Сабақтың тақырыбы | XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиеті. Ақындар мен жыраулар |
Сілтеме | Қазақстан тарихы оқулығы, Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, Е.Қалиева, Т. Далаева Блум таксономиясы |
Жалпы мақсаты | - XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиеті туралы білімдерін молайту. - Қазақ ауыз әдебиетінің дамуына қандай тарихы оқиғалар әсер еткенін көрсете отырып танымдық қызығушылық қабілеттерін дамыту. - оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушыларды ынтымақтастықта, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру. |
Күтілетін нәтижелер | - оқушылар сыни тұрғыда ойлана алады. - оқушылар алған білімін тиянақтауға, пысықтауға, өздіктерінен жұмыс жасай білуге үйренеді. - достық, ынтымақтастық, топпен жұмыс жасауға дағдыланады. |
Сабақтың әдіс-тәсілдері | Сыни тұрғыда ойлау стратегиялары: - жеке, жұппен, топпен жұмыс - ой қозғау - алынған ақпарат негізінде постер жасау - «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс-тәсілдері |
Керекті жабдықтар | Интербелсенді тақта,слайдтар, суреттер, маркер, стикер, қағаздар т.б. |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Модульдер көрінісі |
Топқа бөлу.Сергіту сәті | 2 минут | Түстер арқылы топқа бөлу | Қызыл, көк, сары түстерді таңдау | АКТ |
Үй тапсырмасын тексеру | 3 минут | Халық ауыз әдебиеті: 1. Халық ауыз дегеніміз не? 2. Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы қандай кезеңдерге бөлінеді? 3. М.Әуезов «жырау» деген сөзді қалай түсіндіреді | Оқушылар мұғалімнің және сыныптастарының қойған сұрақтарына жауап береді. | ДО |
Білу Түсіну | 15 минут | Жаңа тақырыпқа бағыттау Ой шақыру 1. Видеоролик Қазтуғанның «Еділ» атты жыры 1) Видеороликте кімнің, қандай жыры орындалады? 2) Қазтуған бұл жырды қандай оқиғаға байланысты шығарды? 3) Жырда қазақ халқының өмірі қалай суреттеледі? 4) Осыған ұқсас қандай жыраулар мен олардың шығармаларын білесіңдер? Бейнежазба « Бұқар жырау 10 тілек» Тақырыпты оқулықтан оқу | Тақырып бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін еске түсіреді. Мәлімет негізінде ой толғанысын жасап, талқыға салады. Жеке, топта тақырыпты түсініп оқиды, өз сөздерімен әңгімелейді. | АКТ СТО АКТ ДО |
Қолдану | 8 минут | Әр топқа қазақ ақын -жыраулары туралы постер жасауға тапсырма беру 1- қызыл тобы - Қорқыт - Асан қайғы - Қазтуған жырау 2- көктер тобы - Сыпыра жырау - Шалкиіз жырау 3- сарылар тобы - Доспамбет жырау - Бұқар жырау | Оқушылар меңгерген жаңа мағлұматтары бойынша ойланып, талқылап, постер жасауға қолданады. | СТО ДО КБ |
Талдау (анализ) | 5 минут | «Венн диаграммасы»: 1-топ: Бұқар-Қазтуған 2-топ: Шалкиіз-Доспамбет 3-топ: Сыпыра-Бұқар | Оқушылар ұқсастығы мен айырмаларын табады, талдайды. | СТО ДО |
Жинақтау (синтез) | 7 минут | Сөзжұмбақ: « Жырау » | 1. XVII ғ. өмір сүрген жырау (Жиембет) 2. Белгілі Мұрын жырау өзін оның мұрагері санаған (Сыпыра) 3. Абылай ханның бас кеңесшісі болған (Бұқар) 4. 1490 ж. Ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болған, қазақ жыраулық поэзиясының атасы 5. XV ғ. орта шенінде жаңа құрылған қазақ хандығына қоныс аударып, «Еділ жырын жазған» | СТО |
Бағалау Кері байланыс | 5 минут | «Екі жұлдыз, бір тілек» Сабақтан қандай әсер алдың? Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар? Тақырып бойынша тағы не білгілерің келеді? | Өз−өзін және сыныптасын бағалау Стикерге жазып ,тақтаға ілу. | ОүБ ОБ |