kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зарлыкова Ұлболсын Жұмабайқызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сартай батыр туралы мәлімет, ерлігі, Батыр бабаларымыздың тәуелсіздік күресі үшін бейнелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зарлыкова Ұлболсын Жұмабайқызы»



Сабақтың тақырыбы: Тарихи тұлға (сайыс)
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: оқушылардың ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайын, жоңғар басқыншыларына қарсы күресі жөніндегі білімдерін қорытындылап-жинақтау.
ә) тәрбиелік: батыр бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күресін бейнелеу арқылы, жас жеткіншіктерді, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: оқушылардың ой -өрісін, тарихи ойлау,
сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: қорытындылап-жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: Сайыс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (8 сыныптар).
І.Кіріспе (сабақтың өтілу барысын, жарыстың шарттарын, тапсырмаларын түсіндіру).
Тақтаға ортақ бағалау парағы сызылады:
Топтар «Білімді оқушы» «Тарихи сипаттама» «Тарихқа саяхат» «Алғырлықты байқау» Қорытынды ұпайлар
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Ұпайлар саны

Бүгінгі сабағымыздың эпиграфын «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» деп бастағым келеді.
Қазақ елінің жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі жөнінде өткен сабақтарда да аз айтылған жоқ. Бүгінгі сабақты бастамас бұрын, сендерге, Аңырақай шайқасына байланысты, мынандай оқиға айтып бергім келеді.

Аңырақай шайқасында 98 жастағы қарт әкесі Байжан биден бата алып, үлкендерден қалыспай 12-16 жас аралығындағы ер балаларды жиып, 1000 баладан топ құрған 15 жасар Сартайдың ерлігі тарихта аңыз болып жыр-дастанға айналды.
Жоңғардың отты зеңбіректеріне қарсы найзағайдай жарқылдап жол салған 1000 баланың ерлігі, кеудесін оққа тосқан 12 мен 16 жас аралығындағы 500 жеткіншектің елі мен жері үшін мерт болғаны ұрпақтан-ұрпаққа жетті.

Сартай батырдың ерлігін дастан етіп жазған ақын Нұрмағамбет Қосжанұлы (1897-1937 ж.ж.) осы дастанды жазғаны үшін «халық жауы» атанып өмірмен қоштасты. Ақын осы дастан арқылы қазақ халқының отаншылдығын, батырлығы мен батылдығын шебер суреттеп берді.
Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Жоғарыда айтылған «Сартай батыр» туралы аңыз сендерге рух, жігер берсін!
ІІ. Сынып үш топқа бөлінеді. Жеңген топ мүшелері «Сартай батыр» атағына ие болады.
І «Білімді оқушы» сайысы (әр топқа 7 сұрақтың беріледі, дайындыққа 3 минут уақыт)

І топқа:
1. «Ақтабан шұбырынды» жылдары қай жылы басталды?
2. 1710 жылы болған ірі оқиға қандай және қай жерде болды?
3. Жоңғар хандығы қай жылы құрылды?
4. Торғауыттар деген кімдер?
5. 1643 жылы әскер тарихында сирек кездесетін қандай шайқас болды?
6. Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы қай ғасырда басталды?
7. Жоңғар билеушілері бұл соғыста қандай мақсат көздеді?

ІІ топқа:
1. Шона Доба деген кім?
2. Ордабасы тауының қасында жиналған үш жүздің өкілдері қазақ жасақтарының бас қолбасшысы ретінде кімді сайлады?
3. Мұқағали Мақатаев қай қазақтың батырына арналған дастан жазды?
4. Қазақтар қай жылдары жоңғарлардан басым түсіп, оларды күйрете талқандап жеңіске жетті?
5. Қай хан өзін қазақ пен қалмақтың ханы санаған?
6. Қазақтар жоңғарлармен күресті жүргізу үшін қандай мемлекетпен одақ құрғысы келді?
7. Аңырақай шайқасынан кейін Қазақстанның қандай жерлері азат етілді?

ІІІ топқа:
1. Ойраттар деген кімдер?
2. 1723 жылы жоңғарлардың қанша әскері қазақ жеріне басып кірді?
3. 1724-1725 ж.ж. жоңғарлар қай қалаларды басып алды?
4. Жоңғар шапқыншылығы кезінде халық арасында қандай ән шықты?
5. Не себептен қазақ жасақтары Аягөз маңында жоңғарлардан жеңіліп қалды?
6. 1718 жылы Арыс өзені бойындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?
7. Алғашқы кездегі шайқастарда жоңғарлардың қазақтардан басым болуы неліктен деп ойлайсыңдар?
ІІ. «Тарихи сипаттама» сайысы (әр топқа шығармашылық тапсырма беріледі).

ІІ топқа:
Аңырақай шайқасы туралы тарихшы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар, пікірлер бар:
1. «Соңғы жылдардағы ізденістер негізінде осы бір қоныстың қазақтың атақты батыры Бөлекпен жекпе-жекте жер жастанған ойраттың Аңыра атты батырының есімімен байланыстылығы айқындалды».
2. «Жаудың сағы сынып, тағы тайып, жеңілгені сонша, ұрыс даласын аңырап басына көтерген. Қапшағай тауын жарып, ен далаға құлап аққан сарқырама Аңырақай ағысы деп аталады; Хан тауы мен Аңырақай тауы арасында созылып жатқан жазықта күзде, қыста аңырақ өкпек жел де соғады».
Жоғарыда айтылған екі көзқарастың қайсысына қосыласыңдар?
Неліктен?
Ойларыңызды нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіздер.

ІІ топқа:
Ш.Уәлиханов «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын айта келіп, ХVІІІ ғасырдың алғашқы 25 жылы «Қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт болды. Жоңғарлар, Волга бойының қалмақтары тұс-тұстан қазақтардың ұлыстарын қырғынға ұшыратты, малдарын айдап әкетті. Қазақтарды бүкіл үйелмендерімен тұтқындап алды» - деп жазды. Осы айтылған сөздерден қандай қорытынды жасауға болады? Ойларыңды нақты мысалдар арқылы дәлелдеңдер.
ІІІ топқа:
Өздеріңізді бір сәт 1729 жылы Балқаш көлінің маңында деп сезініңіздер. Қандай тарихи оқиғаның куәгері болар едіңіздер? Ол қандай оқиға, оның қандай маңызы болды?

ІІІ. «Тарихқа саяхат» сайысы (терезеден 10, 15, 20, 30-балдық сұрақтарды таңдап, жауап беру керек).
«Тарихи қайраткерлер» номинациясы:
10 ұпай – 1771-1781 жылдары Қазақ хандығын қай хан биледі?
1. Тарихи қайраткерлер 10 15 20 30
2. Шайқастар 10 20 15 30
3. Тарих 10 30 20 15

15 ұпай – «Дарабоз», «Хан батыры» деп кімді атады?
20 ұпай – «Елім-Албан, жерім –Қарқара, жайлауым - Асы» деген сөзді қай батыр қалдырды?
30 ұпай – «Қарсы алып қалмақ тасырды, ала ат мінген – алапатын асырды» - деген сөз кім туралы айтылды?

«Шайқастар» номинациясы:
10 ұпай – 1718 жылы Қазақ жерінде қандай шайқастар болды?
15 ұпай – 1728 жылы қандай шайқас болды және қалай аталды?
20 ұпай – 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасында шайқас болды, осы жер бұрын қалай аталды?
30 ұпай – 1730 жылы қандай шайқас болды, ол шайқастың тарихи маңызы неде?

«Тарих» номинациясы:
10 ұпай – Қазақ халқының Жоңғарларға қарсы азаттық күресіне байланысты есімдерді тап: Үгедей, Наурызбай, Ақсақ Темір, Абылай, Төле би, Жәнібек, Бөгенбай.
15 ұпай – 1723 жылы ұйымдастырылған Жоңғар шапқыншылығы неге қазақтарға ауыр тиді?
20 ұпай – қай хан, қай жылы, бірінші болып Жоңғарларға қарсы күреске Ресейден көмек сұрады?
30 ұпай – 1710 жылы Қарақұмда бүкіл қазақтың құрылтайы өтті. Құрылтайға қатысушылардың бір тобы Жоңғарларға бағынуды жөн көрді. Сол кезде ерлігімен әйгілі болған ру басы мұндай әрекеттің бәріне тыйым салды. Ол кім?

«Алғырлықты байқау» номинациясы:
1. Қай жылы Әбілқайыр хан Ресейден көмек сұрады?
2. «Ақтабан шұбырынды» жылдары жөнінде қазақтың қай ғалымы жазды?
3. Бөгенбай батыр қолбасшылықтан басқа қандай іспен айналысты?
4. Қабанбай батыр, елдің айтуына қарағанда, неше ұрысқа қатысты?
5. Шапырашты Наурызбай батыр халық арасында қандай ерліктерімен есінде қалды?
6. Төле би қай жерде жерленген?
7. Үш би туралы қазақтың қандай жазушысы роман жазды?
8. Тәуке хан қай жылы қайтыс болды?
9. Үш бидің қайсысы Жоңғар қонтайшысына барып қазақтарды сипаттап берді?
10. Райымбек батыр туралы роман жазған кім?
11. 1723 жылы жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруіне қандай саяси оқиға түрткі болды?
12. Қай жылы Тәуке хан Ресейден соғыс көмегін сұрады?
13. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қаза болған, Алматыда жерленген батырлардың бірі?
14. 1643 жылы Жоңғарлармен шайқаста қазақ әскерін қай хан басқарды?
15. «Ақтабан шұбырынды» жылдарын ата?
16. Қазақтың үш жүздің біріккен әскери күшін басқарған қолбасшы кім?
17. Жоңғарларға қарсы күресу үшін үш жүздің біріккен әскер жасақтарын құру туралы бірінші құрылтай қай жылы шақырылды?

ІІІ. Қорытындылау (әр топтың ұпайларын санап, жеңіп шыққан топты анықтау, жеңген топқа «Сартай батыр» атағын құрметпен беру).

ІV. Оқушыларды бағалау




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Зарлыкова Ұлболсын Жұмабайқызы

Автор: Зарлыкова Ұлболсын Жұмабайқызы

Дата: 18.01.2020

Номер свидетельства: 536263


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства