Саба? тарих п?ні м??алімдеріне ашы? саба? ретінде немесе к?нделікті саба? жоспарын ??р?ан кезде к?мекші ??рал болып табылады. Саба?ты? ма?саты о?ушылар?а жалпы тарих туралы т?сінік ?алыптастыру.
XVII-XVIII ?асырларда?ы Италия тарихын т?сіндіру, Италия жері ?шін бол?ан со?ыстар?а то?тала отырып, Италияны бір орталы??а біріктіру жолында?ы к?ресті баяндау;
Жа?а саба?ты т?сіндіре отырып, м?тінмен ж?мыс жасау ар?ылы о?ушыларды? есте са?тау ?абілеттерін дамыту;
?зге елді? тарихын ??рметтеуге, Отан тарихын ?адірлеуге т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«XVII-XVIII ?асырларда?ы Италия»
Сабақтың тақырыбы: XVII-XVIII ғасырлардағы Италия
Сабақтың мақсаты:
XVII-XVIII ғасырлардағы Италия тарихын түсіндіру, Италия жері үшін болған соғыстарға тоқтала отырып, Италияны бір орталыққа біріктіру жолындағы күресті баяндау;
Жаңа сабақты түсіндіре отырып, мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Өзге елдің тарихын құрметтеуге, Отан тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интерактивті
Әдісі: баяндау, сұрау, тапсырмалар беру
Көрнекілігі: слайд,карта,Новая история, часть 1
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу;
Сыныпты топқа бөлу;
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ауызша сұрау
Реферат қорғау
ІІІ. Жаңа сабақ
Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс (7минут)
Елдегі саяси бытыраңқылық, сауда жолдарының Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысуы XVI ғасырда өнеркәсіп пен сауданың құлдырауына алып келді. Елдің бытыраңқылығын пайдаланған Франция мен Испания Италия жері үшін өзара соғыстар жүргізді (1494 – 1559). Нәтижесінде Сицилияны, Сардинияны, Милан герцогтығын, Оңтүстік Италиядағы мемлекеттерді (Венеция, Папа облысы, Совоя герцогтығынан басқаларын) Испания басып алды. XVIII ғасырдың II жартысынан бастап елде қайтадан экономикалық өрлеу басталып, ғасыр аяғында Италияны бір орталыққа біріктіру жолында күрес басталды.
XVI-XVIII ғасырларда Италия экономика жағынан құлдырап, өнеркәсіп орындары тек Солтүстік Италияда ғана қалды. Иезуиттер ордені құрылып (1534), инквизиция қалпына келтірілді (1542). Озық ойлы адамдар қуғынға ұшырады (Джордано Бруно, Джордано Ванини отқа өртелді, П.Кампанелла, Г.Галилей, т.б. инквизиция сотымен сотталды). Испан тағының мұрагерлігі үшін болған соғыстар (1701 – 14) Италия жерімен өтіп, халық мүлдем қайыршылыққа ұшырады.1714 жылы Италиядағы испан иелігі толығымен Австрияға өтіп,1734 жылы Австрия Сицилия мен Неаполитан корольдігін қайтадан испандарға берді.1720 жылы Савоя герцогтығы Австриядан Сардинияны алып, Сардиния корольдігі құрылды (1720 – 1861).
Тапсырма №1
Тарихи диктант
Ел ішіндегі бытыраңқылықты пайдаланып қалуға тырысқан ... мен ... 1494-1559жж Италия жері үшін өзара соғыстар жүргізді (Испания мен Франция).
Нәтижесінде Сицилияны, Сардинияны, Милан герцогтығын, Оңтүстік Италиядағы мемлекеттерді ... басып алды (Испания).
1534 жылы ... құрылып, 1542 жылы инквизиция қалпына келтірілді (Иезуиттер ордені).
Тапсырма №2
Хронологияны жалғастыр ...
1594-1559 жылдары ...
1534 жылы ...
1542 жылы ...
1701-1714 жылдары ...
1734 жылы ...
1720 жылы ...
1720-1861 жылдары ...
ІV. Сабақты бекіту.
«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» тақырыбында эссе жазғызу арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма: Тақырып бойынша тест сұрақтарын құрып келу. 2 оқушыға реферат жазып келуді тапсыру.