда | «Социалистік индустрияландыру бағытын» БК (б)П ХV съезі жариялады |
3 | 1927ж. Компартияның XV съезі | Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. |
4 | 1920ж. 4 қазан | Орынборда (Қаз АКСР ) Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Съезде РКФСР құрамындағы ( Қаз АКСР-і) жарияланды. |
5 | 1925ж.Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі | «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады. |
ІІІ топ « Кестеде жетіспейтін ақпараттарды толтыр»
1 | Орталық Комитет Қазақ АКСР-де ұжымдастыруды негізінен | 1932 ж. көктеміне қарай аяқтауды белгіледі |
2 | Ақтөбе және Павлодар округінде | кедейлерді ұрып соғу,оларды суық су құйып азаптау,қыс кезінде суық қамбарлар мен қоймаларға күзетпен қамап қою орын алды. |
3 | Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау Торғай уезінің ауылдарында | «асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын» деген сайқымазақ ұранменжүзеге асырылды. |
4 | Кулактарды жою науқаны ,берілген нұсқасы бойынша | Жойылатын кулак қожалықтарының жалпы шаруашвлвқтар санындағы үлесі 3-5 % аспауға тиіс болатын. |
5 | 1930-32ж аштықтан түрлі індеттерден | Халықтың 40 % қырылды. |
6 | Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жылдары республика аумағында | 372 жаппай толқулар мен көтерілістер орын алды |
6. Сергіту сәті
(Интерактивті тақтада көрсетілген биді бәріміз бірге қайталаймыз)
7. «Мені таң қалдырған мәлімет»
(Әр топ тақырып бойынша алған өз әсерімен бөліседі)
8.« Қасиеттер категориясы » байынша талдау.
1920-1930 жылдардағы Қазақстан
Қасиеттер категориясы |
Объективтілік | субъективтілік | прогрессивтік |
І топ 1.объективтілік |
1 | Географиялық орны | |
2 | Климаттық белдеуі | |
3 | Жер бедері | |
ІІ топ 2. Субъективтілік |
4 | Мемлекеттік құрылымы | |
5 | Халық саны | |
6 | Ұлттық құрамы | |
7 | Тілі | |
8 | Діні | |
ІІІ топ 3.Прогрессивтілік |
9 | Республика егістігінде техника саны қаншаға көбейді | |
10 | 1933-37ж.қанша кеңшар(совхоз)құрылды | |
11 | Қызылорда мен Алматы облыстарында корейлерден тұратын қанша ұжымшар құрылды? | |
9.Қорытындылау
1.Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
2.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатының кемшіліктері мен салдары болды ма?
3.Бұл тақырыптан өздеріңе не түйдіңдер?
10.Үйге тапсырма :Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру тақырыбында шығарма жазу,іздену
Бағалау: