kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

XVIII ?асырды? бірінші ширегіндегі ?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?ы жа?дайы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

XVIII ?асырды? бас кезіндегі ?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?а саяси жа?дайы ж?нінде жалпы т?сінік беру,

осы кезе?дегі Ресей мен ?аза? ханды?ы м?дделеріні? жа?ындасу себептерін т?сіндіру;

-     ??жаттарда?ы деректермен ж?мыс істей отырып, е? бастысы неге назар аударуды аны?тау, деректерді салыстыра отырып ?орытынды жасау;

?з хал?ынны? тарихына ??рметпен карау?а т?рбиелеу.

Негізгі ??ымдар: дипломатиялы? миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатыны? ?скери-отаршылды? сарыны, ойрат баскыншыларына ?арсы каза? хал?ыны? азатты?  к?ресі, отар, империя, сепаратизм, ??рылтай.

?й тапсырмасын ?айталау: ?й тапсырмасын с?рау кезінде практикалы? ж?мыс ретінде картамен ж?мыс ж?ргізуге ж?не терминдер бойынша диктант алу?а болады (?аза?тарды? саны мен орналас?ан жерлері, ж?здерді? аума?ы, т.б.).

Жа?а та?ырыпты о?ытуды? ?лгі жоспары:

1. XVIII ?асырды? бас кезіндегі Т?уке ханны? ішкі ж?не сырт?ы саясаты.

2. ?аза? ханды?ыны? ыдырай бастауы.

3. ?аза?стан аума?ына сырт?ы ?ауіпті? к?шеюі ж?не жо??ар шап?ыншылы?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«XVIII ?асырды? бірінші ширегіндегі ?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?ы жа?дайы.»

§2. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Сабақтың мақсаты:

- XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқа саяси жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру,

осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;

- Құжаттардағы деректермен жұмыс істей отырып, ең бастысы неге назар аударуды анықтау, деректерді салыстыра отырып қорытынды жасау;

Өз халқынның тарихына құрметпен карауға тәрбиелеу.

Негізгі ұғымдар: дипломатиялық миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатының әскери-отаршылдық сарыны, ойрат баскыншыларына қарсы казақ халқының азаттық күресі, отар, империя, сепаратизм, құрылтай.

Үй тапсырмасын қайталау: үй тапсырмасын сұрау кезінде практикалық жұмыс ретінде картамен жұмыс жүргізуге және терминдер бойынша диктант алуға болады (қазақтардың саны мен орналасқан жерлері, жүздердің аумағы, т.б.).

Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:

1. XVIII ғасырдың бас кезіндегі Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты.

2. Қазақ хандығының ыдырай бастауы.

3. Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі және жоңғар шапқыншылығы.

4. Қазақтардың жауға тойтарыс беру әрекеттері.

5. Қазақтардың қару-жарағы мен әскери дәстүрлері. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру үшін осы

тақырыпқа байланысты 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсы бойынша өткен тақырыптарынан сұрақтар қойып, естеріне түсірген жөн, бұл материалдардың жаңа тақырыпты түсіндіруге тікелей қатысы бар:

1. 1680-1715 жылдары Қазақ хандығын кім биледі?

2.Тәуке хан шығарған «Жеті жарғы» заңдар жинағының қандай тарихи маңызы бар?

3.Жоңғар хандығы қашан кұрылды? Жоңғар билеушілерінен кімдерді атай аласыңдар?

4. XVII ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарының кандай ерекшеліктері болды?

Осыдан кейін оқушылардың жауаптарын тыңдаған мұғалім балаларға XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдағы

Ресейдің қазақ жеріне баса назар аудара бастағанын әңгімелейді. Ол, біріншіден, Ресейдің саяси және сауда әлеуметтік-экономикалық дамуынан, екіншіден орыс мемлекетінің Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және дипломатиялық байланыс орнатуынан көрінді. Мұғалім сабақты түсіндіре отырып, оқушылардың көз қаперін арттыру үшін төмендегідей хронологиялық кесте толтыруына болады.



№1 тапсырма:

Осы оқиғаларға сүйене отырып, Ресей Қазақ хандығына катысты саясат жүргізгенде алдына қандай мақсат көздегенін анықтаңдар.

Осыдан соң Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын, сондайақ Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоғарғы билік үшін әр жүздің билеушілері арасындағы таласты оқушылардың есіне сала отырып, келесі тапсырманы беру керек.

№2 тапсырма:

- Қазақстан тарихы хрестоматиясынан Тәуке ханның билігі кезіндегі материалдарды пайдалана отырып, Тәукенің жеке басына мінездеме беру. (Бүл тапсырма бүрынғы алған білімді жаңа сабақ аркылы толықтыруға көмектеседі. Осыдан кейін окушылардың жауаптары бойынша кесте толтыра отырып, XVIII ғасырдың 1-ширегіндегі Қазақ хандығының қызметін көрсету.

Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі мен жоңгғар шапқыншылығы төмендегі жағдайларға байланысты болды: Тәуке ханның қайтыс болуы, хандық ішіндегі саяси бытыраңқылық, Қазақ хандығына көрші мемлекеттердің басып кіруі, бір орталыққа бағынған Жоңғария мемлекетінің құрылуы және оның бұрыннан көз алартып жүрген қазақ жеріне негізгі күштерін жіберуге мүмкіндіктің пайда болуы, т.с.с. Жоңғарияға тойтарыс беру әрекеттері жөнінде айтар алдында мұғалім оқушыларға келесі сүрақтарды қойғаны жөн: қарсы тұру козғалысы қалай ұйымдасты, осы кездегі қазақ сұлтандарының іс-әрекеттері, жауға тойтарыс беру идеясына батырлар мен халықтың көзқарасы. Қазақ-тардың қару-жарақтары мен әскери салт-дәстүрлер туралы айта отырып, қосымша «Қолданбалы өнер үлгілері», «XVIII ғ. қазақтардың қару-жарағы», т.б. еңбектерді пайдаланған дұрыс.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін қойылатын сұрақ үлгілері:

1. XVIII ғасырда Ресейдің Қазақстанға қызығушылығының күшеюіне не себеп болды?

2. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі жағдайын қалай бейнелеуге болады?

3. XVIII ғасырдың 1-ширегіндегі Қазақ хандығы төңірегіндегі сыртқы хал-ахуал өте күрделі болды, осыған мысал келтір.

(Құжаттармен жұмыс, 19-бет.)

Үйге тапсырма:

  1. Картамен жұмыс Ресейдің Қазақстан жерімен шектесетін аумақтарда салған әскери тірек бекеттерін картаға түсіріңдер.

2. Осы кезеңде қазақ хандары ішінен кімді жетекші болды деп есептеуге болады, себебін көрсетіңдер.

3.1635 ж., 1710 ж., 1715 ж. - Қазақ хандығы тарихындағы қандай оқиғаларға байланысты даталар.

§3. Сабақты бекіту:

1. Жоңғарияның көрші мемлекеттерді басып алу саясатын жүргізуінін, негізгі себептерін айтыңдар.

2. Қазақтардын, жеңілу себептері жөне қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы.

3. Қазақ-жоңғар соғысы кезінде көзге түскен қазақ хандары, сұлтандары, билері мен батырлары жөнінде жазылған қандай әдеби шығармаларды білесіңдер? Отанға адалдық пен патриоттык, жөнінде, ержүректік пен қаһар-мандық, сертке адалдык. туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіндер?

Үйге тапсырма:

  1. Тақырыптыоқып,мына кестені толтырыңдар:«Жоңғар шапқыншылығына қарсы халықтың азаттық күресін ұйымдастыру».


2. Картадан Қазақстан аумағына жоңгарлар шапқыншылығының негізгі бағытын және шайқас болған жерлер мен уақытын белгілеңдер.

3. Халық, күресін ұйымдастырған билер мен батырлардың өмірбаяндары жөнінде мәліметтер жинаңдар (сөз жұмбақ құрастыруға болады).



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
XVIII ?асырды? бірінші ширегіндегі ?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?ы жа?дайы.

Автор: Танатарова Салтанат Асильбековна

Дата: 13.12.2015

Номер свидетельства: 265536


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства