О?ушылар?а 18 ?асырда?ы Кіші ж?зде ?алыптас?ан жа?дайды т?сіндіру, ?скери-?ор?анысты? бекіністерді? салына бастауы ж?нінде ??гімелей отырып,Реейді? ?аза?станда?ы отаршылды? саясатын ашып к?рсету,о?ушыларды? назарын ?аза?-баш??рт ?арым- ?атынастарына аудару.Орта ж?зді? шекара аудандарында жер дауыны? одан ?рі шиеленісуі.1749ж Н?ралыны Кіші ж?з ханы етіп бекітті.?аза?-баш??рт шиеліністері мен ?аза?-баш??рт ?атынастары туралы т?сінік беру.Патша ?кіметіні? шекара аудандарында?ы ?скери бекіністер т?р?ызу.1755ж патша ?кіметіні? Орта ж?з ?аза?тарына Ертістен ?туге тиым салды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«XVІІІ ?асырды? ортасында?ы ?аза? ханды?ы »
Пәні.Қазақстан тарихы.
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 18 ғасырдағы Кіші жүзде қалыптасқан жағдайды түсіндіру, әскери-қорғаныстық бекіністердің салына бастауы жөнінде әңгімелей отырып,Реейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету,оқушылардың назарын қазақ-башқұрт қарым- қатынастарына аудару.
Дамытушылық: Жүйелі ойлау мен талдай білу, оқушының жан-жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Тәрбиелік: Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, тарихи оқиғаларды объективті жағынан қарауға тәрбиелеу, Отанымыздың тарихын қастерлеп,бағалай білуге, имандылыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс, іздену, ой қозғау
Сабақ кезеңдері: I. Ұйымдастыру кезеңі IІ. Жаңа сабақты меңгерту ІІІ. Сабақты түсіну және қабылдау ІV. Алған білімді қорыту және жүйелендіру V. Үй тапсырмасын беру VI. Бағалау
VIІ.Қорытынды ой. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды топқа бөлу.Оқушылар өздері таңдап алынған геометриялық фигуралар бойынша бөлінеді. Әр фигураларға оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында, жақсы лебізді сөздер
( әдемі,тамаша,талапты,керемет т.б.) жазылады.
Ұшбұрыш
Төртбұрыш
Дөңгелек
Оқушыларға «Қазақ елі» деректі фильмінен үзінді көрсетіледі.Жаңа сабақ бойынша негізгі түсінік қалыптасады
Миға шабуыл:
Оқушылар 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау жылы деп Елбасымыздың жолдауында белгіленді.
Сондықтан биылғы жылы қандай атаулы оқиғаларды атап өтеміз?
ІІ.Жаңа сабақ: ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы қазақ хандығы
2.Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері.
3. Қазақ- башқұрт шиеленісі және оның салдары.
4.Шекара аймақтарында әскери –бекініс шептерінің салынуы.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. «Дайындал...Назар сал»
Жаңа сабақты кесте арқылы Әбілқайырдың өлімінен кейінгі Кіші жүздегі жағдайды түсіндіру:
Экономикалық жағдайы
Саяси жағдайы
10 шілде, 1749ж. Ресей үкіметі ресми түрде Нұралыны Кіші жүз ханы етіп бекітті. Оған жылына 600 сом жалақы тағайындалды. (Бірақ Кіші жүз тәуелсіз екі бөлікке бөлінді. Солтүстік-батыс бөлігін Нұралы, ал оңтүстік-шығысын Батыр биледі.)
Қазақ-башқұрт жанжалдары;
Жоңғарлардың Қазақстан аумағына әскери жорығы
Орта жүздің шекара аудандарында жер дауының онан әрі шиеленісуі. (Патша үкіметі қазақ жерін ашық басып ала бастады:
А) шекара аудандарында әскери бекіністер тұрғызу;
Ә) 1755 ж. патша үкіметі Орта жүз қазақтарына Ертістен өтуге тыйым салды;
Б) 1765 ж. Он шақырымдық белдеу межеленді. межеленді
ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Қазақстан
Ой-қозғау: Картадан Башқұртстанның қайда орналасқанын көрсетіңдер?
Осыдан кейін е-history сайтынан онлайн режимінде башқұрттар мен қазақтардың байланыстары туралы бейне фильм көрсету.
І Топпен жұмыс
«Топтас, ойлан, бөліс» . (постер қорғау)
І топ Кіші жүздегі қарама-қайшылықтардың шиеленісе түсуі. (құжаттарды пайдалану. 8 сынып хрестоматия)
Кіші жүз
Солтүстік – батыста Нұралы Оңтүстік-шығыста Батыр
ІІ топ Қазақ-башқұрт шиеліністері
Ұлт-азаттық қозғалыс басшысы
Себебі
Сипаты
Барысы
Тарихи маңызы
Қарасақал
Батырша
ІІІ топ Қазақ-башқұрт қатынастарындағы Ресей ұстанымы (құжаттарды пайдалану 8 сынып хрестоматия)
И.И. Неплюев, А. Тевкелев Оқушылар алдына Неплюев пен Тевкелев туралы деректер беріледі. И .Неплюев пен А.Тевкелевтің қазақ-башқұрт қатынастары кезінде ұстанған саясаты туралы ойларын білдіру
ІІ тапсырма «Домино» ойыны. пазл құру
Оқушыларға геометриялық фигуралар үлестіріледі.. Ұшбұрыш тобына үшбұрышты.Төртбұрышты тобына төртбұрышты,Дөңгелек тобына дөңгелек пазлдар үлестіріледі.
ХІХ ғасырда өмір сүрген зерттеушілердің қазақ-башқұрт арасындағы
қатынастар туралы жазған пікірлерін дәл тауып,сәйкестендіру керек.
Қантөгіс азайғанымен екі туысқан халықтың арасындағы қастандық осы уақытқа дейін сақталып келеді
А.И.Левшин
А.И.Левшин
«...Қорған,Есіл және Тукала округтерінде шаруалар қырғыздармен (қазақтармен) күрес жүргізді.Осы ең соңғы кезге дейін дерлік олар өздерінің қожайын ретіндегі құқығын қорғап қалуға тырысты
Н.Петропавловский
Н.Петропавловский
«.... башқұрттар мен қырғыздардың (қазақтар) арасындағы алауыздықтың Неплюев сепкен ұрығының неғұрлым құнарлы топыраққа түскені сонша ,оның башқұрттар мен қырғыздардың (қазақтар) арасын алшақтау үшін жасалған іс-әрекеті өзі күткендегіденде күшті нәтиже берді....»
В.Н.Витевский
В.Н.Витевский
ІҮ Картамен жұмыс:
Картадан 18ғ 40-50 ж.ж салынған бекіністерді көрсету.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі. Тарихи сынақ хат.Бос тор көздерді интерактивті қаламның көмегімен толтыру.
Әскери бекіністер атауы
Ұзындығы
Алып жатқан аумағы
Горькая шебі
«Ащы шеп»
553 верста
Ертіс шебі
Омбы бекінісінен Ертістің оң жағасын қамтыды
723 верста
Өскемен бекінісінен басталып,Алтай тауларының батысын жағалай,Кузнецк шебімен жалғасты.
Ой шебі
540 верста
Жаңаесіл шекара шебі
Үй шебін Ертіс шебімен жалғастырады.
Пресногорковск шебі
Звериноголовск
редутынан Омбыға
дейін
1верста 1,0668 шақырымға тең
IV.Математикалық ойын.Есептерді шығарған кезде шыққан сандар қандай жыл және сол жылы қандай оқиға болғанын табу.
І топ (585+652)+518=1755 Батырша бастаған патшаның отаршылдық саясатына қарсы көтеріліс болған жыл.
ІІ топ (324+29)*5=1765 Ертістің далалық бетінде ені 10 шақырым келетін алқапқа қазақтарды жолатпауға бұйрық берген жыл
ІІІ топ (32*47)+252=1756 Жайық жағасына қазақтардың мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды
Сергіту сәті: Қазақтар мен башқұртардың арасындағы ұлттық ойындардың ұқсастықтары туралы айтып, асық ойынын ойнау.
V Венн диаграммасы.Қазақтар мен башқұрттардың мәдениеті арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазу.
Сабақты бекіту. « Футбол ойыны.»
Оқушыларға доптар таратылады.Дұрыс жауап берген кезде доп қапқаға кіреді.Сөйтіп барлық доп қапқаға жиналуы тиіс.
1.Кіші жүздің ішіндегі қарама –қайшылықтардың шиеленісе түсуіне не себеп болды?
2.Қазақтар мен башқұрттар арасындағы қарым-қатынас қалай қалыптасты?
3.Жаңа есіл шекара шебін салу үрдісі қалай жүрді?
4.Орта жүзде жер мәселесінің шиеленісуі неліктен болды?
5.Ертіс бойы қазақтарының Ертіс өзенінің оң жақ бетіне көшіп-қонып жүруіне қай жылы рұқсат берілді?
Қорытынды ой. Мен сабағымды Елбасымыздың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауымен қорытындылаймын:
«Мәңгілік Ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр.Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.»
VII Бағалау критерийлері
Нақты шешімге келіп, өздерін бағалайды
Тапсырма
Топтас, ойлан, бөліс
5 ұпай
“Доминоой
ыны
3ұпай
Картамен жұм
ыс
2ұпай
“Ойтол
ғаныс
Кезеңі”
3 ұпай
Математика
лық ойын
3ұпай
Венн
диаграммасы
3ұпай
Футбол ойыны
2 ұпай
Оқушының
аты-жөні
Бағалау шкаласы
16-18 ұпай - «5»
12-17 ұпай- «4»
5-11 ұпай – «3»
Рефлексия.Адам үлкен кемедей теңіз атты өмірден жүзіп барады. Кеме қандай іспен толады екен? Алдарыңда «Эмоционалды аралдар». Сабақтан қандай көңіл-күйлеріңмен қайтып барасыңдар? (Кемелер таратылады)
Үй тапсырмасы: §6 Оқулықтағы тақырып пен Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалдарға сүйене отырып және картаны пайдалану арқылы патша үкіметінің Қазақстандағы жер саясатының отаршылдық мәні туралы сипаттама беру.
Жалпы білім беретін №32 орта мектеп
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: XVIII ғасырдың ортасындағы қазақ хандығы